Лого

Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі Н.М. Нәлібаевтың жаңа жылдық Бас шыршаның жағылу салтанатында сөйлеген сөзі

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – халықтың зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі, жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт.
Өтіп бара жатқан 2024 жыл өңіріміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңірін ерекше қолдауының арқасында бүгінгі күні облысымыз қарқынды даму үстінде.
Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты.
Өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы орында.
2024 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша өсім қалыптасты.
Атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп көлемі – 20,6 (328,4 млрд.теңге), ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 2,5 (199,6 млрд.теңге), көлік және қоймалау көлемі – 3,3 (268,0 млрд. теңге), пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 15,3 (810,5 мың шаршы метр), сауда көлемі – 6,5 (734,9 млрд.теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 62 (224,5 млрд.теңге) пайызға артқан.
Өңір экономикасына есепті кезеңде 559 млрд. 373 млн. теңгенің инвестициялары тартылды (өсім 20,5 пайыз). Оның 72 пайызы жеке инвестициялар (402,1 млрд. теңге).
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының нәтижесінде бүгінгі күні облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеге жетті.
Өздеріңіз білесіздер, осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд. теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады.
Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалуда.
Халықтың әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу бағытында нақты шаралар қабылдаудамыз.
Қазіргі таңда елдімекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылдан бастап облыс аумағында жалпы құны 16 млрд 800 млн теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асырылды.
Нәтижесінде, халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға жетті.
Биылғы жылы өңірде жаңа 13 жобаға 5 млрд. 300 млн. теңге бөлінді.
2025 жылы облыс аумағындағы барлық елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.
Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында құны 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді.
Президентіміздің тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жаңа жылу электр орталығының құрылысы салынуда.
Бүгінде инвестор – «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды.
Жаңа жылу-электр станциясы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жобалардың бірі.
Аймақ үшін айрықша маңызға ие нысанды келер жылы ел игілігіне табыстайтын боламыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Қызылорда облысында құны 800 млрд. теңгені құрайтын қуаттылығы 1100 МВт-тық жаңа бу газ қондырғыларының құрылысы жоспарлануда.
«Самұрық Энерго» компаниясы тарапынан Катар елінің инвесторымен келісізсөздер жүргізіліп, техникалық экономикалық негіздеме әзірленуде.
Жаңа бу газ қондырғылары Қызылорда қаласының Ұлытау облысына шыға беріс аумақта салынатын болады.
Бұл жұмыстарға әкімдік тарапынан 280 гектар жер аумағы бөлінді.
Станцияны 2029 жылы толығымен іске қосу жоспарлануда.
Облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтуде.
Президентіміздің қолдауымен бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Жоба құны 26 млрд. 200 млн. теңге.
Келесі жылу беру маусымында қаламыз толық ыстық сумен қамтылады.
Биыл газдандыру жобаларына 30 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 330 шақырым газ желілері салынуда. Нәтижесімен өңірімізді 78 пайызға газбен қамтимыз.
Келесі жылы 10-ның үстінде елді мекендер көгілдір отынға қосылады.
Облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі cоңғы 2 жылда 82 пайыздан (2022 ж.) 87,5 пайызға (2023 ж.) жетті.
Биыл аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан аса жол жөндеуден өтуде. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асады.
2022 жылы республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары
(108,5 млрд. теңге) басталды.

Облыс аумағындағы 216 шақырым жолдың 140 шақырымына реконструкциялау жұмыстары аяқталып, ел игілігіне табысталды. Жоба 2025 жылы толық пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі
566 шақырым жолды 1-санатқа ауыстыру мәселесі бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамымен жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде (жобамен 1,2 трлн.теңге).
Алдағы наурыз айында құрылысы басталады.
Қаланың негізгі көшелері: әуежайдан – Бибарыс көшесіне дейінгі аралық, қаланың Шиелі ауданынан кіре беріс жолы, Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төртжолақты болып кеңейтілді.
Құны 2,5 млрд. теңгеге «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 2-12 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін темір жол асты автожол, Арал қаласында құны 3 млрд. 100 млн теңгеге, Жаңақорған кентінде құны 1 млрд. 400 млн. теңгеге темір жол үстінен өтетін аспалы көпір құрылыстары жүруде.
Қармақшы ауданы Жосалы кентінде құны 5 млрд. 500 млн. теңгеге дәл осындай аспалы көпір құрылысы басталады.
Көлік-логистика саласында да толымды жетістік бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен айда Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Олжас Абайұлы Бектенов Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалын салтанатты түрде ашты.
Жобаны іске асыруға Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес Болат Өтемұратов қоры 16 млрд. 600 млн. теңге инвестиция салды.
Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.
Мемлекеттің теңгеріміндегі жаңа терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Қазіргі таңда қосымша әуе бағыттарын, оның ішінде халықаралық рейстер ашу бойынша жұмыстар жасалуда.
«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеден астам қаржыға темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.
Қызылорда қаласында құны 975 млн. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты салынды.
Облыс орталығына 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд. теңгеге 100 экотакси алынды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен облысымыз қарқынды құрылыс алаңына айналуда.
Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39 млрд. 100 млн. теңге қаралды. Жыл қорытындысымен 2 мың 500-ге жуық пәтер ел игілігіне пайдалануға беріледі.
Осы жылы жаңадан 3 мектеп, 5 мектептің жанынан қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілді.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебі облыс орталығынан ашылды.
Қазіргі таңда 6 000 орындық 9 мектептің құрылысы салынуда.
Жыл соңына дейін 4 мектеп ел игілігіне пайдалануға беріледі (қалған 5 мектептің құрылысы 2025 жылы аяқталады).
8 млрд. 400 млн. теңге болатын дарынды балаларға арналған 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты салынуда, мамыр айында табыстайтын боламыз.
«ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд. 500 млн. теңгеге заманауи үлгідегі
350 орындық Оқушылар сарайы балаларға тарту етілді.
Күні кеше Жаңақорған ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін ел игілігіне табыстадық.
«Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4 млрд. 800 млн. теңгеге жаңа музыкалық колледж салынуда. Келесі мамыр айында пайдалануға беріледі.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық аудандарда 27 нысан салу жоспарланған.
Өткен жылы 16 жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталды. Қалған 11 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды.
Шиелі ауданының Тартоғай, Алмалы ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды, Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса 15 төсекке арналған ауылдық аурухананы кеше ел игілігіне табыстадық.
Жаңадан облыстық Қан орталығы салынды (республикалық бюджеттен 2 млрд. 700 млн. теңге қаржы бөлінді).
Облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес аймақтың барлық елді мекендеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарына
245 санитарлық автокөлік алынып, халыққа қызмет етуде.
Облыс орталығында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы, онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы (36,4 млрд. тг) жүруде.
Алдағы уақытта Қызылорда қаласында заманауи перинаталдық орталық құрылысы басталады.
Бұдан бөлек, облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес 11 мың орындық Орталық стадион
(20,9 млрд.теңге), салынуда.
Құны 6,8 млрд. теңге қаржыға жабық бассейні бар көп салалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді.
Жақын арада Қызылорда қаласында 19 млрд. теңгеге «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталады.
«Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд 400 млн теңге болатын Үстел теннисі орталығы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер, облыстан шыққан меценаттар Сыр елін көркейтуге, ауылдарды дамытуға белсенді араласып, өз үлестерін қосуда.
Аймағымызда демеушілеріміздің қолдауымен соңғы екі жылда 50 млрд. теңгенің жобалары жүзеге асуда.
Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Орталық алаң демеуші есебінен 1 млрд. теңгеге жаңғыртудан өтті.
Аудандарда, ауылдарда демеушілікпен аллеялар мен парктер салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.


Құрметті жерлестер!


Өздеріңізге белгілі, биыл «Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде «Руханият жылы» деп жарияланды.
Айтулы жыл көлемінде түрлі әлеуметтік нысандар салынып, ауқымды шаралар атқарылды.
«Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», 1000 орындық «Өнер» орталығы салынып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзив театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды.
Жыраулық дәстүр өкілдерінің Жыраулар үйі ашылды.
Барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын «Руханият» орталықтары салынуда.
Қармақшы ауданындағы «Руханият» орталығы ел игілігіне пайдалануға берілді.
2 млрд. 300 млн. теңгені құрайтын облыстық тарихи-өлкетану музейі салынуда. Келесі жылы наурыз айында пайдалануға беріледі.
Облыс орталығынан құны 11 млрд. теңгені құрайтын «Шығармашылық академиясы» салынуда. Келесі жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі.
Жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйлерді бүгін алғаш рет мәдениет ұжымдарына 40 жаңа қызметтік пәтер, «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасы бойынша 40 пәтердің кілттерін табыстадық.
Мәдениет және өнер, әдебиет өкілдерін қолдау мақсатында өткен жылдан бастап «Тұран» сыйлығы дәстүрлі түрде жыл сайын табыстаудамыз.
«Төрлет, еңбек адамы!» тақырыбындағы «Алтын домбыра» айтысында жерлесіміз Мейірбек Сұлтанханның топтан озып шығып, «Алтын домбыраны» иегері атанғаны туралы ақжолтай хабар жетті.
Араға төрт жыл салып, айтыстың ақтаңгері, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтан кейін иеленген Мейірбек жыр еліндегі сабақтастықтың үзілмегенін тағы бір дәлелдеді.
Бұл жеңіс – аймағымызда жарияланған «Руханият жылының» жемісті түйіні болды.
Баршаңызды Сыр перзентінің «Алтын домбыра» иегері атануымен құттықтаймын!

Қадірлі жерлестер!


Сіздерге соңғы жылдары атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндадым.
Алдағы уақытта да ауқымды жобаларымыз көп. Өздеріңізбен бірлесіп, атқаратын боламыз. Өтер жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Алдымызда айқын міндет, анық жоспарымыз бар.
Жаңа жыл еліміз бен аймағымыз үшін қарымы қарышты, толайым табысты болғай!
Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!

Дата публикации
30 декабря 2024
Дата обновления
30 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

Собеседование
27 мая 2025
Собеседование общего конкурса от 21.05.2025 г.
22 мая 2025
Состоялось заседание постоянной комиссии областного маслихата по бюджету
Информация
22 мая 2025
Состоялось заседание постоянной комиссии по вопросам экологии, производства, развития хозяйства и предпринимательства

Социальные медиа

Telegram
Facebook
YouTube
Instagram

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации