Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2026 жылдың 5 айындағы Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамды орындалуы туралы ақпаратты хабарлауға рұқсат етіңіздер

2026 жылдың 5 айындағы Ақсуат ауданының әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы және алда тұрған міндеттері туралы ақпарат

 

2026 жылдың 5 айындағы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша 2025 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 334,7 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 117,6 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 млрд 167,7 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 1,5 есеге орындалды. Оның ішінде жекеменшік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 4 млрд 415,2 млн теңге.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 710,9 млн теңгеге орындалып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2,7 есе болды.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 133,0 пайызға орындалып, 3151 шаршы метрді құрады. 

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2 млрд 996,7 млн теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 113,2 пайызды құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 1 870 бірлікті құрады. Оның ішінде; шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 110, дара кәсіпкерлер – 619, шаруа қожалықтары – 1137 бірлік.

5 айда ауданға жергілікті бюджетке 1 млрд 11,7 млн теңге салық төленіп, жоспар 112,5 пайызға орындалды.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 8 млрд 719 млн теңгеге жетіп, өсу қарқыны 139,5 пайызға,  нақты көлем индексі 103,6 пайызға орындалды.

   Аудандағы ірі қара 189,8 мың басқа, қой мен ешкі –      258,7 мың басқа, жылқы – 38,3 мың басқа жетіп, тиісінше ірі қара – 110 пайызға, қой-ешкі – 101,0 пайызға, жылқы – 107 пайызға көбейді.

Ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту мақсатында лизинг бағдарламасы арқылы 2026 жылы 80 бірлік трактор сатып алу жоспарлануда. Есепті мерзім ішінде 312 млн. теңгеге 24 бірлік трактор және 23,2 млн. теңгеге 16 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы жабдықтары сатып алынды. 

Ауданымызда мақсатты пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда. 2026 жылғы жоспар-тапсырмаға сәйкес мемлекеттің арнайы жер қорына қайтарылған жер көлемі             30 380,2  гектар немесе жоспар тапсырма 233 пайызға орындалды.

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстау мақсатында 5 рет ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп 14,8 млн теңгенің өнімдері саудаланды.

Ауданның тауар өндірушілері бекітілген кестеге сәйкес, екі мәрте Семей қаласындағы "Северный"  сауда логистикалық орталығында жәрмеңке өткізіп, сиыр, қой, жылқы еттерін бекітілген бағада саудалады.

 

Білім саласы

Жалпы орта білім беру бойынша Ақсуат ауданында 19 мектеп, оның ішінде 14 орта, 5 бастауыш мектеп жұмыс жасайды. 1–11 сыныпта 3888 оқушы, мектеп алды даярлық тобында  337 тәрбиеленуші қамтылған.

Қожагелді батыр, Ғ.Мұратбаев, Тоғас батыр, Қ.Сәтбаев, Би Боранбай  атындағы орта мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 31,4 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қожагелді ауылындағы Толағай мектеп-балабақшасынын жылу жүйесі жөндеу жұмыстарына 2,3 млн теңге бөлініп,   бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Офтейк-келісім шарт негізінде Көкжыра ауылдық округінен балалар лагерінің, мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат, Екпін ауылдарынан мектеп құрылысының жұмыстары жүргізілетін болады.

Қожагелді батыр атамыздың ұрпақтары– туған жерге деген шынайы сүйіспеншілік пен перзенттік парыз ретінде "Туған жерге тағзым" акциясы аясында мектепке заманауи спорт кешенін, сондай-ақ талапқа сай футбол алаңы мен үлкен теннис алаңын салуды бастады.

 

Денсаулық сақтау саласы

Аудан бойынша орталық аудандық аурухана, 8 дәрігерлік емхана, 1 фелшерлік акушерлік пункт, 10 медициналық пункт халыққа қызмет көрсетеді.

Аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 156 млн теңге қаржы қарастырылып, қасбетін қаптау жұмыстарын аяқтап, 1 қабаттын ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 348,2 млн теңге қаражат бөлініп, медициналық құрал жабдықтары сатып алынды (компьютерлік томограф, дентальды рентгендік жуйе, гинекологиялық кресло-2 дана, дерматаскоп аппараты).

Екпін, Үштөбе ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория, Кіндікті ауылындағы фельдшерлік-медициналық пункт, Сұлутал, Қожагелді, Айнабастау, Көктүбек, Қызыл жұлдыз, Аққала ауылдарындағы медициналық пункттер ғимараттары пайдалануға берілді.

Офтейк-келісім шарт негізінде Құмкөл ауылынан дәрігерлік емхана құылысы басталатын болады.

