2024 жылға арналған Степной ауылдық округінің бюджетін орындау туралы есеп
- Бюджетті орындаудың жалпы қорытындылары
Степной ауылдық округінің бюджетін орындаудың жалпы қорытындылары келесі көрсеткіштермен сипатталады:
2025 жылғы 1 қаңтарға округтің түзетілген кіріс бюджеті 53 806,9 мың теңге болып белгіленді, нақты кіріс 58 171,3 мың теңге немесе жоспардың 108,1% құрады. Оның ішінде:
- Өз кірістері: жоспар бойынша 4 235,0 мың теңге, нақты 8 599,4 мың теңге;
- Трансферттер: жоспар бойынша 49 571,9 мың теңге, нақты 49 571,9 мың теңге немесе жоспардың 100%.
Әр санат бойынша орындалу төмендегідей:
- Салық түсімдері бойынша орындалу 203,1%, жоспар 4 235,0 мың теңге, нақты 8 599,4 мың теңге;
- Дербес табыс салығы (көрсетілген кірістерден) – орындалу 204,9%, жоспар 428,0 мың теңге, нақты 877,1 мың теңге. Артық орындалу жаңа ашылған жеке кәсіпкерлерге байланысты.
- Жеке тұлғалардың мүлік салығы: жоспар 52 мың теңге, нақты 50,8 мың теңге, орындалу 97,8%, жоспар орындалмауы халықтың көші-қонына байланысты.
- Жер салығы: орындалу 98,7%, жоспар 118 мың теңге, нақты 116,4 мың теңге, орындалмауы халықтың көші-қонына байланысты.
- Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы: жоспар 1 177,0 мың теңге, нақты 1 471,6 мың теңге, орындалу 125%, артық орындалу үш жылдық қарыздарды өтеуге байланысты.
- Біріңғай жер салығы: орындалу 261,3%, жоспар 2 247,0 мың теңге, нақты 5 872,4 мың теңге, артық орындалу округ бюджетінен жаңа берілген салыққа байланысты.
- Жер учаскелерін пайдалану төлемі: орындалу 99,1%, жоспар 213,0 мың теңге, нақты 211,0 мың теңге, орындалмауы халықтың көші-қоны мен жер учаскесін мақсатты пайдалану өзгеруіне байланысты.
Трансферттер түсімі 49 571,9 мың теңге, оның ішінде мақсатты ағымдағы трансферттер – 27 491,9 мың теңге, аудандық бюджеттен субвенциялар – 22 080,0 мың теңге.
801101 коды бойынша «Қолданылған бюджет қаражаты қалдықтары» – барлығы 1 823,4 мың теңге, ол 100% игерілді.
2025 жылғы 1 қаңтарға еркін бюджет қалдықтары – 4 366,7 мың теңге, оларды аудандық мәслихаттың келесі сессиясында қайта бөлу және игеру жоспарланған.
- Бюджетті орындаудың жалпы қорытындылары (шығыстар бойынша)
Аудан бюджетін орындау 100%, түзетілген жоспар бойынша 55 630,2 мың теңге, нақты 55 628,05 мың теңге.
- I функционалдық топ «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» – орындалу 99,98%, түзетілген жоспар 25 156,8 мың теңге, нақты 25 155,5 мың теңге, қалдық 1,3 мың теңге (спецификалар бойынша).
Аким аппаратына 3 мемлекеттік қызметші және 3,25 техникалық персонал кіреді.
Республикалық бюджеттен трансферттер – 8,9 мың теңге, игерілген – 8,4 мың теңге, қалдық 0,5 мың теңге.
Облыстық бюджеттен трансферттер – 138 мың теңге, толық игерілді, қаражат мемлекеттік қызметшілер мен техникалық персоналдың міндетті зейнетақы жарналарына бағытталды.
- VП функционалдық топ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» – орындалу 100%, түзетілген жоспар 1 026,1 мың теңге, нақты 1 026,0 мың теңге, оның ішінде:
- елді мекендерде көшелерді жарықтандыру – 668,0 мың теңге (техникалық қызмет – 185 мың теңге, электр энергиясы – 483 мың теңге);
- санитарлық қамтамасыз ету – 358,1 мың теңге, Шелехово ауылында қоқыс полигонын құрастыру – 358,0 мың теңге.
- ХП функционалдық топ «Тасымалдау және коммуникациялар» – орындалу 100%, түзетілген жоспар 29 446,0 мың теңге, нақты 29 445,3 мың теңге.
Степной ауылдық округінің жолдарын қардан тазалау жұмыстары (Шелехово, Орловка) – 3 558,3 мың теңге, округ жолдарын грейдерлеу – 487,0 мың теңге, ағымдағы жөндеу – 25 400,0 мың теңге, орындалу 100%.
Ауылдық округтің әкімі Жунисов А.Х.