Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ақсуат аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Ақсуат аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылғы II тоқсандағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

 

 

16.07.2026 жыл                                                                                                      Ақсуат ауылы

 

 

 

Жол  және  көпір салу құрылысы бойынша

-"Абай облысы Ақсуат ауданы KU AK-175 "Ойшілік ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар автомобиль жолын 9,6-20,2 шақырымына орташа жөндеу". Жобаның жалпы құны 913 329,7 мың.теңге. Мердігер "ПМК Құрылыс" ЖШС-і. Мердігермен 604 988,8 мың.теңгеге №147 келісім шарт жасалды. Жол жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қыркүйек айынан басталған. Жолдың жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайды, 2,5 шақырым  жолдың астыңғы қабаты батпаққа айналып, асфальт жамылғысы үгітіліп шашылған. 2025 жылға жол жөндеу жұмыстарына 50 000,0 мың.теңге бөлініп, 2025 жылдың қортыныдысы бойынша 50 000,0 мың.теңге игеріліп нәтижесінде ескі асфальт жамылғысы қырылып, 600 метр профильді түзету, 550 метрге асфальт жамылғысы төселіп, 2,5 шақырым жолдың астыңғы батпақ қабаты ауыстыру жұмыстары жүргізіліп бастаған. 2025 жылғы жоспарланған жол жөндеу жұмыстары жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес аяқталды. 2026 жылы 2,5 шақырым батпақ қабаты аяқталу үстінде, қазіргі таңда профильді түзету жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айына асфальттау жұмыстары жоспарланған. Жол жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджеттен қаржы толығымен бөлінген. Техникалық қадағалау ұйымы "Ақниет-Нұр Құрылыс" ЖШС-і, сомасы 29 602,3 мың.теңгеге № 131 келісім шарт жасалынған.

- "Ойшілік ауылына кіреберіс" аудандық маңызы бар автомобиль жолында Тебіске өзенінде орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстарына 892 633.0 мың теңгені құрайтын ЖСҚ-ры әзірленіп, Мемлекеттік сараптамадан 29.07.2024 жылы № 01-0328/24 санды оң қорытынды алынды. Биылғы 2025 жылға Республикалық бюджеттен 174 000,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде "ВостокМонтажИнжиниринг" ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Бас мердігер тарапынан 2025 жылы құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес аяқталып, 2026 жылы көпірді аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің ұзындығы 55,02 м, шығу жол 832 метр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су құбыры бойынша

      Көкжыра ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жоба бойынша сметалық құны 1 442 212,0 мың теңге. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар 20 шқ су құбыры тартылып, 95 су құбыры сақиналары қойылу керек және насос құрылғыларын орнату қарастырылған. 2025 жылы 420 801,8 мың теңге қаржы бөлініп, оған 9 шқ  су құбыры тартылып, 75 су құбыр сақиналары қойылды. Мердігер ҚРІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК. Бүгінгі күнге жұмысы басталған жоқ. Себебі жіберілген қосымша келісімшартқа қол қоймай отыр.

Кіндікті ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту жоба бойынша сметалық құны 215 471,2 мың теңге. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар 4,4 шқ су құбыры, үйлерге 0,4 шқ су құбыры тартылып және насос құрылғыларын орнату  қарастырылған. 2025 жылы 76 522,0 мың теңге қаржы бөлініп, 4,4 шқ толығымен тартылып биылғы жылға насос құрылғыларын орнату жұмыстары қалды. Мердігер ҚРІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мекемесі. Бүгінгі күнге жұмысы басталған жоқ. Себебі Кіндікті ауылында су құбыр сақинасына бала түсіп кетіп, қайтыс болуына байланысты сот процесі жүріп жатыр.

«Ақсуат ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту және де жаңадан салынған Бөрітостаған, Ет комбинаты шағын мөлтек аудандарына су құбыры желілерін тарту» жоба бойынша сметалық құны 1 471 580,0 мың теңге. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар 28,8 шқ су құбыры тартылып, 224 су құбыры сақиналары қойылу керек.  2025 жылы  144 716,0 мың теңге бөлініп,  10 шқ-мы тартылып, 24  жерден су құбыры сақиналары қойылды. Мердігер «ММА» ЖШС-і. Материалдарын әкелді. Жұмыс басталған жоқ, қаражат бөлінбей жатыр.

