Мемлекеттік гранттар мемлекеттік орган арқылы өңірлік үйлестірушілер (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы) арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу конкурстарының нәтижелері бойынша беріледі. Гранттар мемлекеттік қолдау мен бизнесті дамыту бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында беріледі. Конкурсқа қатысушылар ретінде жаңа кәсіпкерлікті бастайтын, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады, олар өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынуы тиіс. Конкурс жылына кемінде екі рет өткізіледі, егер бюджет қаражаты болса. Өтінімдер қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурс өткізу туралы хабарландыруды облыстық аймақтық баспа басылымында жариялайды. Бір кәсіпкерге арналған мемлекеттік гранттың мөлшері 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін болады.
Жиі қойылатын сұрақтар
БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуға байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) уақытылы хабарласуы қажет. Мұны зейнет жасына 10 күн қалғанда жасауға болады. Зейнетақы төлемдерінің барлық түрлері өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Бұл ретте өтініш берілген күн болып өтініштің және қажетті құжаттардың ХҚКО-да тіркелген күні есептеледі. Егер алушы зейнет жасына толғанға дейін ертерек жүгінген болса - зейнет жасына толған күн өтініш берілген күн болып есептеледі. Әсіресе, бюджеттен төлемдер алу үшін уақытылы жүгінген аса маңызды, себебі оны тағайындау үшін алушы ұсынған құжаттар негізінде еңбек өтілін тексеру қажет.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес, БЖЗҚ-дан бекітілген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемі БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар:
1) зейнет жасына толған (ерлер – 63 жас, әйелдер – 61 жас);
2) егер мерзімсіз болып белгіленсе, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар;
3) еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істеп, оның пайдасына жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгенін растайтын құжаты бар және осы зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатқан немесе денсаулыққа кері әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан, 55 жасқа толған азаматтарға (бұдан әрі - жиынтығында кемінде 84 күнтізбелік ай бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген 55 жасқа толғандар) беріледі.
Мақсатты әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады (төлем өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады), барлық отбасы мүшелері үшін, кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы табыс арасындағы айырмашылық ретінде (кедейлік шегі – 70% тұрмыс деңгейінің минимумынан, яғни 23 112 теңге);
Мақсатты әлеуметтік көмек алу құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтындар.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2025 жылдың 24 мамырынан бастап азаматтарды тіркеу және кезектен шығару функциясы «Отбасы Банк» АҚ құзыретіне электронды платформа: https://orken.otbasybank.kz/ берілді. Осы орайда ауданның ресми сайтында тұрғын үй кезегі бойынша мәтін жарияланбайды.