 

 Мәдениет және спорт

Аталған сала бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 9 клуб, 11 кітапхана, 1 спорт мектебі, 1 денешынықтыру сауықтыру кешені, 1 спорт модуль, 1 стадион, 1 ипподром, 19 спорт зал аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Офтейк-келісім шарт негізінде Көкжыра ауылындағы мәдениет үйінің және Ойшілік, Екпін ауылдарындағы спорт модулінің құрылысы аяқталды.

2026 жылдың мамыр айының 17-22 күндері аралығында Абай облысы әкімінің жүлдесіне арналған ауыл спорты ойындарына аудан құрамасы қатысып, спартакиада ойындарына 10 спорт түрінен атап айтқанда: волейбол, футбол, асық ату, тоғызқұмалақ, баскетбол, қол күресі, қазақ күресі, гир спорты, шахмат, үстел теннисі спортынан 108 спортшы қатысып, командалық есепте жүлделі ІІ орынға ие болды.

Сумен жабдықтау

Аудандағы 27 елді мекеннің 14-і орталықтандырылған су құбыры желілерімен қамтамасыз етілген. Қалған 13 елді мекенде, оның ішінде: 3-елді мекенде ұңғыма үстіндегі павильон, 8-елді мекенде блок модуль станциясы (БМС) орнатылған. Жалпы аудан бойынша елді мекендердің сумен қамтылуы 92,6 пайыз.

Республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен 660,7 млн теңгеге Көкжыра, Кіндікті, Қарғыба, Ақсуат ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар ағымдағы жылы жалғасатын болады. Қосымша қажетті қаражат 2 млрд 624 млн теңге.

Одан басқа 2026 жылға Қызылжұлдыз (507,7 млн теңге), Қожагелді (217,3 млн теңге), ауылдарындағы су құбыры желілерінің құрылысын бастауға облыстық бюджеттен 239,6 млн теңге қаржы қарастырылды. Жобаны аяқтау үшін Республикалық бюджеттен қосымша 485,3 млн теңге қажет.

 

Автомобиль жолдары

Аудан территориясынан өтетін автомобиль жолдарының ұзындығы - 697 шақырымды құрайды (республикалық маңызы бар автомобиль жолы – 178 шақырым, облыстық маңызы бар автомобиль жолы – 58 шақырым, аудандық маңызы бар автомобиль жолы – 461 шақырым).

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары аудандағы барлық жолдың 66 пайызын құрайды (461 шақырым).

2026 жылға облыстық бюджет есебінен жоба құны 1 млрд 205,1 млн теңге болатын 7 жоба іске асырылуда.

 Оның ішінде:

«Ойшілік ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автожолындағы Тебіске өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту;

«Ойшілік ауылына кіреберіс» 10,5 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу;

Екпін,  Ойшілік,  Құмкөл, Көкжыра, Кіндікті ауылындағы ішкі көше жолын орташа жөндеу;

Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен Ақсуат ауылының ішкі көше жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады: Қасымхан көшесіне-500 метрге, Махамбетов көшесіне - 550 метрге, Кожамкулов көшесінің - 700 метрге, М.Бектасов көшесінің -400 метрге, Амангелді көшесінің 350 метрі, Балдырған бала-бақша алаңына 150 метрге көшелерді асфальттау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық құжаттар рәсімделмеуіне байланысты асфальт сатып алу кейінге шегерілуде.

Ақсуат ауылындағы Сейфулин көшесіне 800 метрге жаяу жүргіншілер жолы және Қабанбай көшесіне ұзындығы 1,2 шақырымға жарық шамдармен жаяу жүргіншілер жолы, 800 метрге асфальт жамылғысы төселінді. 

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарлама аясында «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы бойынша 2025 жылы үздік ауыл ретінде танылған Ақсуат, Құмкөл ауылдарына екі бірдей JINMA 904А маркалы жаңа тракторлар берілді. Қосымша аудандық бюджеттен 17,4 млн. теңгеге 2 прицеп, 2 кун  сатып алынды.

 

Басқада салалар

Интернет желісін қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 483,5 млн теңгеге Үштөбе,  Кіндікті, Қызыл кесік ауылдарына антенна-діңгектік құрылғы орнату жұмыстары жүргізілді. Оған 2026 жылы облыс  бюджетінен  берешек сомасына 333,9 млн теңге қаржы бөлінді.

Офтейк-келісім шарт негізінде Қызылкесік және Кіндікті ауылдарына өрт сөндіру пункттеріне ғимараттарының құрылыс  жұмыстары аяқталса, Ойшілік ауылынан өрт сөндіру пунктінің ғимаратының құрылысы басталды.

2026 жылы Ойшілік, Сатпаев ауылдарын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына – 100,0 млн теңге қаражат қарастырылды.

