Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Байланыс ақпарат
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобалары
10 января 2025

Сіз, Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларымен төмен тұрған сілтемелер арқылы таныса аласыз, ол үшін сілтемені басыңыз:

https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?page=1&budgetState=PROJECT&govAgencyId=3672&admin=3799

Қызылорда облысының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша 2024 жылдың талдамалық анықтамасы
10 января 2025

2024 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 49862 өтініштер түскен, ол өткен жылмен салыстырғанда (48279 -өтініш) 3 %-ға артқан. Оның ішінде:
4387 өтініш облыс әкімдігіне (2023 ж. бойынша – 4398);
13389 облыстық басқармаларға (2023 ж. бойынша – 10751);
32086 аудан, қала әкімдіктеріне түскен (2023 ж. бойынша –37969).
Талдау көрсеткендей, қазіргі таңда облыс тұрғындары арасындағы жиі көтеріліп отырған өзекті мәселелер төмендегіше:

Өтініште көтерілген салалары

2024 жыл бойынша

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

13107

2.

Әлеуметтік көмек

4015

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

7309

4.

Білім мәселесі

5236

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

2860

6.

Кәсіпкерлік

3331

7.

Мәдениет және спорт

1188

8.

Құқықтық қорғау және сот

266

9.

Құрылыс

995

10

Лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым білдіру

318

11

Басқалары

11237

Барлығы

49862

2024 жыл бойынша статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 49862 өтініштердің:
- 16695 немесе 33 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 17815 немесе 36 % ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 1724 немесе 3,4 % өтініш тоқтатылды;
- 12815 немесе 26 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 813 немесе 1,6 % орындалу мерзімі бар.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен
қабылдау туралы

2024 жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігімен 199 жеке және заңды тұлғалардың өкілдері жеке қабылдауда болып, оның: 82-сі облыс әкімінің, 117-сі міндеттер бөлінісіне сәйкес облыс әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілген.
Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2024 жылдың ІІІ тоқсан бойынша

1.

Пәтер мәселесі

44

2.

Жұмысқа орналасу

28

3.

Қаржылай қолдау және әлеуметтік көмек мәселесі

42

4.

Жер мәселесі

28

5.

Денсаулық сақтау мәселесі

30

6.

Кәсіпкерлік

23

7.

Басқа да мәселелер

35

Барлығы

230

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратымен аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері және облыстық басқарма басшыларының қабылдау жүргізу барысына талдау жүргізілді. Атап айтқанда, аудандар мен қала әкімдігінің бірінші басшылары – 2134 тұрғынды, ал басқарма басшылары - 656 тұрғынды жеке қабылдаған.

Еңбек ауылдық округі
08 января 2025

Еңбек ауылдық округі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (2024 жылға арналған қорытынды есеп)
06 января 2025

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар үнемі атқарылып келеді.
Атап айтқанда, облыс әкімінің төрағалық ететін облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия тұрақты негізде жұмыс жасайды (Қызылорда облысы әкімінің 11.12.2017 ж. № 707-ө өкіміне сәйкес құрылған, оның құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген).
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті 4 отырысы өткізіліп, (1-тоқсан: әр түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы; ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу және осы саланы субсидиялау барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын - алу шаралары туралы; облыстың спорт саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; құрылыс мерзімі ұзаққа созылған объектілердің қазіргі жағдайы және проблемалық нысандардың санын қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы; 2-тоқсан: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының жүзеге асырылуы, жергілікті атқарушы органдардың жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелері туралы; Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын жүзеге асыру мәселелері туралы; су тасқынының алдын алуға бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылау туралы; 3-тоқсан: Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты жоспарлау, игеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; өңірдегі суармалы жерлерді суару барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы; құрылыс мерзімі ұзаққа созылған нысандардың қазіргі жағдайы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы; жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру туралы; 4-тоқсан: Қызылорда облысы бойынша автомобиль жолдары саласына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған іс-шаралардың және өңірдегі квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі комплаенс қызметтерінің жұмыс сапасы туралы; ҚР Үкіметінің 31.12.2022ж. №1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» іске асырылу барысы туралы) сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы шеңберінде № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты іске асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жұмыс сапасын арттыру болып табылады.
Жобалық басқару аясында барлық облыстық мемлекеттік органдарда осы № 4 үлгілік базалық бағыты бойынша 4 жобалар тобы бойынша жұмыстар іске асырылып келеді.
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау;
3) Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс қызметтерін дамыту;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Қазіргі таңда, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» бойынша облыстық басқармалар, қала және аудан әкімдіктерінде және оларға қарасты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 529 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша есепті кезеңде облыс бойынша халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру аясында түрлі форматта 33 шара, ал жастар арасында 252 шара ұйымдастырылды.
Мұнан бөлек, ақпараттық жұмыстар бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы облыстық «Qyzylorda» және қалалық «Қоғам ТВ» телеарналарында жаңалықтар қызметінен және арнайы «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік індет», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 3 бейнероликтер дайындалып, телеарналар эфирінен көрсетілді. Жергілікті баспаларда 123 мақала жарияланды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Облыс көлемінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға» бағытталған әлеуметтік тапсырыс бойынша 9 жобаға 34 536 000 теңге қаржы бөлінді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметкерлерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбында 88 қызметкер оқытудан өтті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау» бағыты бойынша Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен облыстық басқармаларға 14 шара, қала және аудан әкімдіктерінде 11 шара мен үкіметтік емес ұйымдарда 2 кездесу өткізілді.
«Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін дамыту» бағыттары бойынша тиісті шаралар сапалы және мерзімінде орындалды.
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсанда ҚР Үкіметінің № 1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Жоғарыда аталған қаулыға сәйкес Қызылорда облысының әкімдігімен «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 27 наурызда № 51 қаулысы қабылданып, атқарылатын функционалдық бағыттарына қарай облыстық басқармалардың 2023-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес Сыбайлас жемқорлық және адалдық тақырыптарында Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 136 көрнекі ақпарат құралы (билборд) орналастырылған. Билбордтартың басым көпшілігі қала және аудан орталықтарында ілініп, орналастырылған.
Сонымен қатар, ақпан айында ақпараттық плакаттар А3 форматта-750 дана, А5 форматта-750 дана (барлығы 1500 дана) және 500 дана брошюралар шығарылды. Ақпараттық плакаттар халық көп шоғырланатын жерлерде (аялдама, базарларда) және ойын сауық орталықтарында таратылып, ілінді.

