ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Орал қ. 27 маусым 2025 жыл
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 8-бабы 5-тармағына, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (Бұдан әрі - Департамент) басшысының 2025 жылғы 16 маусымдағы №45 НҚ бұйрығы негізінде 2025 жылғы 16-27 маусым аралығында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
1.Талдаудын мақсаты мен міндеттері.
Талдау мақсаты – Департаментте сыбайлас жемқорлықпен күресу және жою.
Талдаудың міндеті – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою.
Талдау бағыттары:
1) Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қағидаларының 15 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналган ақпарат көздері:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;
2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;
3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;
4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) талдау объектісінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауапқа тарту туралы мәліметтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;
11) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрастыру (сұхбат) нәтижелері;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады.
1. НҚА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ.
1.1. Еңбек қызметіне байланысты арнайы тергеп тексерулер жүргізу.
Салалық құқықтық актілер: 23.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК), 05.07.2014 жылғы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК).
ҚР ЕК сәйкес өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді жұмыстың ауырлығы туралы қорытындыны алғаннан кейін 24 сағат ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия жүргізеді және мемлекеттік еңбек инспекторы комиссияның төрағасы болып табылады.
Егер өндіріске байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғаны анықталса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданады және жұмыс беруші мен жұмыскердің кінәсінің дәрежесін пайызбен анықтайды.
Сонымен бірге, еңбек заңнамасымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен тараптардың кінәсі аралас болған жағдайда, жұмыскер мен жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін пайызбен анықтаудың нақты мәселесі реттемелмеген, яғни арнайы тергеп-тексеру комиссиясы аталған пайыздық көрсеткішті өз қалауы бойынша жүргізеді (арнайы тергеу барысында жиналған материалдар негізінде).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің құқықтық қайшылықтарымен байланысты өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының тараптардың кінәсінің пайызын жүйесіз қолдану мүмкіндігі.
Ұсынылды: өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде тараптардың кінәсінің пайызын есептеу механизмін енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс хат жолдау.
1.2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын мәжбүрлеу үшін материалдарды сот органдарына жіберу немесе жібермеу туралы өз бетінше шешім қабылдау.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын мәжбүрлеу үшін материалдарды сот органдарына жіберу немесе жібермеу туралы өз бетінше шешім қабылдау. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде тиісті орындау мерзімі бар нұсқама беріледі.
Нұсқама орындалмаған жағдайда лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін материалдарды сот органдарына беруге міндетті. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқаманы мәжбүрлеп орындауы туралы сотқа жүгіну құқығы көзделмеген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Мемлекеттік еңбек инспекторлары нұсқамалар бере алатындықтан және орындалмаған жағдайда кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылады және болашақта нұсқамаларды орындамауды жалғастыра алады, өйткені мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан нұсқаманы орындауды мәжбүрлеу бойынша заңнамалық тұтқалар жоқ.
Ұсынылды: ҚР Еңбек кодексінің 193-бабына «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, ұйғарымның орындалуын мәжбүрлеу үшін сот орындаушыларына материалдар жіберу» деген тіркеспен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті хат жолдау ұсынылады.
2.1. Персоналды басқару.
Салалық құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметтің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы.
Кадр қозғалысы.
Кадрлық қамтамасыз ету – 15 мемлекеттік әкімшілік қызметші. Нақты саны – 13 әкімшілік мемлекеттік қызметші.
Қазіргі таңда 2 бос орын бар. Оның бір бос орнына конкурс жарияланып, рәсімдері жүргізілуде, ал, екінші бос орны бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты, жарияланған жоқ.
Атап өту қажет, кадрлық қамтамасыз ету орталықтандырылған, яғни Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүргізіледі.
Тәртіптік тәжірибе.
2024 жылдың 1 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін 5 әкімшілік мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олар:
1 – қатаң сөгіс, 1 – сөгіс, 3 – ескерту.
Мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта тиісті заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі қатаң ескерту, үнемі бақылауда ұстау, сондай-ақ бұзушылықтарды алдын алу мақсатында уәкілетті органдар өкілдерін тарта отырып құқықтық оқытулар өткізуді жалғастыру ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.2. Мүдделер қақтығысы.
