Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы қалалық соттарының судья лауазымдарына конкурс жариялайды
(құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң)
30-бабы 2-тармағына сәйкес құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын, облыстық сот судьясының бос лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін.
Күрделі істердің санын және ондай істерді қарайтын судьялардың қажеттілігін ескере отырып, осындай салалардың тізбесін Жоғары Сот Кеңесімен бекітілді (өту).
Жоғары Сот Кеңесі келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
Нұр - Сұлтан қаласының сотында 2 судьяның бос лауазымына салық, қаржы, зияткерлік меншік құқығы және жер қойнауын пайдалану саласындағы мамандар үшін;
Алматы қаласының сотында 1 судьясының бос лауазымына жер құқығы саласындағы мамандар үшін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады:
1) 30 жасқа толған;
2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі бар;
3) заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде 15 жыл жұмыс өтілі бар;
4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;
5) тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың жалпы отырысының қорытындысын алған адам судья бола алмайды;
6) құқықтың тиісті салалары бойынша мамандануын талап ететін жұмыс өтілі кемінде соңғы 5 жыл болған.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсыру:
Құжаттардың тізбесі (өту).
Құжаттар тиісінше ресімделмеген немесе толық ресімделмеген жағдайда қайтарылады.
Егер үміткерлердің мәліметтері құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар бір күн ішінде жаңартылған ақпаратты Жоғары Сот Кеңесі аппаратына ұсынуға тиіс (жаза алу, лауазымын өзгерту, қылмыстық жауаптылыққа тарту, оның ішінде жақын туыстарын және т.б.).
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құқық салаларында жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар ұсынылады.
Жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарға келесілер жатады:
1) еңбек кітапшасында тиісті құқықт салаларындағы білімді талап ететін жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер;
2) істердің тиісті санаттары бойынша кандидаттың сот процестеріне өкіл ретінде қатысуын растайтын сот актілерінің көшірмелері (жылына кемінде 10 іс);
3) құқықтың тиісті салалары бойынша ғылыми және оқытушылық қызмет тәжірибесін растайтын құжаттар;
4) жоғарыда көрсетілген құқық салаларында мамандануының болуын растайтын өзге де құжаттар.
Аталған конкурс судья болғысы келетін, өз білімін судьялық жүйеде іске асырғысы келетін азаматтарға арналған және жұмыс істеп жүрген судьяларға таралмайды.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2022 жылдың 29 шілдесіне дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, № 1в кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылуы тиіс.
Конкурстық іріктеу кезеңдері
1) құжаттарды қабылдау;
2) конкурсқа қатысушылар құжаттарының заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;
3) белгіленген талаптарға сай келетін адамдарды конкурсқа өткізу;
4) конкурсқа өткізілген тұлғалардың біліктілік емтиханынан өту (психологиялық тестілеу және кейстік есептер);
5) конкурстық комиссиямен сұхбат;
6) конкурстық комиссияның және Жоғары Сот Кеңесінің отырысы;
7) судья лауазымына тағайындауға ұсынылған кандидаттың ұсыным алған сотта тағылымдамадан өтуі (жұмыстан қол үзіп 1 ай);
8) тағылымдаманың оң қорытындыларын алғандарды Президенттің Жарлығымен судья болып тағайындау.
Қосымша мәліметтер
Конкурс қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылатын болады (www.vss.gov.kz).
Анықтама телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-95-42, 74-91-03.
Watsapp и Telegram нөмірлері 8 777 031 68 91