Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Конкурстық іріктеу кезеңдері

КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН  КАНДИДАТТАР МЕН БҰРЫНҒЫ СУДЬЯЛАР ТАПСЫРАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
 

1. ӨТІНІШ/КАНДИДАТТЫҢ САУАЛНАМАСЫ (жүктеу)
- лауазымы, мекенжайы, байланыс телефондары, қатысатын лауазымдары көрсетіледі

- электрондық сауалнама Кеңестің e-mail поштасына (konkurs@vss.gov.kz), қағазға басылған сауалнама – Кеңеске тапсырылады

 

2. ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ КӨШІРМЕСІ

 

3. БІЛІМІ ТУРАЛЫ ДИПЛОМНЫҢ КӨШІРМЕСІ
- арнайы орташа білімі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом мен оған қосымшалары;
- нотариалды куәландырылады

 

4. ЕҢБЕК КІТАПШАСЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ
- нотариалды/қадр қызметімен куәландырады;
! ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМНІҢ КӨШІРМЕСІ НЕМЕСЕ АНЫҚТАМА әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы меморгандардың қызметкерлері, оның ішінде бұрынғы қызметкерлері үшін талап етіледі;
- кадр қызметімен куәландырылады;
- құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан қызметтен босатылған жағдайда – ҚЫЗМЕТТЕН БОСАТУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТАРДАН ҮЗІНДІЛЕРІ

 

5. МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА (№ 075 нысаны)
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

6.  ЕСЕПТЕГІ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ЖОҚТЫҒЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАЛАР
- психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерде;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

7. СОТТАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- бұрын судья қызметін атқарған адамдар Кеңестің қорытындысын ұсынады;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

8. ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (соңғы жұмыс орны бойынша)
- тек бұрын судья қызметін атқарған адамдар үшін;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

9. ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- Жоғарғы Сот судьялары, облыстық соттардың сот алқалары  төрағаларының  лауазымдарына кандидаттар үшін;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

! БҰРЫН СУДЬЯ ЛАУАЗЫМЫН АТҚАРҒАН КАНДИДАТТАР жұмыс істеп жүрген судьялар тапсыратын құжаттар тізімінің 6-7 тармақтарда көрсетілген құжаттарды ҚОСЫМША ТАПСЫРАДЫ.
Құжаттарды тапсырудың алдында олардың толықтығын тексеріп, құжаттарды ұсынған кезінде жиі жіберілетін қателермен танысып алыңыз (жүктеу)

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРГЕН СУДЬЯЛАР ТАПСЫРАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
 

1. ӨТІНІШ
- лауазымы, мекенжайы, байланыс телефондары, қатысатын лауазымдары көрсетіледі

 

2. КАНДИДАТТЫҢ САУАЛНАМАСЫ (жүктеу)
- электрондық сауалнама Кеңестің e-mail поштасына (konkurs@vss.gov.kz), қағазға басылған сауалнама – Кеңеске тапсырылады

 

3. СОТТАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- теріс қорытынды болған кезде теріс шешім қабылдау себептері көрсетіледі ;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

4. ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ (жұмыс орны бойынша)
- облыстық соттың сот алқасы төрағасының лауазымына үміткерлерге қажет етілмейді;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

5. ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- Жоғарғы Сот судьялары, облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттар үшін;
- берілген күннен бастап 1 жыл бойы жарамды

 

6. ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
- фабуланы, негіздері қамтитын күші жойылған/өзгертілген актілері туралы ақпарат (талдамалық анықтама);
- судья лауазымында соңғы 3 толық жыл бойынша көрсеткіштері (әлеуметтік демалыста болған жағдайда, мәліметтер судья лауазымында нақты жұмыс істеген 3 толық жыл бойынша көрсеткіштері)

 

7.  Үміткер туралы келесі мәліметтерді көрсететін АНЫҚТАМА:
- тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер (істің фабуласы, Сот жюриінің шешімі көрсетіледі);
- судьяның әрекеттеріне келіп түскен шағымдар туралы мәліметтер (әр өтініш бойынша фабуласы, қарау нәтіжесі, өтініште көрсетілген ақпараттың дәлілдегені/дәлілдемегені көрсетіледі);
- жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы мәліметтер (ескертпе-хаттардың мәтіні және қарау нәтижелері көрсетіледі);
- облыстық соттардың жалпы отырыстарында талқылаулар туралы мәліметтер (қысқаша мазмұны, қарау нәтижелері және қабылданған шаралар)  

 

8. СОТ ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

! Құжаттарды тапсырудың алдында олардың толықтығын тексеріп, құжаттарды ұсынған кезінде жиі жіберілетін қателермен танысып алыңыз (жүктеу)

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ, ҮМІТКЕРЛЕРГЕ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ БЕРУ

 

Құжаттардың:

1. кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарға;

2. заңнамада бекітілген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.


Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңымен бекітілген (29-бап).
Конкурсқа қатысу шарттары Кеңестің Регламентінде бекітілген (41-53-1- тармақтары).