«Қарғыба ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту»  жоба бойынша сметалық құны 195 565,0 мың теңге. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар 5,285 шқ су құбыры, үйлерге 2,129 шқ су құбыры тартылып, 47 су құбыр сақиналары қойылу керек. Биылғы жылға 18 725,0 мың теңге қаржы бөлініп, 7,41 шқ  су құбыры желілері толығымен тартылды. 47 су құбыр сақиналарының  ішіндегі фасон бөліктері жасалынды. Мердігер «ММА» ЖШС-і. Қазіргі таңда су құбыры желісіндегі құдықтардың үстіңгі бөліктеріне бетон құю жұмыстары жүргізілуде.

«Қожакелді ауылында су мен жабдықтау желілерінің құрылысы» жоба бойынша сметалық құны 217 363,4 мың теңге. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар 0,6015 шқ су құбыры, үйге 0,64 шқ үйлерге су құбыры тартылып, 22 су құбыр сақиналары қойылу керек және насос құрылғыларын орнату қарастырылған. Биылғы жылға 63 567,0 мың теңге бөлініп,  құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер  «QazaqProStroy» ЖШС-і. Бүгінгі күнге 1,6 км су құбыры тартылды. Үйлерге дейін 610 м су құбыры тартылды. Қазіргі таңда су алу құрылғысының (водозабор) сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 24 құдықтың (колодец) ішкі монтаждау және жинақтау жұмыстары орындалуда.

«Қызылжұлдыз ауылында су мен жабдықтау желілерінің құрылысы» жоба бойынша сметалық құны 507 565,2 мың теңге. Жоба бойынша атқарылатын жұмыстар 2,45 шқ су құбыры, үйге 0,64  шқ үйлерге су құбыры тартылып, 24 су құбыр сақиналары қойылу керек және насос құрылғыларын орнату қарастырылған. Мердігер  «QazaqProStroy» ЖШС-і. Бүгінгі күнге 2,5  км су құбыры тартылды. Үйлерге дейін 650 м су құбыры тартылды. Қазіргі таңда су алу құрылғысының (водозабор) сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 24 құдықтың (колодец) ішкі монтаждау және жинақтау жұмыстары орындалуда.

 

 

 

 

Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында салынып жатқан үйлер бойынша:

Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Ақсуат ауданында 2025 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 96 арендалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2026 жылы тұрғын үйлерді бөлу және қоныстандыру жұмыстары басталып, бүгінгі күнге дейін жалпы саны 35 тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға берілді. Оның ішінде 38 тұрғын үй көп балалы және аз қамтылған отбасыларға табысталса, 1 тұрғын үй толық емес отбасы санатындағы азаматқа берілген.

Ақсуат ауданында 2026 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 45 тұрғын үйден тұратын 90 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Құрылыс нысандары төмендегідей:

Ақсуат ауылында:

45 м² – 5 тұрғын үй (10 пәтер);

60 м² – 2 тұрғын үй;

65 м² – 20 тұрғын үй (8 пәтер).

Көкжыра ауылында:

65 м² – 2 тұрғын үй (4 пәтер).

Қызылкесік ауылында:

85 м² – 1 тұрғын үй (2 пәтер);

65 м² – 3 тұрғын үй (6 пәтер).

Екпін ауылында:

65 м² – 8 тұрғын үй (4 пәтер);

45 м² – 2 тұрғын үй (4 пәтер).

Тана мырза ауылында:

65 м² – 1 тұрғын үй (2 пәтер).

Күмкөл ауылында:

65 м² – 2 тұрғын үй (5 пәтер).

Құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

- Көкжыра   ауылындағы клуб үйінің  құрылысы қазіргі уақытта  клуб үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

Нысанның дайындығы: 100%, Сметалық құны: 691 828,1 мың теңге. Мердігер: "ALINE GRОUP" ЖШС.

