Артқа

Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы

Ақсуат ауданының әкімі

Жалпы ақпарат, білімі

Ескендиров Ерсін Кәдірбекұлы     28 желтоқсан  1985 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2003 жылы К. Нүрбаев атындағы орта мектепті бітірген;

2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжінің "Заңгер" мамандығы бойынша;

2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін;

"Құқықтану"  мамандығы, 2020 жыл С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2005 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметін бастады.

2007-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр жөніндегі бас маманы;  

2012 жылдары  ШҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің заңгер бас маманы;

2012-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімі аппартының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы;


2014 -2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы  «Тарбағатай ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы;

2015 жылы сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы «Тарбағатай ауданы әкімі аппараты» ММ-сінің аппарат басшысы;

2020 - 2021 жылдары  Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;

2021 жылдың 12 қаңтары 2022 жылдың 12 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды;

2022 жылдың 16 қыркүйегінен 2024 жылдың 4 сәуірі аралығында Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары;

2024 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында Абай облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы;

2024 жылғы маусым - желтоқсан аралығында Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары;

2024 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі.   

Жұмыс бағыттары