Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы

Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасы

Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру

Сипаттама

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2023 жылғы 27 қазанда бекіткен № 949 «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасын (бұдан әрі — Жоба) іске асыруда.

Іске асыру мерзімі

2026 - 2027 жылдар.

Міндеттері

  • Ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
  • Байланыс операторлары арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
  • Теңдік (барлық байланыс операторларының конкурсқа тең қолжетімділігі);
  • Ашықтық пен есептілік (конкурстың және гранттарды бөлудің ашық процедуралары).

Мақсаттары

Жобаның негізгі мақсаты — ауылдық жерлерде жоғары жылдамдықты телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде оптикалық байланыс желілерін үй шаруашылықтары деңгейіне дейін жеткізу.

  • Бұл ауыл тұрғындарына 100 Мбит/с жылдамдықпен интернет қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
  • Жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізудің тармақталған жергілікті желісі жоқ 1 123 ауылдық елді мекенде (АЕМ) талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу көзделеді:
    1. Абай облысы – 47 АЕМ;
    2. Ақмола облысы – 99 АЕМ;
    3. Ақтөбе облысы – 45 АЕМ;
    4. Алматы облысы – 69 АЕМ;
    5. Атырау облысы – 49 АЕМ;
    6. Батыс Қазақстан облысы – 56 АЕМ;
    7. Жамбыл облысы – 64 АЕМ;
    8. Жетісу облысы – 77 АЕМ;
    9. Қарағанды облысы – 68 АЕМ;
    10. Қостанай облысы – 57 АЕМ;
    11. Қызылорда облысы – 63 АЕМ;
    12. Маңғыстау облысы – 7 АЕМ;
    13. Павлодар облысы – 61 АЕМ;
    14. Солтүстік Қазақстан облысы – 86 АЕМ;
    15. Түркістан облысы – 195 АЕМ;
    16. Ұлытау облысы – 14 АЕМ;
    17. Шығыс Қазақстан облысы – 66 АЕМ.

Қамту аясы 445 мыңнан астам үй шаруашылығын және шамамен 2,3 млн адамды құрайды. Жаңадан салынған оптикалық желілердің болжамды жалпы ұзындығы шамамен 3,8 мың шақырым болады. Үй шаруашылықтарының кемінде 80%-ын жоғары жылдамдықты инфрақұрылыммен қамту жоспарлануда.

Жоба байланыс операторларының жеке қаражаты есебінен ауылдық жерлерде телекоммуникациялық инфрақұрылым салуды көздейді. Құрылыс аяқталғаннан кейін мемлекет расталған күрделі шығындардың 50%-на дейін өтеусіз үлестік гранттар түрінде өтейді. Салынған желілер байланыс операторларының теңгерімінде қалады. Байланыс операторларының Жобаға қатысуы ашық конкурс нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

Бұл жоба әлеуметтік-экологиялық тәуекелдерді басқару жүйесін көздейді және өзара байланысты үш бағытты қамтиды:

  • Экологиялық тәуекелдерді басқару – ластанудың алдын алуды, қалдықтармен ұтымды айналысуды, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін бақылауды және табиғат қорғау нормаларын сақтауды қамтиды;
  • Әлеуметтік тәуекелдерді басқару – еңбек мәселелерін басқаруды, еңбек құқықтарын сақтауды, кемсітушіліктің алдын алуды, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды және шағымдарды реттеу механизмін (ШҚМ) жұмыс істеуін қамтиды;
  • Мониторинг және есептілік – әлеуметтік-экологиядық (ӘЭ) іс-шараларының орындалуын тұрақты бақылауды, іске асырылатын шаралардың тиімділігін талдауды және ӘЭМЖ мен МТӨІЖ талаптарына сәйкес ақпаратты ашуды қамтамасыз етеді.

Жобаны тиісінше іске асыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті Жобаны басқару тобын құруда. Қазіргі уақытта Жоба іске қосу сатысында тұр, Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаулық және Гранттар жөніндегі нұсқаулық әзірленді.

Жоба тек инфрақұрылымдық бастама ғана емес, сонымен қатар елдің 17 өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық трансформацияның маңызды құралы болып табылады.

«Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының Экологиялық және әлеуметтік басқару негіздемесі

 

«Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының Еңбек қатынастарын реттеу рәсімдері

 

«Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасының Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары

 

Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасының Әлеуметтік және экологиялық міндеттемелер жоспары (ӘЭМЖ)

 

Үлестік гранттар жөніндегі нұсқама

 

Ауылдық елді мекендердің тізімі

 

Ауылдық елді мекендердің (АЕМ) интерактивті картасы

Хабарламалар

Ашық конкурс, 1-пул (1-7-лоттар), 13.02.2026ж.

Ашық конкурс, 2-пул (5, 8-14-лоттар), 20.03.2026ж.

Ашық конкурс, 3-пул (13-21-лоттар), 21.04.2026ж.

Ашық конкурс, 4-пул (22-29-лоттар), 22.05.2026ж.

Ашық конкурс, 5-пул (30-36-лоттар), 05.06.2026ж.

Ашық конкурс, 6-пул (37-43-лоттар), 11.06.2026ж.

Ашық конкурс, 7-пул (44-50-лоттар), 16.06.2026ж. 

Ашық конкурс, 8-пул (51-55-лоттар), 24.06.2026ж. 

Ашық конкурс, 9-пул (14, 29, 29, 36-лоттар), 23.06.2026ж. 

Ашық конкурс, 10-пул (56-60-лоттар), 07.07.2026ж. 

Ашық конкурс, 11-пул (6, 7, 10, 14, 18, 19, 22, 23-лоттар), 21.08.2026ж

Ашық конкурс, 12-пул (34, 35, 36, 39, 50, 57-лоттар), 04.09.2026ж.

 

Жобаны іске асыру барысы туралы ақпарат

Жобаның іске асырылу барысы туралы пресс-релиз, 18.03.2026ж.

Жобаның іске асырылу барысы туралы пресс-релиз, 12.06.2026ж.

Жобаның іске асырылу барысы туралы пресс-релиз, 19.06.2026ж.

Конкурс нәтижелері

Сметалық есептеулерді әзірлеуге арналған бағдарламалық кешендерді сатып алу туралы

KZDARE/MG-01 (лоты 1-7) ашық конкурсын өткізу нәтижелері, 2-кезең

№ KZDARE/MG-02 (8- 12 лоттар) ашық конкурсын өткізу нәтижелері

№ KZDARE/MG-03 (13-21 лоттар) ашық конкурсын өткізу нәтижелері, 

KZDARE/MG-04 (лоты 22-29) ашық конкурсының нәтижелері