Облыс әкімі Н. Нәлібаевтың құрылысшылар және көлік қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара барысында сөйлеген сөзі
30 декабря 2024

Облыс әкімі Н. Нәлібаевтың құрылысшылар
және көлік қызметкерлері күніне арналған
шарада сөйлейтін сөзі

Орталық стадион, 2024 жылғы 16 тамыз

 

Қадірлі жерлестер!

Құрметті қала қонақтары!

Құрметті Сыр құрылысшылары мен көлік саласының қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Құрылысшылар күні және Көлік қызметкерлері күнімен барша Сыр жұртшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі мерекелік шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген мәртебелі меймандар мен белді құрылысшылар, сала ардагерлері арнайы қатысуда.
Құрметті қонақтар!
Алты Алашқа ана, барша жұртқа пана болған, қойнауы тарихқа толы киелі Сыр өңіріне қош келдіңіздер!
Сыр елі Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының арқасында қарқынды құрылыс алаңына айналды.
Биылғы жылы құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіші бойынша республикада үздіктер қатарында келеміз.
Құрылысы қарымды елдің экономикасы қай уақытта да қуатты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, құрылысшылардың жасампаз еңбектерінің арқасында халықтың әл - ауқатын арттыруға мүмкіндік мол.
Аймағымыздың ажарын айшықтап, сәулетіне сән қосатын, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін беретін құрылыс индустриясын дамытуда құрылысшыларымыздың үлесі орасан зор.

Құрметті жерлестер!
Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңгені құраса, бүгінде бюджет көлемі 733 млрд. теңгеге жетті.
101,4 пайызға өсім бар.
Оның ішінде құрылыс саласына мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 133 млрд. 400 млн. теңге қаржы бөлінді. Қаржыландыру көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.
Облыс бойынша биылғы жылы 187 жобаның құрылысы жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау мен Ұлттық жобалар аясында биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен өңірімізде 869 мың 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Осылайша, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті.
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.
Өңірде жыл басынан бері 750-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады.
Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бастап қаламызда жаңадан 7, 9, 12 көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.
Өткен жылы өңірде «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары ашылды.
Биыл 1000 орындық «Өнер», жылына 8 мың донацияға арналған «Қан» орталықтарының жаңа ғимараттары пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
2025 жылғы тамыз айында ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен қызылордалықтардың арманына айналған бас шаһарды ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты.
Қаламыздағы 623 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Жоба құны 26 млрд. 200 млн теңге.
Биыл көпқабатты тұрғын үйлердің 50 пайызын ыстық сумен жабдықтау үшін Үкімет резервінен 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қаламыз 2025 жылғы жылу беру маусымында толық ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны
13 млрд. 200 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда. Жаңа ғимараттар жыл аяғында пайдалануға беріледі.
Сол жағалаудан құны 1 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимаратының құрылысы жүргізілуде.
Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде биыл 10 мектеп салынуда.
Сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» жақын арада пайдалануға беріледі.
Тағы 11 мектептің құрылысы басталады.
«Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде.
Алдағы жаңа оқу жылының 2 тоқсанында пайдалануға беріледі.
Облыс орталығында құны 10 млрд. 900 млн. теңгеге «Шығармашылық академиясы» салынуда.

Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 16 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Биыл 11 медициналық нысан жыл соңына дейін табысталады.
Қызылорда қаласында құны 36 млрд. 400 млн. теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде.
Жаңақорған және Арал аудандарында ауылдық аурухананың құрылысы жүруде, жыл соңына дейін ел игілігіне табысталады.
Халықаралық стандарттарға сай 10 000 орындық Орталық стадион (20,9 млрд.теңге) және жабық бассейні бар көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (6,8 млрд.теңге) құрылысы салынуда. Келесі жылы пайдалануға беріледі.
«Самұрық Қазына Траст» қорымен бірге құны 2 млрд. 700 млн. теңге болатын Үстел теннисі орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
Ғимарат қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Осындай игі істердің жалғасы ретінде Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жақын күндері басталады.
«ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен құны 2 млрд. 350 млн. теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан жаңа оқу жылына дейін ел игілігіне табысталады.
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен құны 4 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын Музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда.
Жерлесіміз, меценат Асқар Әубәкіровтың қолдауымен 1 млрд теңгеге Қызылорда қаласының орталық алаңы қайта жаңғыртудан өтті.