Басталуы: 01.10.2025ж, Аяқталуы: 06.06.2026ж, Құрылыс көлемі: 725,38 м2, Сыйымдылығы: 150 орын.

- Екпін ауылындағы спорт модулінің құрылысы қазіргі уақытта спорт модуль құрылысы аяқталған.

Нысанның дайындығы: 100%, Сметалық құны:  987 058,0 мың теңге.

Мердігер: "Жансерік К.А". Басталуы: 14.06.2025ж, Аяқталуы: 03.12.2025ж.

Құрылыс көлемі: 14183,7 м2. Сыйымдылығы: 1 ауысымда-60 спортшы (4 ауысым тәулігіне)

- Ойшілік ауылындағы спорт модулінің құрылысы қазіргі уақытта спорт модульдың құрылыс жұмыстары аяқталған.

Нысанның дайындығы: 100%.

Сметалық құны:  960 045,6 мың теңге.

Мердігер: "Сарман-7" ЖШС.

Басталуы: 01.07.2025ж, Аяқталуы:06.06.2026ж.

Құрылыс көлемі: 1269,47 м2.

Сыйымдылығы: 1 ауысымда-60 спортшы (4 ауысым тәулігіне)

 

 

Құрылыс жұмыстары бойынша

- «Ақсуат ауылындағы Т.Қалмақпаев көшесін жарықтандыру желісінің құрылысына» ЖСҚ-ры әзірленіп, 28.06.2024 жылы  № KazE-0399/24 санды тәуелсіз сараптамадан оң қорытындысы алынды. Жобаның сметалық құңы 147 431,0 мың теңге. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан экономикалық қорытынды алынып, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді.

- «Ақсуат ауылында перспективалы тұрғын үй құрылысы үшін электрмен жабдықтау желісіне»  ЖСҚ-ры әзірленіп, 30.12.2024 ж. № PEkz-0392/24 санды тәуелсіз сараптамадан оң қорытындысы алынды. Сметалық құны 652 014,9 мың тенге. облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан экономикалық қорытынды алынып, облыстық құрылыс  басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді.

    - «Абай облысы Ақсуат ауданының Ойшілік, Көкжыра, Сәтпаев, Жантікей, Кіндікті ауылдарында мал қорымын (биотермиялық шұңқыр) салу құрылысының  жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысынан өтуде. Жобалаушы ұйым жеке кәсіпкер «ИП Зайцев».

 

   Тұрғын үйлер мен әр түрлі құрылыс нысандарын пайдалануға беру бойынша

   2026 жылға барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жоспар-тапсырмасы 13000  шаршы метр болып бекітілген.

   2026 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша халықтың жеке қаражаты  есебінен ауданы  4478  шаршы метр, құны   1 182 500,0 мың теңге болатын  37 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңдегі көрсеткішімен салыстырғанда 136,2 пайызға орындалды.

   Сонымен бірге, жеке меншік қаражаты есебінен ауданы  5494  шаршы метр, құны  1430 769 мың теңге болатын 15 мал қора пайдалануға беріліп, ауданға инвестиция ретінде тартылды.

 

Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша  көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

  Бөлімнің сәулет және қала құрылысы саласы бойынша  барлығы    мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

  Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу –71 ;

          Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру –28 ;

          Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 0 ;

          Кент,ауыл жерлерінен объект салу үшін жер учаскесін беру -148 ;                                                                              

          Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 6.

           Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім шығару-16

 

 

Жол жолақтарын сызу жұмыстары

Биылғы жылға  жол жолақтарын сызуға   аудандық бюджеттен 3000,0 мың теңге қаржы  бөлініп,  мердігер "ROSSMETALL TRADE" ЖШС-імен екі жақты келісім шарт жасалды. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер жолағымен жол жолақтарын сызу жұмыстары толығымен аяқталды.

Документы
Жоспар
18 июня 2026
Ақсуат ауылының бас жоспарын түзету
Басқа
20 января 2025
2024 жылғы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Ақпарат
24 января 2024
2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты
Новости
Полезные материалы
Ақсуат аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2026 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы