Мұқыр ауылы Ертіс ауылдық округінің орталығы болып табылады. 1967-68 жылдарға дейін Түрксіб совхозы Қазақ темір жолы Түркістан-Сібір жолының № 1 қосалқы шаруашылығы болған. Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері Сібірдің өзіне дейін жеткізілетін. Май зауыты, газ құю станциясы, қарақат бағы, көкөніс сақтау қоймасы, картоп сақтау қоймасы жұмыс істеді, сонымен қатар көкөністерді тұздап, бүкіл одақ бойынша жөнелтумен айналысты. 1970 жылдардың басында Түрксіб көкөніс-сүт совхозы құрылды. Совхоз құрылуымен 1200 бас сауын табынға арналған сүт кешені, сүрлемге жүгері егуге арналған суару жүйесі және мал азығының басқа да түрлері салынды. Егістік жерлерге картоп, көкөніс егілді. 200 орындық балабақша, 450 орындық орта мектеп, тұрмыстық комбинат, кеңсе ғимараты, тұрғын үйлер салынды. Кейіннен Мұқыр ауылы деп өзгертілді, өйткені ауыл бойымен Ертіс өзеніне құйылатын Мұқыр өзені ағады. Ертіс ауылдық округінің құрамына 9 елді мекен кіреді: Мұқыр, Мұрат, Приртышское, Кенжебай, Крупское ауылдары, Жалпақ станциясы, 16 разъезд, 22 разъезд, Ново-Чайковка отгон учаскесі. Округ бойынша жалпы аула саны - 584. Округ бойынша жалпы халық саны -2485 адам.