Қадірлі жерлестерім!
Бұл – құрыш қолды құрылысшыларымыздың қолы тиген жұмыстардың бір бөлшегі ғана.
Аймақтың дамуына серпін беретін жол – көлік инфрақұрылымы саласында да ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Бұл салада да өз ісін жетік білетін мамандар еңбек етуде.
Өткен жылы аймағымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы көптің көкейінде жүрген «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына дейінгі аумағын төрт жолақты жолға айналдыруға қатысты тарихи шешім қабылдады.
Қазіргі таңда сметалық құжаттары әзірленуде.
Жоба 2024 жылдың төртінші тоқсанында басталады деп күтілуде.
Қоғамда жиі қозғалған «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртудан өтуде. Жоба құны 108 млрд. 500 млн теңгені құрайды.
Қазіргі кезде Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 104 шақырымы аяқталды.
Облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі cоңғы 2 жылда 82 пайыздан (2022 ж.) 87,5 пайызға (2023 ж.) жетті.
Биыл аймақта 43 млрд. теңгеге 300 шақырымнан аса жол жөндеуден өтеді.
Облыс орталығында Әуежайдан – Бибарыс көшесіне дейінгі аралық, қаланың Шиеліден кіре беріс жолы, қаланың магистралды Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы (С.Бейбарыс көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейін) төртжолақты болып кеңейтілуде.
Бұдан бөлек, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы арқылы «Қызылорда-Құмкөл» автомобиль жолы қайта жаңғыртылады.
Жанқожа батыр көшесінен темір жол асты көпірінің құрылысы жүруде. Құны 4,7 млрд теңгені құрайды.
Осылайша, жыл аяғына дейін жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асатын болады.
Қызылорда қаласында құны 975 млн. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі Жаңа автовокзал ғимараты пайдалануға берілді.
Жерлесеміз «Болат Өтемұратов» қорының қолдауымен құны 16 млрд. 600 млн. теңгеге Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы құрылысы аяқталды. Жақын арада ел игілігіне табысталады.
Облыс орталығы - Қызылорда қаласындағы қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында 300 дана заманауи үлгідегі автобус алынып, автобус паркі 100 пайызға жаңартылды.
Қала тұрғындарына төмен бағада қызмет көрсету мақсатында құны 1 млрд. теңгеге 100 дана экотакси алынуда.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен құны 577 млн. теңгеге Темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өткізілді.
Вокзал аумағы абаттандырылып, жаңадан жарық шамдар орнатылды.
Дәл осылай аудандардағы барлық Темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өтетін болады.
«Қызылорда-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызына замануи үлгідегі 44 жаңа вагон сатып алынып, халыққа қызмет көрсетуде.
Қадірлі қонақтар!
Құрылыс, көлік саласында қызмет ету – бұл жай ғана мамандық емес, елге қызмет ету.
Салада қолға алынған әрбір игілікті істе жаздың аптап ыстығы мен қыстың қаһарлы суығына қарамайтын құрылысшыларымыздың қолтаңбасы мен көлік қызметкерлерінің адал еңбегі бар.

Құрметті Сыр құрылысшылары және
көлік саласының қызметкерлері!

Өңірде құрылыс, жол - көлік саласындағы ауқымды жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуына Сіздер зор үлес қосып келесіздер.
Әрбір отбасы ошағының қалануына және халықтың жайлы өмір сүруіне себепкер болып, адал еңбектің озық үлгісін көрсетіп жүрген Сіздер қандай құрметке де лайықсыздар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

 

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың «Мұнай газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Қазақстан мұнайының 125 жыл жылдығына» арналған салтанатты шарада сөйлеген сөздері
30 декабря 2024

Құрметті қонақтар!

Қадірлі мұнай және газ өнеркәсіп саласының

ардагерлері мен қызметкерлері!

 

Сіздерді Мұнай газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесі мен Қазақстан Республикасы мұнайының
125 жылдығымен Сыр жұртшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын.
Бұл өз ғұмырын мұнай-газ өнеркәсібімен байланыстырған геологтар, бұрғылаушылар, энергетиктер, құрылысшылар және тасымалдаушылардың да мерекесі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мұнай және газ саласы отандық шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістерді оқшаулауға айтарлықтай серпін береді» – деген болатын.
Кезінде Құмкөл кенішінің ашылуы – Сыр өңірінің мұнайлы өлке ретінде дамуы мен өнеркәсіптік аймаққа айналуының негізін қалады.
Сол кезеңнен бері Сыр мұнайы экономикамыздың дамуына зор үлесін тигізді. Өңір экономикасының негізгі локомотиві болды.
Қазірдің өзінде, игерілген кен орындарының көпшілігі өндірістің соңғы сатысына шығып, қалған қорларын өндіру қиын болғанымен мұнай-газ саласы біздің аймақтың экономикасын дамытуда үлкен рөл атқарады.
Сыр өңірінде соңғы жылдары мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Жыл басынан бері өңірге барлық көздерден 296,1 млрд. теңге (141,0%) инвестициялар тартылды. Оның 75,6 пайызы жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін жарты триллионнан астам (517,5 млрд.тг) инвестиция тарту жоспарымыз бар.
Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңгені құраса, бүгінде бюджет көлемі 733 млрд. теңгеге жетті. 101,4 пайызға өсім бар.
Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.
Биылғы жылы аймақта 43 млрд. 300 млн. теңгеге ұзындығы 300 шақырымнан аса автомобиль жолдары жөндеуден өтеді. Осылайша жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асады.
Электр энергиямен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.
Биыл облыста құны 30 млрд. теңгеге 11 елдімекен (Сексеуіл және Төретам кенті, Абай, Ақсу, Шәменов, Сейфуллин, Тоқмағанбетов, Алмалы, Досбол Датқа, Бестам, Төменарық ауылдары) газдандырылатын болады. Нәтижесінде өңірдің газбен қамту көрсеткішін 78 пайызға жеткіземіз.
Қазіргі таңда елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2025 жылдың соңына дейін біз облыс аумағындағы барлық елдімекендерді орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ететін боламыз.

Қадірлі қауым!

