
2024 жылы Ертіс ауылдық округінде ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша келесі жұмыс түрлері жүргізілуде: саябақтар мен әмбебап спорт алаңдарын күтіп ұстау, ағаштарды суару, сырлау, әктеу, қоршау және жөндеу жұмыстары.
Ауылды санитарлық тазарту және қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары.
Қыста ауылдардағы ауылішілік жолдарды арнайы техникамен қардан тазарту.
Ауылды абаттандыру, көркейту және санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстары жалғасуда.
Ертіс ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің ауылішілік жолдары қашан жөнделеді?
Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр және Прииртышское ауылдарының көшелеріне жарықтандыру жүргізіле ме?