Департамент қызметкерлері арасында ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстық байланыстары бар тұлғалар және ұсынылған ақпараттарды талдау барысында мүдделер қақтығысы, сондай-ақ тиесілілік фактілері және жақын туыстары (ата-анасы (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, толық және толық аға-інілері мен апалары, ата-әжелер, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағынатын мемлекеттік лауазымдарды атқару фактілері анықталған жоқ. Барлық қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады.
БАҚ-та қызметкерлерге қатысты теріс ақпарат жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.3. Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
2.4. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы.
Салалық құқықтық актілер: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 Қаулысы, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.
Жалпы ақпарат: Талдау объектісі бойынша құжат айналымының нысаны электрондық. Барлық құжаттар Documentolog электронды құжат айналымы жүйесі арқылы жүргізіледі. Хаттарға жауаптар пошта арқылы да жолданады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Салалық құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘРПК).
Жалпы ақпарат: 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін жеке және заңды тұлғалардан 848 өтініш түсті. Жауаптар E-otinish платформасына және Қазақстан Республикасының ҚР ӘРПК көзделген талаптарға сәйкес беріледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды 15 мемлекеттік еңбек инспекторы жүргізуде.
Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары бойынша 10 мың жұмысшыға 1 мемлекеттік еңбек инспекторы қолайлы деп саналса, біздің облыс бойынша 1 мемлекеттік еңбек инспекторына 15 759 жұмысшы келеді (облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша мекемелер мен кәсіпорындардағы қызметкерлер саны – 236 399 адамды құрайды).
Осы орайда, тексеру жүргізу, арнайы тергеп-тексеру, жұмыс берушілерді әкімшілік жауапқа тарту, нұсқаманы орындау бойынша қайта тексеру, профилактикалық бақылау, жұмыс берушінің қызметін декларациялау, азаматтар мен жұмыс берушілерді қабылдау және құжаттармен жұмыстанудағы мемлекеттік еңбек инспекторларының жүктемелерін ескере отырып, Департменттің штат санын кемінде 8 мемлекеттік еңбек инспекторына арттыру қажет.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: Штат санының Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкес келмеуі.
Ұсыныстар: Департамент штатын 23 мемлекеттік еңбек инспекторына дейін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс хат жолдау.
Соттардан келіп түскен хабарламалар бойынша Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары өз талаптарын білдірмей, үшінші тұлға ретінде қатысып, сот материалдары бойынша Пікірлер береді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг деректері бойынша Талдау объектісінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотпен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша департаментімен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы қыркүектен 2025 жылдың өткен кезеңіне дейінгі қызметінде тексерулерді тіркеу және есепке алу жөніндегі заңнама талаптарының сақталуына талдау мен тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторларымен тексеру тағайындау және жүргізу шарттарын реттейтін заңнама талаптарының толық көлемде сақталмайтыны анықталды.
Тексеру нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта жол бермеу үшін прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Аталмыш акті Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің БҚО бойынша департаментінің жауапты мамандарымен талқыланып, бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік еңбек инспекторы тәртіптіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметшілерге алдағы уақытта тиісті заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін қатаң ескерту, үнемі бақылауда ұстау, сондай-ақ бұзушылықтарды алдын алу мақсатында уәкілетті органдар өкілдерін тарта отырып құқықтық оқытулар өткізуді жалғастыру ұсынылады.
Талдау барысында талдау объектісінің уәкілетті тұлғаларынан, құқық қорғау органдарынан, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен немесе азаматтардан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар түскен жоқ.
БАҚ мониторингі деректері бойынша 2024 жылдың 1 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін Департаменттің қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері мен теріс материалдар туралы жарияланымдар болған жоқ. Әлеуметтік желілердің, блог платформалардың және басқа да интернет-ресурстардың ақпараттық талдауы да жоғарыда аталған хабарламаларды анықтаған жоқ.
Талдау объектісінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмайды.
Атап өту қажет, бұл қызмет орталықтандырылған, яғни Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүргізіледі.
Талдау объектісінде ақылы қызметтер жоқ.
