Барлығы: 134 бос орын
облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос орыны – 1;
облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 12;
аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағаларының бос орындары – 36;
аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 85.
Ескерту: конкурсқа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары жарияланды. Бұл Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті іске асыру шеңберінде құрылған соттар, олар 2021 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істей бастайды.
Сонымен қатар, конкурсқа әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар судьяларының бос лауазымдары жарияланды. Аталған соттар әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарайтын болады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі:
30-бабының 4-тармағында - аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағалары мен облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін;
29-бабының 4-тармағында - облыстық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін;
29-бабының 1-тармағында - аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялар үшін.
Конституциялық заңының мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:
1) Судья лауазымдарына алғаш рет және қайта түсетін адамдар үшін (өту);
2) Жұмыс істейтін судьялар үшін (өту).
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлық ұсынылған құжаттар өзекті ақпараттан тұруы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.
Құжаттар кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды бергеннен кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жаза алу, лауазымның өзгеруі, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылу және т.б.) ұсынуы тиіс.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2021 жылғы 17 наурызға дейін қоса алғанда мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, подъезд № 1В, Жоғарғы Сот Кеңесі.
Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 75-03-09, 75-16-36, 74-91-03.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы мен судьяларының және аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос орындары
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Нұр-Сұлтан қалалық соты – 2 бос орын;
Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 18 бос орын.
Алматы қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Әуезов аудандық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
Жетісу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы (қылмыстық юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы қалалық соты – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 21 бос орын.
Шымкент қаласы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 3 бос орын.
Ақмола облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
Біржан сал аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын.
Ақтөбе облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Ақтөбе облыстық соты - 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын.
Алматы облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
Ақсу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Кербұлақ аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алакөл ауданы №2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Райымбек аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
№2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алматы облыстық соты – 1 бос орын;
Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты– 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын;
№2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 3 бос орын.
Атырау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Абай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарма аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарма ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
№2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 3 бос орын;
№2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын.
Жамбыл облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Жамбыл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын.
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 3 бос орын.
Қарағанды облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
№2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық №2 сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қарағанды облыстық соты - 2 бос орын;
Приозерск аудандық соты (жалпы юрисдикция) - 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 6 бос орын.
Қостанай облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Рудный қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикия);
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қостанай облыстық соты – 2 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 4 бос орын.
Қызылорда облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Қызылорда облыстық сот – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын.
Маңғыстау облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Мұнайлы аудандық соты (жалпы юрисдикия) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын.
Павлодар облысы бойынша:
аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
№2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
Успен аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Павлодар соблыстық соты – 1 бос орын;
Ертіс аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын;
Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты – 2 бос орын.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Айыртау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.
жергілікті сот судьясының лауазымына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын.
Түркістан облысы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;