Мемлекет басшысының қолдауымен облыс орталығы бүгінде қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістердің ордасына айналды.
Облыс бойынша биылғы жылы 187 жобаның құрылысы жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау мен Ұлттық жобалар аясында биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен өңірімізде 869 мың 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Осылайша, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті.
Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі.
Өңірде жыл басынан бері 750-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады.
Жыл басынан бері 1000 орындық «Өнер орталығы», заманауи үлгідегі жаңа автовокзал ғимараты пайдалануға берілді.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы ақпан айында берген тапсырмасына сәйкес Қорқыт ата әуежайы жаңа терминалының құрылысы басталды. Жерлестеріміз үшін бұл өте маңызды жоба. Адағы қыркүйек айында жаңа терминал ел игілігіне табысталады.
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
2025 жылғы тамыз айында пайдалануға беріледі.
Үкіметтің қолдауымен Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту жобасы оң шешімін тапты.
Жоба аясында қаламыздағы 623 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Жобаның жалпы құны 26 млрд. 200 млн. теңге.
Биыл көпқабатты тұрғын үйлердің 50 пайызын ыстық сумен жабдықтау үшін Үкімет резервінен 11 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Қаламыз 2025 жылғы жылу беру маусымында толық ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Биыл «Білімді қолдау қоры» есебінен 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп ел игілігіне табысталады.
Облыс орталығында құны 10 млрд. 900 млн. теңгеге «Шығармашылық академиясы» салынуда.
Қызылорда қаласында 36 млрд. 400 млн. теңгеге 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде.
Құны 2 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын жылына 5 мыңнан 10 мыңға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар жаңа
Қан орталығы пайдалануға берілді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысан салынуда.
Өткен жылы елді мекендерде 16 жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталды.
Жыл соңына дейін 11 медициналық нысан пайдалануға беріледі.
Қаламызда 10 мың орындық Орталық стадион, Үстел теннисі орталығы, жаңа Өлкетану музейі бой көтеруде.
Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 13 млрд. 200 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда.
Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң демеушілер есебінен жаңғыртудан өтті.
Бұл – өңірде қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады.
Мұнай компаниялары да аймақтағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен жобаларды шешуге қолдау көрсетуде.
Соңғы 10 жылда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына 16 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржы аударған.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 10 жыл ішінде 15 млрд. 700 млн. теңге қаржы көлемінде демеушілік көрсетіп келеді.
«ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен құны 2 млрд. 350 млн. теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының құрылысы жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі.
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен жалпы құны 4 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын 650 орындық заманауи үлгідегі жаңа музыкалық колледж құрылысы басталды.
«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы жыл сайын түрлі қайырымдылық акцияларына белсене қатысып, 150 млн. теңгеден астам қаржы аударып келеді.
Биылғы еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты «Торғай Петролеум» (50 млн. теңге) және «Қазгермұнай» (20 млн. теңге) компаниялары 70 млн. теңгеге жуық гуманитарлық көмек көрсетіп, батыс өңірлеріне жолдады.
2004 жылы «Қазгермұнай» компаниясы газ өңдеу қондырғысын орнатып, нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғындары көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.
2010 жылы автокөліктерге арналған сұйытылған газ өңдеу қондырғысын орнатып, тұтынушыларды газбен қамтуда.
Бұл ауқымды жұмыстар аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасының артуына үлкен қолдау деп білемін.
Осы орайда, жан-жақты қолдау көрсеткен барша мұнай және газ компанияларына Сыр өңірі халқының және Өзімнің атымнан ерекше алғысымды білдіремін!
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында Жер қойнауын игеру саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды.
Бүгінгі күні жаңа перспективалы учаскелерді барлау мәселесі өзекті болуда.
Арал шөгінді бассейнінің «Шығыс» және «Батыс» учаскелерінде геологиялық зерделеу жұмыстары жүргізілуде
(2024 жылдың соңында аяқталатын болады). Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 6 млрд. 300 млн. теңге қаржы қаралды.
Биылғы жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының бастамасымен «Торғай-палеозой» кен орнында тереңдігі
5 мың 500 метр ұңғыманы бұрғылау жұмыстары басталды.
Газ тапшылығына жол бермеу мақсатында Үкімет газ кен орындарын дамытуға ерекше көңіл бөлуде.
2022 жылы жергілікті мұнай компаниялары («ПетроҚазақстан Инк.» және «Тұзкөлмұнайгаз») «Казгермұнай» мекемесінің «Оңтүстік Ақсай» кен орнында орналасқан шикі газды өндеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу бойынша Энергетика министрлігімен меморандумға қол қойылды.
Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі жаңа перспективалық мұнай-газ кеніштерін анықтап, облыстың әлеуметтік-экономикасының дамуына ерекше үлес қосады деп сенеміз.

Құрметті мұнай және газ өнеркәсіп саласының
қызметкерлері!

Қарапайым халықтың игілігіне несібе болған қара алтынды игерген Мұнайшылар күнімен Сіздерді тағы да шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еліміздің баянды болашағы мен игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер мен мол табыс тілеймін!
Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты шарада сөйлеген сөзі
30 декабря 2024

