Шелехово (Шелехово) — Абай облысының Бородулиха ауданында орналасқан ауыл, Степной ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып табылады. Аудан орталығы — Бородулиха ауылынан шамамен 32 км батыста орналасқан. КАТО коды — 633883100.
Ауыл аты шежірешілердің айтуынша, диірменші Илья Шелеховтың құрметіне қойылған. Себебі ауыл төрт тараптан да желді аймақта орналасқан және мұнда диірмен орнатылған. Бұрын ауылда жел диірмендері көп болған.
Шамамен 1927–1928 жылдары «Идея» артелі құрылған. 1929 жылы алғашқы колхоз да «Идея» деп аталды, кейін атауы «Прогресс» колхозы болып өзгертілді. Колхоздың негізгі бағыты — мал шаруашылығын және егін шаруашылығын дамыту. 1996 жылы колхоздарды қайта ұйымдастыру кезінде «Прогресс» колхозы «Прогресс» ЖШС болып қайта құрылды.
1999 жылы ауыл халқы 522 адамды (261 ер адам, 261 әйел) құрады.
2009 жылғы санақ бойынша ауылда 289 адам (152 ер адам және 137 әйел) тұрған.
Степной ауылдық округінің аумағы
Жалпы аумағы – 61 934 га
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 56 942 га
Егіс алқабы – 35 287 га
Жайылымдар – 19 218 га
Ауылдық округ орталығы – Шелехово ауылы
Ауылдық округтің әкімшілік бөлінісі
Степной ауылдық округі 2 елді мекеннен тұрады, жалпы халқы — 227 адам, оның ішінде:
Шелехово ауылы – 141 адам
Орловка ауылы – 86 адам
Халық құрамы
Жалпы халық саны — 227 адам, оның ішінде:
Экономикалық белсенді — 151 адам
Жұмыс істейтіндер — 82 адам
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 53 адам
Зейнеткерлер — 60 адам
Оқушылар — 12 адам
Студенттер — 7 адам
Мектепке дейінгі балалар — 11 адам
Зейнеткерлер саны — 60 адам
Мүгедектер — 14 адам
ҰОС ардагерлері — 0 адам
Интернационалист-жауынгерлер — 2 адам
Марапатталған көпбалалы аналар:
«Алтын алқа» иегері — 1 адам
«Күміс алқа» иегері — 1 адам