 

2026 жылы ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылатын жұмыстар:

Ауданда жалпы құны 2 млрд 800 млн теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде:

1-ші жоба. «Заманауи жабық су айналымы жүйесі (УЗВ) арқылы балық өсіріп, сапалы өнім өндіру»

Жобаны іске асырушы: «Күнгей-Бахтах» өндірістік кооперативі, басшысы Садықов Адилғазы.

Жобаның жалпы құны – 412,5 млн теңге, оның 112,5 млн теңгесі – жеке қаражат, 300 млн теңгесі – несие. Іске қосылғанда 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінгі күні өндіріс алаңын жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған;

2-ші жоба. «Этномәдени туризмді, аңшылық пен балық аулауды, ферма туризмін және сауықтыру демалысын дамыту»

Жобаны іске асырушы «Дора 2020» АӨК-і, басшысы Анафиянов Каиржан Багдатович.

Жоба іске қосылғанда 5 тұрақты жұмыс орны ашылады. Іске қосу мерзімі 2026–2027 жылдар.

 Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мәселелер жоқ. Жоба өңір экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қосады;

3-ші жоба. «1000 га тамшылатып суару жүйесін енгізу» Жобаны іске асырушы: «Алтын-Алтай» шаруа қожалығы басшысы — Қуанған Тынай.

Жобаға тартылатын инвестиция көлемі – 700 млн теңге  (300 млн теңге өз қаражаты есебінен, 400 млн бюджет қаражаты есебінен).

2024 жылы 200 га тамшылатып суару жүйесімен күнбағыс дақылы өсірілді. 2025 жылы 300 га ұлғайтылды. Жобаның толық іске қосылуы 2025-2027 жылдар. Қазір 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

4-ші жоба «5000 бас асыл тұқымды қой малын өсіріп, ет өнімін өндіру».

 Жобаны іске асырушы жеке кәсіпкер Оңдасын Саябек. Бүгінгі күні 500,0 млн теңге несие қаражатын алып 5000 бас асыл тұқымды қой сатып алынды.

5-ші жоба «5000 бас асыл тұқымды қой малын өсіріп, ет өнімін өндіру».

 Жобаны іске асырушы жеке кәсіпкер Қонақов Саят. Бүгінгі күні 500,0 млн теңге несие қаражатын алып 5000 бас асыл тұқымды қой сатып алынды.

6-ші жоба «5000 бас асыл тұқымды қой малын өсіріп, ет өнімін өндіру».

 Жобаны іске асырушы жеке кәсіпкер Каримов Рустем. Бүгінгі күні 500,0 млн теңге несие қаражатын алып 5000 бас асыл тұқымды қой сатып алынды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы щеңберінде аудан бойынша 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.

1-ші жоба «20 бас жылқы малын сатып алып, қымыз өнімін өндіру». Жобаны іске асырушы АӨК «ТТ-АЛИ-МАН» Асайынова Сымбат. Бүгінгі күні 13,1 млн теңге несие алып 20 бас жылқы малын сатып алып алынды;

2-ші жоба «Сүт цехына арналған жабдықтар және сүтті табынның ірі қара малын сатып алу». Жобаны іске асырушы  АӨК «Байқара» Китатов Дархан. Жоба құны 9,2 млн теңге.

3-ші жоба «Ірі қара және ұсақ мал союға арналған жабдықтар сатып алу және ет өнімдерін өндіру». Жобаны іске асырушы АӨК «Адал-Ет» Құсбекова Динара. Жоба құны 33,6 млн теңге.

«Қаладан - ауылға» жобасы бойынша ауданға облыстан берілген жоспар тапсырма 50 отбасы. Бүгінгі күні орындаласы 26 отбасы немесе жоспар 52 пайызға орындалды.

Ауданымызға «қаладан-ауылға» жобасы арқылы көшіп келгендер; Алматы облысынан 1 отбасы 2 адам, Алматы қаласынан 1 отбасы 1 адам, Абай ауданынан 1 отбасы 5 адам, Ұржар ауданынан 1 отбасы 5 адам, Жезкент қаласынан 1 отбасы 7 адам, Өскемен қаласынан 1 отбасы 1 адам, Семей қаласынан 10 отбасы 21 адам көшіп әкелінді.

Қоныс аударған отбасылар тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді.

 

 

Экономика және қаржы

бөлімінің басшысы                                                           А.Әбілбеков

Документы
Ақпарат
16 июля 2026
Ақсуат ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары
Басқа
20 февраля 2025
2025-2027 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы
Басқа
17 января 2025
2024 жылдың 12 айындағы Ақсуат ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамды орындалуы туралы ақпаратты хабарлауға рұқсат етіңіздер
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы