Бородулиха ауданында оңайлатылған
декларация негізінде арнаулы
салық режимі бойынша салық
ставкаларының мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бородулиха ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 3% -дан 2% -ға төмендетілсін.
Бородулиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 23-3-VIII «Бородулиха ауданында арнаулы салық режимін қолдану кезінде бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 359-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Аудандық мәслихаттың төрайымы С. Урашева