Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот судьяларының 4 бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 5-тармағында Жоғарғы Сотына үшін көрсетілген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі. Конституциялық заңының мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132
Барлық ұсынылған құжаттар өзекті ақпараттан тұруы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.
Құжаттар кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды бергеннен кейін өзгерсе, онда олар бір күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жаза алу, лауазымның өзгеруі, өзі немесе жақын туысқандары қылмыстық жауапкершілікке тартылу және т.б.) ұсынуы тиіс.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2022 жылғы 4 сәуірге дейін қоса алғанда мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, подъезд № 1В, Жоғарғы Сот Кеңесі.
Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі (өту).
Қосымша мәліметтер
Жоғары Сот Кеңесі регламентінің 44 тармағына сәйкес судьялық бос орнына конкурстық іріктеу кезінде бағалауда HR-технологиялар мен бағалау құралдарының бүкіл спектрі қолданылуы мүмкін.
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 75-03-09, 74-95-42, 74-91-03, «Whatshapp» және «Telegram» нөмерлері - 87770316891.