Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Ақмола облысы Қосшы қалалық сотының төрағасы бос лауазымына орналасу үшін конкурс жариялайды
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 30-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін азаматтар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Конституциялық заңының мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі:
1) Судья лауазымдарына алғаш рет түсетін адамдар үшін (өту);
2) Жұмыс істейтін судьялар үшін (өту).
Барлық ұсынылған құжаттар өзекті ақпаратты қамтуы, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайларда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды бергеннен кейін өзгерсе, онда олар бір күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жаза алу, лауазымның өзгеруі, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылу және т.б.) ұсынуы тиіс.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар электронды түрде және қолма-қол қатар тапсырылады. Құжаттар 2022 жылдың 28 ақпанды қоса алғанда қабылданады.
Құжаттар электронды түрде Жоғары Сот Кеңесінің сайтында автоматтандырылған жүйе арқылы тапсырылады (өту). Бұл үшін үміткерлерге «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның өңірлік филиалдарында (бұрынғы халыққа қызмет көрсету орталықтары) алынатын электрондық-цифрлық қолтаңба қажет болады.
Бұл ретте құжаттардың түпнұсқалары келесі мекенжай бойынша қолма-қол ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.
Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 75-03-09, 74-95-42, 74-91-03.
Сонымен қатар «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы консультация алу мұмкіндік бар. Ол үшін «Whatshapp» немесе «Telegram» - 87770316891 телефон нөміріне жұмыс күндері — 9:00 - ден 18:00 – ге дейін (түскі үзіліс-13:00-ден 14:30-ға дейін) хабарлама жіберу керек, демалыс күндері-сенбі және жексенбі.