Құрметті жерлестер!
Қадірлі зиялы қауым

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – мемлекеттігіміздің тарихи белесі, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды мереке.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн» - деген болатын.
Біз елдігіміз бен бірлігіміздің, сарабдал саясаттың арқасында бабалар аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Қуатты мемлекет ретінде елдігіміздің тұғырын нығайттық.
Әлем елдерімен терезесі тең ел ретінде сындарлы келіссөздер жүргізіп, шекарамызды біржола шегендедік.
Мың тоғыз жүз тоқсаныншы жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды.
Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды.
Декларацияның баптарында халық өз жерінің, өз елінің табиғи байлығының игілігін көруі тиіс деп айқын жазылды.
Тарихи мәні зор бұл құжатта Қазақстанның билік тармағының бөлінісі, ашық та жариялы қоғамның үлгісі көрсетілді.
Декларация «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңға» негіз болды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалға мойымай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұдырықтай жұмыла білдік.
Бiлге қағанның жетінші ғасырда айтқан «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ», - деген сөзінің астарлы мағынасы осыны білдірсе керек.
Мемлекет басшысының «Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады», - деген сөзінің өзектілігі күн санап артуда.
Құндылықтары жиі өзгеріп жататын алмағайып кезеңде қазақстандық әрбір отбасының тұрмыс жағдайының күн санап жақсарып жатқаны міне, осындай бейбіт өмір сүруге деген ұмтылыстың, бірлігіміздің айғағы.
Біз жаңа заман тудырған түрлі сын-қатерлерді ұлттық-мәдени, әкімшілік-аумақтық дамудың жаңа дербес құрылымын қалыптастыру арқылы еңсере алдық.
Президентіміздің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Үкімет пен әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру» деп, аса жауапты міндеттерді жүктеді.
«Қуатты мемлекет – қуатты аймақтар» дегеніміз, Әділетті Қазақстанды құруға қажетті басты қағидат.

Қадірлі жерлестер!

Ұлтымыз ұлықтаған атаулы мерекені Сыр өңірі толағай табыстармен қарсы алуда.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы - Сыр өңіріне келген сапарында облысымызға дамудың үлкен перспективалары бар стратегиялық маңызды өңір деп айрықша оң бағасын берді.
Бүгінгі күні Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облысымыздың бюджеті 744 млрд теңгеден асты. Осыдан екі жыл бұрын 364 млрд теңге болатын.
Өсім 204,4 пайызды құрады.
Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.
Биылғы жылы аймақта 43 млрд теңгеден астам қаржыға ұзындығы 300 шақырымға жуық автомобиль жолдары жөндеуден өтуде.
Соңғы үш жылда 1 мың 271 шақырым жол қайта жөндеуден және жаңғыртудан өтті.
Осылайша жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты.
Электр энергиямен қамту бағытында 2022 жылдан бастап 18 млрд теңгеге 70 жоба жүзеге асырылды.
Биылдың өзінде 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 72 пайыздан
62 пайызға төмендейді.
Биыл облыста құны 30 млрд теңгеге 11 елдімекен газдандырылуда.
Өңірдің газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді.
Қазіргі таңда елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылдан бастап облыс аумағында жалпы құны 16 млрд 800 млн теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға дейін жетті.
2025 жылдың соңына дейін облыс аумағындағы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.
Бүгінде облысымыз қарқынды құрылыс алаңына, өркенді өзгерістердің ордасына айналдуда.
Облыс бойынша биылғы жылы 133 млрд 400 млн теңгеге 187 жобаның құрылысы жүргізілуде.
Мемлекеттік қолдау мен Ұлттық жобалар аясында биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен өңірімізде 863 мың 900 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.
2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.
Биылғы жылы мемлекеттік бюджеттен бөлінген 37 млрд 100 млн теңгеге 3 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріліп,
13 мың тұрғынның баспана мәселесі шешімін табады.
Жыл басынан бері 1000 орындық «Өнер орталығы», заманауи үлгідегі жаңа автовокзал ғимараттары пайдалануға берілді.
Президентіміздің тапсырмасымен салынған Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Жерлестеріміз үшін маңызды саналатын жоба жақын күндері ел игілігіне табысталады.
Мемлекет басшысының қолдауымен Қызылорда қаласында құны 215 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы 240 мегават жаңа жылу электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.
2025 жылғы қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Президентіміздің қолдауымен Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде.
Жоба құны 26 млрд 200 млн теңге.
Келесі жылу беру маусымында қаламыз толық ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Биыл «Білімді қолдау қоры» есебінен құны 7 млрд теңгеге 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолған алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде екі жылда 21 мектеп салынады.
Қазіргі таңда 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы қарқынды жүруде.
Облыстағы барлық білім беру ұйымдары 100 пайыз интернетпен және қауіпсіздік жүйелерімен қамтылған.
Облыс орталығында құны 11 млрд теңгеге «Шығармашылық академиясы» салынуда. Келер жылы ел игілігіне беріледі.
Өңірімізде 2022-2024 жылдары құны 58 млрд 300 млн теңге құрайтын 45 денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қаласында 36 млрд 400 млн теңгеге 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде.
Құны 2 млрд 900 млн теңгені құрайтын жылына 5 мыңнан 10 мыңға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар жаңа Қан орталығы пайдалануға берілді.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 27 нысан салынуда.
Өткен жылы елді мекендерде 16 жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталды.
Қараша айында 11 медициналық нысан пайдалануға беріледі.
Спорт саласында жаңа 15 нысан салынуда.
Құны 20,0 млрд теңгеге 10 мың орындық Орталық стадионның, құны 6,5 млрд теңгенің жабық бассейні бар көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылыстары жүргізілуде. Келесі жылы маусым айында ел игілігіне табыстаймыз.
Жақында Үстел теннисі орталығы мен Оқушылар сарайы ашылып, ел игілігіне табысталды.

Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 11 млрд 500 млн теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда. Барлығы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар Сыр елін көркейтуге, ауылдарды дамытуға белсенді араласып, өз үлестерін қосуда.
Аймағымызда демеушілеріміздің қолдауымен соңғы екі жылда 50 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асуда.
Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң демеушілер есебінен жаңғыртудан өтті.
Бұл – өңірде қолға алынған жұмыстарымыздың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады.
Қадірлі жерлестер!
Егемендік жылдарында қол жеткізген әрбір табысымыз –халқымыздың бірлігі мен берекелі еңбегінің нәтижесінде орын алуда.
Дана халқымыз «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай - ізет», - дейді.
Біздің де басты ұстанымымыз аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси дамуы жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсету, еңбегін лайықты бағалау.
Президентіміздің ерекше қолдауымен соңғы екі жылдың өзінде 160-тан астам жерлесіміз ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның 27-сі еңбек ардагерлері.
Атап өту қажет, 2022 жылы Сыр сахнасында тұңғыш рет І дәрежелі Барыс ордені табысталды.
Өткен жылы Мемлекет басшысының қолынан Имамзада Қуанышбайұлы Шағыртаев еліміздегі ең жоғарғы мемлекеттік награда – Қазақстанның Еңбек Ері атағын алды.
«Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мен несібесі мол» дейді дана халқымыз.
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жерлесіміз, мақтанышымыз, белгілі математик, академик-ғалым, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев ағамызды отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен, «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденімен наградтады.
Бұл награда бір азаматқа ғана емес, еліміздегі ғылымды дамытуға зор үлес қосып жүрген барша ғалымдарға, ұстаздарға берілген жоғары баға.
Президентіміздің болашағымыз жастарды, білімді ұрпақты тәрбиелеуге атсалысып жүрген ұстаздарға деген қамқорлығы, ыстық ықыласы.
Асқар Серқұлұлын жоғары дәрежелі наградаларымен барша Сыр жұртшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Қадірлі жерлестер!

Президентіміздің Сыр өңіріне деген ерекше қамқорлығы мен қолдауы бізге мол мүмкіндіктер беруде.
Ұлттық мереке қарсаңында Ақордада Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан жоғары мемлекеттік наградамен марапатталу құрметіне ие болдым.
Бұл марапат - Мемлекет басшысының Сыр өңірі халқына ыстық ықыласы мен бірлесіп атқарған жұмысымызға берген оң бағасы, барша жерлестеріміздің бекем бірлігі мен тату тірлігінің жемісі!
Сіздерге ерекше қолдауларыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін!
Бұл – жұмысымызды одан әрі жауапкершілікпен жалғастыруға үндейтін үлкен қолдау.
Барша Сыр жұртшылығы атынан туған өңірімізге әрдайым ерекше ықыласпен қолдау білдіретін Президентімізге шынайы, риясыз алығысымызды жеткізгім келеді.
Бүгін Президент Жарлығымен марапатталған барлық жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймын!
Қадірлі зиялы қауым!

Түркі әлемінің абызы, дана Қорқыт Атаның «Ауыр жүктің мехнатын тұғыр емес, тұлпар білер» деген.
Тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жолын кемеңгер халқымыз бен аға ұрпақ біледі.
Егемендікке қол жеткізуді аңсап, өмірін күреспен өткізген ата-бабаларымыздың асыл арманы Тәуелсіздігімізді баянды ету бүгінгі ұрпақ үшін жауапкершілігі зор міндет.
Осыны жас ұрпаққа жеткізіп отыру біздің парызымыз.
Ортақ еңбек пен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз - Әділетті Қазақстанды құрамыз.
Әділетті Қазақстанды – Адал азаматтар құрады.
Баршаңызды Республика күнімен тағыда құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, толайым табыстар тілеймін!
Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Республика күні құтты болсын!

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың жаңа жылдық Бас шыршаның жағылу салтанатында сөйлеген сөзі
30 декабря 2024

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – халықтың зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі, жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт.
Өтіп бара жатқан 2024 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыз қарқынды даму үстінде.
Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты.
Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орында.
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты.
Атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп көлемі – 20,6 (328,4 млрд.теңге), ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 2,5 (199,6 млрд.теңге), көлік және қоймалау көлемі – 3,3 (268,0 млрд. теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 15,3 (810,5 мың шаршы метр), сауда көлемі – 6,5 (734,9 млрд.теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 62 (224,5 млрд.теңге) пайызға артқан.
Өңір экономикасына есепті кезеңде 559 млрд. 373 млн. теңгенің инвестициялары тартылды (өсім 20,5 пайыз). Оның 72 пайызы жеке инвестициялар (402,1 млрд. теңге).
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының нәтижесінде бүгінгі күні облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеге жетті.
Өздеріңіз білесіздер, осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд. теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады.
Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалуда.
Халықтың әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу бағытында нақты шаралар қабылдаудамыз.
Қазіргі таңда елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылдан бастап облыс аумағында жалпы құны 16 млрд 800 млн теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға жетті.
Биылғы жылы өңірде жаңа 13 жобаға 5 млрд. 300 млн. теңге бөлінді.
2025 жылы облыс аумағындағы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.
Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді.
Президентіміздің тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы салынуда.
Бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды.
Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жобалардың бірі.
Аймақ үшін айрықша маңызға ие нысанды келер жылы ел игілігіне табыстайтын боламыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 800 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 1100 МВт-тық жаңа бу газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда.
«Самұрық Энерго» компаниясы тарапынан Катар елінің инвесторымен келісізсөздер жүргізіліп, техникалық экономикалық негіздеме әзірленуде.
Жаңа бу газ қондырғылары Қызылорда қаласының Ұлытау облысына шыға беріс аумақта салынатын болады.
Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 280 гектар жер аумағы бөлінді.
Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарлануда.
Облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтуде.
Президентіміздің қолдауымен бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Жоба құны 26 млрд. 200 млн. теңге.
Келесі жылу беру маусымында қаламыз толық ыстық сумен қамтылады.
Биыл газдандыру жобаларына 30 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 330 шақырым газ желілері салынуда. Нәтижесімен өңірімізді 78 пайызға газбен қамтимыз.
Келесі жылы 10-ның үстінде елді мекендер көгілдір отынға қосылады.
Облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі cоңғы 2 жылда 82 пайыздан (2022 ж.) 87,5 пайызға (2023 ж.) жетті.
Биыл аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан аса жол жөндеуден өтуде. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асады.
2022 жылы республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары
(108,5 млрд. теңге) басталды.