Конкурсқа жіберілген адамдардың тізімі Кеңестің интернет-ресурсында жарияланады.



Құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес орындалмаған жағдайда олар өтініш берушіге кері қайтарылады (қайтару себептері көрсетіледі.

ЦИФРАЛАНДЫРЫЛҒАН КРИТЕРИЙЛЕР
БОЙЫНША АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАУ
(конкурстың цифрлық кезеңі)

 

Цифраландырылған критерийлер бойынша кандидаттардың бағаларын есептеу автоматты түрде арнайы ақпараттық жүйеде жүргізіледі (Кеңес Регламентіне 4-1-қосымша).

ЦИФРАЛАНДЫРЫЛҒАН КРИТЕРИЙЛЕР келесі шарттарды көздейді:
1) заң ғылымдарының кандидаты/докторы/PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы;
2) мамандандырылған соттардың судьялары үшін арнайы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
3) облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындыларының болуы;
2) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің оң қорытындысының болуы.

 

Кандидатқа қатысты критерийлер
- біліктілік емтиханды тапсыру нәтижесі, 
- жоғары білімі туралы дипломның орташа бағасының нәтижесі,
- құқықтың магистрі дәрежесінің болуы,
- заң мамандығы бойынша өтілі.

Жұмыс істеп жүрген/бұрынғы судьяға қатысты критерийлер
- судья қызметін атқарған соңғы 3 жыл ішінде тәртіптік жазалардың, дәлілдерін тапқан шағымдардың болмауы,
- судьялық жұмыс өтілі, атқаратын лауазымындағы уақыт,
- облыстық сот алқасының төрағасы, мамандандырылған сот төрағасы лауазымындағы жұмыс өтілі (Жоғарғы Сотқа үміткерлерге),
- осы лауазымға кадр резервінде тұру.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ
(бағалау кезеңі)

 

Судьяларды конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның мүшелері үміткерді судьялық лауазымға тағайындауға кедергі келтіретін негіздердің болуы/болмауы туралы шешім қабылдайды. 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ келесі шарттарды көздейді:

кандидат

жұмыс істеп жүрген/бұрынғы судья

- жұмыс орны бойынша соттармен өзара іс-қимыл Кеңестің қорытындысы;
- әкімшілік құқықбұзушылық, салықтық алимент және өзге де орындалмаған міндеттемелер туралы мәлімет;
- судьялық лауазымға тағайындауға кедергі келтіретін басқа мәліметтер (кандидаттың мінсіз беделі туралы теріс ақпарат).

- психологиялық тестілеудің нәтижесі (ұсыным беруге кедергі келтіретін мәліметтер);
- полиграфологиялық зерттеудің қорытындылары (ұсыным беруге кедергі келтіретін мәліметтер)
- жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы;
- сот төрелігін жүзеге асыру сапасы (объективті себептерді қоспағанда, бұзылғандардың және өзгертілгендердің саны);
- жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттарының болуы;
- судья әдебін бұзу фактілерінің болуы;
- маманданымы бойынша жұмыс өтілі (мамандандырылған соттарға өтініш берген кандидаттар үшін);
- сот төрелігін жүзеге асырумен байланысты емес сот жүйесінің қызметіне қатысуы (оқу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, судья әдебі жөніндегі комиссия мен судьялар одағы филиалдарының жұмысына қатысу)

СҰХБАТ АЛУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША БАҒАЛАУ

 

Сұхбат алудың мақсаты – кандидаттың коммуникативті дағдылардың және кәсіби қасиеттерін анықтау. 

5 СҰРАҚ

 

10 БАЛЛ
жоғары баға

 

3 ЖЫЛ
кандидаттың бағасын келесі конкурстарда қолдану мерзімі

  • көрсетілген мерзім өтіп кеткенге дейін кандидаттың өтініші негізінде және Кеңес мүшелерінің шешімі бойынша сұхбат алудан қайта өтуге жол беріледі

КАНДИДАТТАРДЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАУ

 

БОС СУДЬЯ ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША КАНДИДАТТАРДЫ БАҒАЛАУ

 

 

Конкурстық іріктеу шеңберіндегі кандидаттарды бағалау келесі кезеңдерден тұрады:

 

   

Цифраландырылған критерийлер бойынша автоматты түрде бағалау

   

+

   

Кеңес мүшелерімен бағалау кезеңі

=

Кандидаттың жалпы бағасы

+

 

Сұхбат алудың қорытындылары бойынша бағалау

 

! Аталған көрсеткіштермен бірге сондай-ақ моральдық-адамгершілік қасиеттері, судья қызметіндегі еңбек өтілі, қосымша бағалау тәсілдерін қолдану нәтижелері ескеріледі.

 

Құжаттарды тапсырмас бұрын, жиі қойылатын сұрақтармен танысыңыз

 

Қосымша ақпарат

Документы
Новости
Полезные материалы
Жиі қойылатын сұрақтар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы