Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдері (мысалы: қант, нан, ұн, сүт, май және т.б.). Бұл тауарлар бойынша мемлекет тарапынан бағаға бақылау жүргізіледі және сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.
Егер азамат әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы негізсіз жоғары екенін байқаса, ол бұл факті бойынша дәлелдер жинай алады. Негізгі дәлелдерге фискалдық чек, фото және бейнематериалдар жатады. Жиналған материалдар өңір бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жолданады.
Аталған департамент түскен өтініш бойынша алдымен сауда нысаны иесіне алдын ала хабарлама жолдайды және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кейін қажет болған жағдайда тексеру ұйымдастырылады.
Ауыл шаруашылығы субъектісі ретінде тіркелу керек, өтінімді gosagro.kz арқылы белгіленген мерзімде беру қажет. Құжаттар: егіс алқаптары туралы мәлімет, сатып алу құжаттары (шот-фактура, келісімшарт). Қолданылатын өнімдер ҚР-да тіркелген болуы тиіс. Тексерістен кейін субсидия қаражаты есепшотқа аударылады.
Иә, мемлекеттік қызметші педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналыса алады, егер бұл негізгі қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе және мүдделер қақтығысын туындатпаса
Иә, жекелеген жағдайларда мемлекеттік қызметшілер үшін қызметтік қажеттілікке байланысты икемді немесе жылжымалы жұмыс режимі қолданылуы мүмкін. Бұл ретте заңнама талаптары, белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы және мемлекеттік органның ішкі тәртібі сақталуы тиіс.
Петиция — азаматтардың ортақ мәселе бойынша ұжымдық өтініші. Ол мемлекеттік органға беріледі және заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде қаралады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама – ғимараттардан тыс ашық кеңістікте орналастырылатын жарнама (баннерлер, билбордтар, маңдайшалар, жарық таблолары және басқа да жарнамалық конструкциялар). Оны орналастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлама беру немесе келісім алу қажет.
Қоғамдық кеңес — мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылау жүргізетін және ұсыныс беретін консультативтік орган. Мүшелікке конкурс арқылы қабылданады.
Сою пункті ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Объектіде мал соятын орын, сумен жабдықтау, тоңазытқыш құралдары, биологиялық қалдықтарды сақтайтын орын, дезинфекция жүргізу жағдайлары және ветеринариялық бақылау болуы міндетті. Талаптарды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
ҚР СТ 1912 мемлекеттік стандарты автомобиль жолдары мен көшелердің пайдалану жағдайына қойылатын талаптарды реттейді. Аталған стандарт жол жабынының сапасын, шұңқырлардың рұқсат етілген мөлшерін, жол белгілерін, жол таңбаларын, қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын және қозғалыс қауіпсіздігін айқындайды. Жол сапасына қатысты мәселелер бойынша азаматтар жергілікті әкімдікке, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне немесе e-Otinish порталы арқылы жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкер профилактикалық медициналық тексеруден (скринингтен) өту үшін жұмыстан уақытша босатылуға құқылы. Скрининг – аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін медициналық тексеру болып табылады және ол денсаулық сақтау жүйесі аясында, медициналық ұйымның шақыртуы немесе жұмыс берушінің жолдамасы негізінде өткізіледі.