Облыс аумағындағы 216 шақырым жолдың 140 шақырымына реконструкциялау жұмыстары аяқталып, ел игілігіне табысталды. Жоба 2025 жылы толық пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі
566 шақырым жолды 1-санатқа ауыстыру мәселесі бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамымен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (жобамен 1,2 трлн.теңге).
Алдағы наурыз айында құрылысы басталады.
Қаланың негізгі көшелері: әуежайдан – Бибарыс көшесіне дейінгі аралық, қаланың Шиелі ауданынан кіре беріс жолы, Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төртжолақты болып кеңейтілді.
Құны 2,5 млрд. теңгеге «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 2-12 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол асты автожол, Арал қаласында құны 3 млрд. 100 млн теңгеге, Жаңақорған кентінде құны 1 млрд. 400 млн. теңгеге темір жол үстінен өтетін аспалы көпір құрылыстары жүруде.
Қармақшы ауданы Жосалы кентінде құны 5 млрд. 500 млн. теңгеге дәл осындай аспалы көпір құрылысы басталады.
Көлік-логистика саласында да толымды жетістік бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен айда Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Абайұлы Бектенов Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалын салтанатты түрде ашты.
Жобаны іске асыруға Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес Болат Өтемұратов қоры 16 млрд. 600 млн. теңге инвестиция салды.
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Мемлекеттің теңгеріміндегі жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Қазіргі таңда қосымша әуе бағыттарын, оның ішінде халықаралық рейстер ашу бойынша жұмыстар жасалуда.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеден астам қаржыға темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.
Қызылорда қаласында құны 975 млн. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты салынды.
Облыс орталығына 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. теңгеге 100 экотакси алынды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен облысымыз қарқынды құрылыс алаңына айналуда.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд. 100 млн. теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 2 мың 500-ге жуық пәтер ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Осы жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектептің жанынан қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебі облыс орталығынан ашылды.
Қазіргі таңда 6 000 орындық 9 мектептің құрылысы салынуда.
Жыл соңына дейін 4 мектеп ел игілігіне пайдалануға беріледі (қалған 5 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталады).
8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда, мамыр айында табыстайтын боламыз.
«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн. теңгеге заманауи үлгідегі
350 орындық Оқушылар сарайы балаларға тарту етілді.
Күні кеше Жаңақорған ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін ел игілігіне табыстадық.
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4 млрд. 800 млн. теңгеге жаңа музыкалық колледж салынуда. Келесі мамыр айында пайдалануға беріледі.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық аудандарда 27 нысан салу жоспарланған.
Өткен жылы 16 жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталды. Қалған 11 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.
Шиелі ауданының Тартоғай, Алмалы ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды, Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухананы кеше ел игілігіне табыстадық.
Жаңадан облыстық Қан орталығы салынды (республикалық бюджеттен 2 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінді).
Облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес аймақтың барлық елді мекендеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарына
245 санитарлық автокөлік алынып, халыққа қызмет етуде.
Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы, онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы (36,4 млрд. тг) жүруде.
Алдағы уақытта Қызылорда қаласында заманауи перинаталдық орталық құрылысы басталады.
Бұдан бөлек, облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық Орталық стадион
(20,9 млрд.теңге), салынуда.
Құны 6,8 млрд. теңге қаржыға жабық бассейні бар көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді.
Жақын арада Қызылорда қаласында 19 млрд. теңгеге «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.
«Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд 400 млн теңге болатын Үстел теннисі орталығы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар Сыр елін көркейтуге, ауылдарды дамытуға белсенді араласып, өз үлестерін қосуда.
Аймағымызда демеушілеріміздің қолдауымен соңғы екі жылда 50 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асуда.
Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң демеуші есебінен 1 млрд. теңгеге жаңғыртудан өтті.
Аудандарда, ауылдарда демеушілікпен аллеялар мен парктер салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.


Құрметті жерлестер!


Өздеріңізге белгілі, биыл «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде «Руханият жылы» деп жарияланды.
Айтулы жыл көлемінде түрлі әлеуметтік нысандар салынып, ауқымды шаралар атқарылды.
«Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзив театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.
Жыраулық дәстүр өкілдерінің Жыраулар үйі ашылды.
Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда.
Қармақшы ауданындағы «Руханият» орталығы ел игілігіне пайдалануға берілді.
2 млрд. 300 млн. теңгені құрайтын облыстық тарихи-өлкетану музейі салынуда. Келесі жылы наурыз айында пайдалануға беріледі.
Облыс орталығынан құны 11 млрд. теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» салынуда. Келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.
Жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйлерді бүгін алғаш рет мәдениет ұжымдарына 40 жаңа қызметтік пәтер, «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасы бойынша 40 пәтердің кілттерін табыстадық.
Мәдениет және өнер, әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында өткен жылдан бастап «Тұран» сыйлығы дәстүрлі түрде жыл сайын табыстаудамыз.
«Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбындағы «Алтын домбыра» айтысында жерлесіміз Мейірбек Сұлтанханның топтан озып шығып, «Алтын домбыраны» иегері атанғаны туралы ақжолтай хабар жетті.
Араға төрт жыл салып, айтыстың ақтаңгері, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтан кейін иеленген Мейірбек жыр еліндегі сабақтастықтың үзілмегенін тағы бір дәлелдеді.
Бұл жеңіс – аймағымызда жарияланған «Руханият жылының» жемісті түйіні болды.
Баршаңызды Сыр перзентінің «Алтын домбыра» иегері атануымен құттықтаймын!

Қадірлі жерлестер!


Сіздерге соңғы жылдары атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндадым.
Алдағы уақытта да ауқымды жобаларымыз көп. Өздеріңізбен бірлесіп, атқаратын боламыз. Өтер жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Алдымызда айқын міндет, анық жоспарымыз бар.
Жаңа жыл еліміз бен аймағымыз үшін қарымы қарышты, толайым табысты болғай!
Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!

