Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2026 жылдың І-ші тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

     Ауданда 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнекәсіп өнімдерінің көлемі 334,663 млн. теңге болып, салыстырмалы кезеңде /284,6/ млн. теңге, өсу қарқыны 117,6 пайыз, НКИ 79,6 % орындалды.

     Бөлшек сауда тауар айналымы 2996,747 млн. теңге болып, былтырғы жылдың осы кезеңінде 2647,6 млн. теңге, өсу қарқыны 113,2 %, НКИ 102,2 % артығымен орындалды. Көтерме сауда  17,576 млн. теңге, салыстымалыда 2,2 млн. теңге, 514,3 пайызға артты.

      Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 7167,698 млн. теңге болса, салыстырмалы кезеңде 4814,4 млн. теңге, өсу қарқыны 148,9 пайызға артса, НКИ 139,9 артты.

      Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған 1870 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның ішінде: 112 шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 627 дара кәсіпкерлер, 1137  шаруа қожалықтар.

      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне мониторинг жүргізетін 1 аудандық және  9 мобильдік топтар жұмыс істеуде.

     Дүкен иегерлеріне атқарушы органның жасалатын мониторинг кезінде меморандумда көрсетілген баптарды сақтау, негізсіз бағаны өсірмеу туралы түсінік жұмыстары үнемі жүргізілді.

     Ауданның атқарушы органдары мен азық-түлік саудалайтын сауда дүкендері иегерлері арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда қосымшасын 15 %-тен асырмау туралы 78 екі жақты меморандумдар жасалды. Тұрғындардан  бағаның өскендігі туралы шағым түскен жоқ.

    Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақты ұстау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, ауданда өндірілген өнімдерді халыққа қол жетімді бағада саудалау мақсатында  жәрмеңке тұрақты өткізілді.

     5  мәрте жәрмеңке өткізіліп, 14,8  млн. теңгенің өнімдері саудаланды. Сонымен қатар басқа да жергілікті жерде өндірілген өнімдер халыққа қол жетімді бағада ұсынылды.

    Ауданның тауар өңдірушілері бекітілген кестеге сәйкес, екі мәрте Семей қаласындағы «Северный» сауда базарындағы жәрмеңкеге қатысып, сиыр, қой, жылқы еттерін бекітілген бағада саудалап, 6,3  млн. теңгенің  өнімдерін саудалады.

Аудан бойынша 2026 жылы 8469 гектар суармалы егістік жер көлемі игерілді. Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды. 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында  лизинг арқылы 21 бірлік жаңа трактор, 6 бірлік қосалқы агрегат сатып алынды. 2026 жылы зиянкес саяқ  шегірткелерге қарсы  7500 гектар, итальян прусына қарсы 6795 гектар, азия шегірткесіне қарсы 1000 гектар ауыл шаруашылығы жерлеріне химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Абай облысы Ақсуат ауданында 1 357 290 гектардан  астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі бар. Оның ішінде: жайылымдық –  1 159 391 гектар, шабындық –55 709 гектар, егістік – 14 082 гектар.

  1. 1. 2026 жылдың басынан бері 99 жер учаскесі, жалпы ауданы 30381 гектар мемлекеттік арнайы жер қорына қайтарылды. Жыл соңына дейінде жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр.

  2. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпы саны 100 жер учаскесі, жалпы ауданы                30 588,4 гектар жер телімі конкурсқа жарияланып, конкурс нәтижесіне сәйкес жер телімдері ел игілігі үшін пайдалануға берілді.

      Ақсуат ауданы бойынша 2026 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған 30381 гектар жер телімдері жыл соңына дейін толықтай ауыл шаруашылығы айналымына енгізілетін болады. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, мемлекет меншігіне қайтарылған барлық жер телімдері кезең-кезеңімен игеріліп, экономикалық айналымға толық көлемде енгізілетін болады.

Документы
Басқа
23 января 2025
Аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы
Ақпарат
24 января 2024
Аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары  және кәсіпкерлік бөлімінің  2023 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары туралы
Ақпарат
27 сентября 2023
Аудандағы мал шаруашылығы бойынша 2023 жылы 8 айда атқарылған жұмыстар
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы