Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

Барлығы: 19 бос орын 
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 19. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар 
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 30-бабы
4-тармағының талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттар тізбесі: 
Жұмыс істейтін судьялар үшін (өту).
Судья лауазымдарына қайта түсетін адамдар үшін (өту)
Барлық ұсынылған құжаттар өзекті ақпараттан тұруы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.
Құжаттар кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді қамтуы тиіс.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кері қайтарылады. 
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды бергеннен кейін өзгерсе, онда олар бір күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жаза алу, лауазымның өзгеруі және өзге де назар аударарлық жағдайлар) ұсынуы тиіс.

Құжаттарды ұсыну мерзімі 
Құжаттар 2021 жылғы 14 мамырына дейін қоса алғанда мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1 В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.

Қосымша мәліметтер 
Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет ресурсында орналастырылады.
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 75-16-36, 74-95-42, 74-91-03.

 

Облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағаларының бос орындары:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
Нұр-Сұлтан қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Алматы қаласы бойынша:
Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Шымкент қаласы бойынша:
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Ақмола облысы бойынша:
Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Алматы облысы бойынша:
Алматы облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Атырау облысы бойынша:
Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Жамбыл облысы бойынша:
Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Қостанай облысы бойынша:
Қостанай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Қызылорда облысы бойынша:
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Маңғыстау облысы бойынша:
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Павлодар облысы бойынша:
Павлодар облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Түркістан облысы бойынша:
Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.