2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі
30 декабря 2024

Қызылорда облысы әкімінің
2024 жылғы «24» желтоқсандағы
№ 276-ө өкімімен бекітілген

2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі

Р/с

Мемлекеттік

аудит

объектісінің

атауы

Аудит

типі

Аудит

түрі

Аудиторлық

 іс-шараның атауы

Аудитті жүргізу мерзімі (кезеңдер)

Аудитпен қамту

кезеңі (жыл) және қамтылатын мемлекеттік қаражаты мен активтердің жоспарлы көлемі*

(мың теңге)

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

1

2

3

4

5

6

9

10

11

1

«Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тиімділік аудиті

Ішкі мемлекеттік аудит

Жергілікті атқарушы органдар мен оларға қарасты мемлекеттік ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаражатты және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит

І-тоқсан

69 623,2

91 254,9

247 400,0

2

«Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

90 784,6

115 596,6

172 284,0

3

«Іңкәрдария ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

65 873,0

85 155,4

99 096,5

4

«М.Шәменов атындағы  ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тиімділік аудиті

Ішкі мемлекеттік аудит

Жергілікті атқарушы органдар мен оларға қарасты мемлекеттік ұйымдарына бюджеттен бөлінген қаражатты және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит

ІI-тоқсан

328 245,9

150 315, 5

94 487, 9

5

«Мәдениет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

119 332,6

105 056,8

119 478,7

6

«Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

191 854,1

94 635,9

116 080,7

7

«Бұқарбай батыр  ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

98 514,5

278 299,6

109 208,3

8

«Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Сәйкестік

 аудиті

 

 

 

 

 

Ішкі мемлекеттік аудит

Жергілікті атқарушы органдар мен оларға қарасты мемлекеттік ұйымдарына еңбекақы қоры үшін бөлінген қаражаттардың заңнамаға сәйкес пайдаланылуының дұрыстығына мемлекеттік аудит

 

 

 

 

 

ІII-тоқсан

     

9

«Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

     

10

«Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11

Бәйгеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты "Бәйгеқұм" ауылдық клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Сәйкестік

 аудиті

Ішкі мемлекеттік аудит

Еңбекақы қоры үшін бөлінген қаражаттардың заңнамаға сәйкес пайдаланылуының дұрыстығына мемлекеттік аудит

IV-тоқсан

     

12

Талаптан ауылдық округі әкімінің аппараты "Бала би" ауылдық мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік

13

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

 

 

 

 

 

Тиімділік аудиті

 

 

 

 

 

Ішкі мемлекеттік аудит

Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаражатты және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит

 

 

 

 

 

IV-тоқсан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қызылорда облысының әкімдігінің қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2024 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат
27 декабря 2024
  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 17-ө өкімі (69,70-тармақтар)

Р/с

Құқықтық  актінің  атауы

Актінің  нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі)

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

1.

«Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары шешімдері

Аудандық (қалалық) мәслихаттары

2024 жылдың ақпан айы

1. Арал ауданы -

Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 273 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылы 9 қыркүйектегі № 8552-11 болып тіркелді);

2. Қазалы ауданы -

Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 шілдедегі № 261 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылы 5 тамызда № 8542-11 болып тіркелді);

3. Қармақшы ауданы -

Аудандық мәслихаттының 2024 жылғы  25 қыркұйектегі № 201 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылы 27 қыркұйекте № 8554-11 болып тіркелді);

4. Жалағаш ауданы -

Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 шілдедегі № 21-1 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 шілдеде № 8529-11 болып тіркелді);

5. Сырдария ауданы -

Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 шілдедегі № 129 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 тамызда № 8540-11 болып тіркелді);

6. Қызылорда қаласы -

Қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 154-20/1 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 мамырда № 8518-11 болып тіркелді);

7. Шиелі ауданы -

Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 тамыздағы № 18/3 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 тамызда № 8546-11 болып тіркелді);

8. Жаңақорған ауданы – жоба Әділет департаментіне келісім алу сатысында.

 

 

 

 

 

 

2.

«Тұрғын үй көмегін көрсетудің өлшемі мен тәртібі туралы» республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары шешімдері

Аудандық (қалалық) мәслихаттары

2024 жылдың ақпан айы

1. Арал ауданы - аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 қазандағы № 281 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қазанда № 8562-11 болып тіркелді);

2. Қазалы ауданы – аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 қазандағы № 300 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 қазанда № 8565-11 болып тіркелді);

3. Қармақшы ауданы

– аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 224 шешiмi (Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 18 желтоқсанда № 8571-11 болып тiркелді);

4. Жалағаш ауданы - аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 25-1 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қазанда № 8564-11 болып тіркелді);

5. Сырдария ауданы – аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 қазандағы № 138 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қазанда № 8558-11 болып тіркелді);

6. Қызылорда қаласы – қалалық мәслихатының 2024 жылғы 1 қарашадағы № 199-28/2 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 қарашада № 8567-11 болып тіркелді);

7. Шиелі ауданы -

шешім жобасы «Ашық НҚА»-да қалыптастырылған;

8. Жаңақорған ауданы - аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20  желтоқсандағы № 298 шешімі (Әділет департаментінде 2024 жылы 25 желтоқсанда № 8574-11 болып тіркелді).

 

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 33-ө өкімі (32-тармақ)

Р/с

Құқықтық  актінің  атауы

Актінің  нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі)

Қосымша ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасы әкімдіктерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

әкімдіктің қаулысы 

Облыстық білім басқармасы

2024 жылдың сәуір айы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы  28 тамыздағы № 146 қаулысы (2024 жылғы 29 тамызда № 8551-11 болып тіркелді)

 

Социальные сети
Telegram
YouTube
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы