«Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ Батыс Қазақстан облысы аумағында таратылатын электрондық БАҚ (телеарналар), интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімі бар конвертер Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 («Аманат» партиясы ғимараты), 304-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ 2024 жылғы 29 мамыр, Астана уақыты бойынша сағ.17.00 дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 ((«Аманат» партиясы ғимараты), 205-кабинет мекенжайы бойынша 2024 жылғы 30 мамыр, сағат 15.00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (болған жағдайда) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (болған жағдайда) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және « (тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
БҚО 2024 тем линия каз мест печатные
БҚО 2024 тем линия каз респ инт
БҚО 2024 тем линия каз респ печатные