Талдау объектісінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің келесі түрлері анықталды:
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің құқықтық қайшылықтарымен байланысты өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының тараптардың кінәсінің пайызын жүйесіз қолдану мүмкіндігі;
- Мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан нұсқаманы орындауды мәжбүрлеу бойынша заңнамалық тұтқалардың жоқтығы;
- Мемлекеттік еңбек инспекторларының штат санының лимиті мен Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары арасындағы айқын сәйкессіздік.
ҰСЫНЫСТАР:
Жоғарыда айтылғандардың негізінде біз мыналарды ұсынамыз:
Басшысының орынбасары А. Туйгинбетов
Жұмыс тобының мүшелері: А. Батыров
М.Мырзаш
М. Сапарғалиев
Т. Асылбеков
Г. Рыскалиева
«БЕКІТІЛДІ»
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ басшысының у.м.а ____________А. Туйгинбетов
«30» маусым 2025 жыл
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі
іс-шаралар жоспары
р/с№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны орындау мерзімі |
1. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын жою мақсатында өндіріспен байланысты жазатайым оқиғаларды арнайы тексерулер кезінде тараптардың кінәсінің пайызын есептеу механизмін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге енгізу қажет. |
Арнайы тергеп-тексерулер жүргізу кезінде тараптардың кінәсінің пайызын есептеу механизмін тиісті нормативтік құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізу қажеттігі туралы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсыныс жолдау. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс жолдау |
Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі |
2025 жылдың шілде айы |
2. |
Мемлекеттік еңбек инспекторлары нұсқамалар бере алатындықтан және орындалмаған жағдайда кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылады және болашақта нұсқамаларды орындамауды жалғастыра алады, өйткені мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан нұсқаманы орындауды мәжбүрлеу бойынша заңнамалық тұтқалар жоқ. |
ҚР Еңбек кодексінің 193-бабына «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, нұсқаманың орындалуын мәжбүрлеу үшін сот орындаушыларына материалдар жіберу» деген тіркеспен толықтырулар енгізу туралы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсыныс жолдау. |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс жолдау |
Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі |
2025 жылдың шілде айы |
3 |
Мемлекеттік еңбек инспекторларының функционалдық міндеттерін объективті және жан-жақты жүзеге асыруы үшін ХЕҰ ұсынымдарына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының штат санының лимитін нормативті түрде белгілеу қажет (10 000 жұмысшыға шаққанда 1 мемлекеттік еңбек инспекторы), осылайша Департамент штатын кемінде 8 мемлекеттік еңбек инспекторына арттыру ұсынылады. |
Мемлекеттік еңбек инспекторларының штатын арттыру қажеттігі туралы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсыныс жолдау. |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек комитетіне ұсыныс жолдау |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
2025 жылдың шілде айы |
«БЕКІТЕМІН»
«Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы
_________________А.Досжанов
«___» ___________2024 жыл
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ-нің
2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
Мемлекеттік қызметшілердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік қызметіне ынталандырудың тәсілдерін жетілдіру |
жыл бойы |
Басшылық, Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
2 |
Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі туралы БАҚ-та жарияланған жағымсыз мақалалардың мониторингін жүргізу |
жыл бойы |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
3 |
Интернет ресурста, әлеуметтік желі парақшаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық шараларды жүйелі орналастыру және өзектендіру |
жыл бойы |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
4 |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы заңнама негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру |
тоқсан сайын |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
5 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
жыл бойы |
Басшылық, Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі, Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
6 |
«Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған жәшіктің жұмысын қадағалау |
жыл бойы |
Басшылық, Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
7 |
Қызметкерлердің жыл сайынғы кірістер және мүліктер туралы декларацияны уақытында тапсырылуын ұйымдастыру және қадағалау |
15 қыркүйекке дейін |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
8 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан жоспарға сәйкес оқуларын қамтамасыз ету |
жыл бойы |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
9 |
Арнайы деректер базасында мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаулары бойынша мониторинг жүргізу |
тоқсан сайын |
Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
10 |
Мемлекеттік еңбек инспекторларының бейнетіркегіштерді қолдану және бекітілген мерзімде ондағы жазбаларды жауапты тұлғаға тапсыру, мемлекеттік қызметке байланысты шектеулермен тексеріске шығу, емтиханға бару алдында жазбаша түрде журналға қол қою арқылы танысып отыру |
жыл бойы |
Басшылық, Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімі, Еңбек саласын бақылау және талдау бөлімі |
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 17 бабына сәйкес, еңбек инспекциясы өндірістік жарақаттанудың себептеріне талдау жүргізеді және олардың профилактикасы жөнінде шараларды қабылдайды.
2021 жылдың І жартыжылдығында (2021 жылдың І жартыжылдығында) 28 (31) өндіріспен байланысты жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде 2 (2) топтық.
Жазатайым оқиғалардан 32 (34) адам зардап шекті, оның ішінде:
4 (2) қаза тапқан;
22 (27) адам ауыр жарақат алған;
6 (5) адамтоптық жазатайым оқиғалардан зардап шеккен.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде еңбек инспекторларымен 5 (2) нұсқама берілді.
Жазатайым оқиғаларға 40 (43) арнайы тексеру жүргізілді, оның ішінде өндірістегі жазатайым оқиғалар саны - 28 (31). Құқық қорғау органдарына 28 (31) материал жолданды.
Қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында, қазіргі таңда:
- 16 кәсіпорны еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өтті.
- 889 астам басшылар мен мамандар оқу орталықтарында еңбекті қорғау және қауіпсіздігі бойынша білімдерін тексеруден өтті.
- облыс кәсіпорындарында 600 астам өндірістік кеңес жұмыс істейді, олардың міндеттеріне өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайына тексеру жүргізуді ұйымдастыру кіреді.
- бүгінде «Vizion Zero» тұжырымдамасын қолдау мақсатында облыстың 75 ұйымы ресми сайтта «Компания» ретінде тіркелді.
Сонымен қатар, жарақаттану деңгейін төмендету және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында, «2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын азайту жөніндегі республикалық Жол картасы» іске асырылуда, әлеуметтік әріптестермен бірлесе облыс кәсіпорындарында мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Халықтық бақылау» жобасы (4 кәсіпорында енгізілген), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық, ұлттық стандарттар (121 кәсіпорында енгізілген) енгізілуде.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында.
Бұл бағыттағы жұмыстар, «Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу саласындағы өзара іс-қимылдар жөніндегі шаралар және ақпарат алмасу тәртібі туралы» Бірлескен бұйрыққа сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңбұзушылықтарды анықтап, оларды жою және жедел ақпарат алмасу бойынша үйлестірілген іс-шаралар кешенін қабылдау жолымен жүзеге асуда.
Атқарылған шаралардың негізінде әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатері бойынша мониторинг жүргізіледі.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарының проблемалық сұрақтары Дағдарысқа қарсы штаб пен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияларда тұрақты түрде қаралып келеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының алдын алу және реттеу жұмыстары «Еңбек жанжалдарын болдырмау және шешу жөніндегі шаралар қабылдау алгоритмі» аясында жүргізіліп келеді.
«Covid-19» ауруының өршуі және оның алдын алу бойынша қатаң шектеу шаралары көпшілік кәіпорындардың экономикалық жағдайына теріс ықпал етті. Нәтижесінде кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі құлдырап, өндіріс байланыстары үзіліп, өндірілетін өнімдер мен қызметтерге сұраныс төмендеді.
Осыған байланысты, жұмыс берушілер өз жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көлемін шектетіп, танымал емес оңтайландыру шараларын қабылдады.
Аталған жағдайлардың жиынтығы ұжымдарда әлеуметтік шиеленістің өршуіне алғышарттар қалыптастырды.
Осыған орай, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында 2020 жылдың 4, 14, 20 тамызында және 11 қыркүйегінде өткізілген Бөрлі адандық, Орал қаласының және облыстық үшжақты комиссияларының отырыстарында кәсіпорындардағы еңбек қақтығыстарын ескерту, соның ішінде Қарашығанақ пен Чинарев кен орнының негізгі операторлары «КПО б.в.» мен «Жайықмұнай» ЖШС қатысты мәселелер қарастырылды.
Сонымен қатар, еңбек инспекциясы басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп «Covid-19 таралуынан ең көп зардап шеккен бизнес субъектілердегі шиеленіс ошақтары мен наразылықтарды азайту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын» әзірледі, жоспар келесі шараларды қамтиды:
- «Covid-19» таралуынан неғұрлым зардап шеккен ірі және орта бизнес субъектілерінің жай-күйі туралы ақпарат жинауды жүзеге асыру;
- КВИ-дің таралуына жол бермеу бойынша жұмыс берушілер қолданып жатқан шараларға және еңбек ұжымдарының әлеуметтік жағдайына теріс ықпал етудің алғышарттарына кешенді талдау жүргізу;
- Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша шұғыл әрекет ету және тиісті шаралар қабылдау (жалақы төлемеу, заңсыз жұмыстан босату, қызметкерлерді жалақысы сақталмайтын демалыс беру бойынша мәжбүрлеу);
- Жұмыс берушілермен Еңбек кодексінің қолданыстағы тетіктерін барынша қолдана отырып, жұмыс орындарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (кәсіпорындарда толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, басқа заңды тұлғаларға іссапарға жіберу және т. б.);
- және т.б.
Әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қатері бойынша Мониторингке сәйкес: қазіргі таңда жалақы берешегі 2 кәсіпорында 96 адамның алдында 33,236 млн. теңгені құрайды.
Анықтама: Банкрот: «Алатау-Альдан-Агро» ЖШС – 3 қызметкерге 3,3 млн. теңге – 17.03.2020 жылы косылды; Оңалту: «Бірлік» ЖШС – 93 қызметкерге 29,936 млн.теңге – 01.07.2020 жылы қосылды.
Аталмыш кәсіпорындарда мүлікке тиым салу және сатуды қоса алғанда, жалақы берешектерін өтеу бойынша заңнама аясында қарастырылған барлық шаралар қабылдануда.
Жалақы берешегі бар кәсіпорындар басшылары Дағдарысқа қарсы штабтың және облыс әкімдігі жанындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиясының отырыстарында тұрақты түрде есеп беріп отырады.
Атқарылған шаралардың нәтижесінде, 2020 жылы 39 мекемеде 93,542 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешектері өтеліп, 444 қызметкердің құқықтары қорғалып, еңбек дауларының алдын алуға жағдай жасалды.
Әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекциясы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен бірлесе еңбек заңнамасы негіздері бойынша түсіндіру, кеңес беру сияқты жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұстанымының негізінде, «Короновирус инфекциясының алдын алу бойынша шаралар қабылдау кезеңіндегі еңбек қатынастарының ерекшеліктері» бойынша жадынама дайындалып, таратылды.
Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде, еңбек инспекторлары Орал қаласы әкімдігімен ұйымдастырылған байланыс орталығының құрамында болып, шектеу шаралары кезеңіндегі еңбек қатынастарының ерекшеліктері бойынша азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, «БҚО Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан 2020 жылдың наурыз айында келіссөздер жүргізушілер тобы, БҚО Кәсіподақтар орталығының, «Nur Otan» партиясының БҚО филиалының және БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының өкілдерінен құрылып, жұмыс атқарып келеді.
Жалпы қазіргі таңда, еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру бойынша еңбек инспекциясының қызметкерлері еңбек ұжымдарында 98 кездесу өткізіп, 1527 қызметкер мен жұмыс берушінің өкілін қамтыды.
Ақпараттық сүйемелдеу мақсатында жыл басынан бері еңбек инспекторлары 22 ретаумақтық БАҚ арқылы ең талап қойылған әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша түсінік беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының бұзылуы орын алуына және еңбек заңнамасы бойынша түсінік беру мәселесіне байланысты, 2020 жылы барлығы 779 арыз-шағымдар мен өтініштер тіркелді, оның ішінде:
- жеке тұлғалардан 738 арыз-шағым;
- заңды тұлғалардан 41 өтініш келіп түсті.
Еңбек заңнамасының бұзылу фактілері бойынша келіп түскен арыз-шағымдар мен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың талаптарының негізінде 2020 жылы әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, барлығы 103 тексерулер жүргізілді.
Жүргізілген тексерулердің барысында 118 (оның ішінде: 2 – прокуратураның ұсынысы бойынша) заң бұзушылық анықталды, соның ішінде:
- еңбек қатынастары бойынша – 105 (оның ішінде: 2 – прокуратураның ұсынысы бойынша);
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 11;
- халықты жұмыспен қамту бойынша – 2;
Жалпы тексерістердің нәтижесінде анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша:
- заң бұзушылықтарды жою туралы 78 (оның ішінде: 2 – прокуратураның ұсынысы бойынша) нұсқама берілді.
- заң бұзушылықтарға жол бергендері үшін 23 тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 3,201 млн. теңге айыппұл салынса, 3 жұмыс беруші «ескерту» түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап өту қажет, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығымен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын бизнеске, оның ішінде шағын кәсіпорындарға бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және тексеруді тоқтату туралы шешім қабылданған (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді).
Бұл мораторий мемлекеттік еңбек инспекциясымен қызметкерлердің өтініштеріне бойынша жүргізетін тексерулерінеде қатысты қолданылатындығын (жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау мен қадағалау) атап өткен жөн.
Осыған орай, егерде жұмыс беруші шағын бизнеске, оның ішінде шағын кәсіпорындарға жатқызылса, сол жұмыс берушіге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізу мүмкін емес. Алайда, азаматтар еңбек құқықтарын қорғау үшін, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы.
«Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА
Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында (әрі қарай - Басқарма) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 12.04.2021 жылы № 51-НҚ бұйрығымен жұмыс тобы құрамы құрылды.
Аталған бұйрықтың негізінде Басқарманың бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау:
Жүргізу мерзімі: 12-16 сәуір 2021 жыл.
Жүргізілетін кезең: 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін.
Басқарма 21.12.2017 жылғы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы қаулысы негізінде қызмет атқарады.
Басқарма 4 бөлімнен, яғни еңбек қатынастарын бақылау, еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау, ақпараттық-талдамалық, Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінен тұрады.
Басқарма Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Басқармада бағынысты ведомстволары жоқ.
І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
1.1.Еңбек кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі арасындағы қарама-қайшылық
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарттарына сәйкес барлық өндіріс орындары аттестациялаудан өтуі қажет.
Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына сәйкес, жұмыс берушінің ҚР еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мемлекеттік еңбек инспекторларының ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жазаның біреуін таңдауда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігін арттырады.
Осыған сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментіне және облыс әкімі аппаратына ұсыныстар жолданған болатын.
Қазіргі уақытта, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен бірлескен 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде Министрліктің тиісті комитетіне заңнама талаптарын бірінші рет бұзған жағдайда ескерту беріледі деген өзгерістерді 94-бапқа енгізу туралы ұсыныс хат жолдау туралы жұмыстар атқарылуда.
1.2.Басқарманың орналасқан мекен-жайының Ережемен сәйкес келмеуі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен бірлескен 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау нәтижесінде Басқарманың Ережесіндегі мекен-жайы Достық-Дружба даңғылы, 188-үй деп көрсетілуі Басқарманың орналасқан жерін іздеуде қиыншылықтар туғызатындығы анықталып, Ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныс берілген болатын.
Қазіргі уақытта, Әділет департаментіне Басқарманың орналасқан жері бойынша көше атауының ауысуы бойынша Ережеге өзгерістер енгізу процесін түсіндіру бойынша хат жолданып, жұмыстар атқарылуда.
1.3.Еңбек кодексі мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидасы арасындағы қарама-қайшылықтар
ҚР Еңбек Кодексіне 04.05.2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыретінен «жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу» алынып тасталған.
Басқарма ережесіне БҚО әкімдігінің 27.07.2020ж. №175 Қаулысымен енгізілген өзгерістер енгізіліп, аталған функция Басқарманың құзыретінен алынып тасталған болатын.
Алайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидасына сәйкес Басқарма қызметкерлері Емтихан комиссиясының құрамына кіреді және сонымен қатар, Еңбек Кодексінің 193-бабына сәйкес Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға құқығы көрсетілген.
Қазіргі уақытта, бірлескен 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде Министрлікке Қағидаға өзгерістер енгізу, аталған қайшылықтарды түсіндіру туралы жоғары тұрған органға хат жолдау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабының 12-тармағына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға құқығы бар деп көрсетілген, яғни бұл жерде мемлекеттік еңбек инспекторларының сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін арттырады.
Қызметкерлердің білімін тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білім сынағынан өткен басқарушы және жауапты қызметкерлерге сертификат беріледі.
Ережеге сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеру мен оқыту күндізгі және «онлайн» режимінде өткізіледі.
Алайда, ережеде сертификаттарды беру және тіркеу тәртібі нақты көрсетілмген, тіпті арнайы тексеру нәтижесінде оқу орындарымен сертификаттар оқытуды өткізбей, күні бұрын беріліп, сот негізінде шешуге әкеп соққан фактілер анықталды.
Осыдан бұрын мемлекеттік еңбек инспекторларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және оқытудың сапасын арттыру мақсатында аталған функцияны меншік түріне қарамастан, облыстағы оқу орындарына беру, цифрландыру, оқытуды «онлайн» режимінде жүргізудің тәртібін белгілеу, сертификаттарды берудің бірыңғай тізілімін енгізіп, жұмыс берушілерге 2-3 ж.к. ішінде сертификаттарды еңбек инспекциясында тіркеуін, еңбек инспекциясының сертификаттарды беруге мониторинг жасауды міндеттеу бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, облыс әкімі аппаратына ұсыныстар жолданған болатын.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде қазіргі уақытта бейнетіркегіштерді қолдану, ондағы бейнежазбалардың сақталуы бойынша Ереже дайындалып, жазбаларды сақтау бойынша жауапты тұлға Бұйрықпен бекітілді.
Сонымен қатар:
4.Сертификаттар нөмірін беруге жауапты тұлғаны Бұйрықпен бекіту бойынша жұмыстар атқарылуда.
ІІ.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛЕРІН АНЫҚТАУ
Басқарманың штаттық саны -17 адам, нақты саны – 15 адам, бос орын -2.
1.1. Қызметкердің негізсіз басқа елді-мекенде болуы.
Сыртқы талдау жүргізу кезінде Басқарманың бас маманы Е.С.Сиражевтің Бөрлі ауданы Ақсай қаласында қызмет жасап жүргені анықталды. Е.С.Сиражевтің Бөрлі ауданына жауапты етіп бекіту немесе іссапарға жіберу туралы 2018-2021 жылдар аралығына бұйрық тіркелмеген.
Сонымен қатар, Басқарманың Ережесінде Бөрлі ауданы Ақсай қаласында өкілдігі, филиалы, бөлімшесі бар туралы ақпарат жоқ. Сәйкесінше, Е.С.Сиражевтің Бөрлі ауданында ұзақ уақыт бойы қызмет етіп жүруі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта, сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде қызметтік тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесі бойынша лауазымдық нұсқаулығына тиісті өзгертулер енгізілетін болады.
1.2. Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау
2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында бірлесіп жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде Басқарма басшысы еңбекке жарамсыздық уақытында Басшының орынбасарына Басқарма басшысының міндетін атқару облыс әкімі аппаратымының келісімінсіз жүктелгені анықталды.
Ұсыныстың негізінде БҚО әкімі аппаратына Басқарма басшысы еңбекке уақытша жарамсыздығы уақытында, соның ішінде міндетін атқару туралы бұйрыққа қол қоюы мүмкін болмаған жағдайда, оның міндетін атқаруды Басшының орынбасарына жүктеу бойынша лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізу туралы хат жіберілді.
1.3. Бұйрық шығару кезінде талаптардың сақталмауы.
Басқармамен шығарылған бұйрықтарды қарау кезінде қызметкерлердің еңбек демалысына шығу, жалақысы сақталмайтын демалыс алу бойынша өтініштері жоқ екендігін анықталды.
2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында бірлесіп жүргізілген сыртқы талдау ұсынысын орындау мақсатында, болашақта бұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында, қазіргі уақытта 2021 жылдың 1-тоқсаны бойынша еңбек демалыстарын беру кезінде қолданыстағы заң талаптарының сақталуын зерделеу мақсатында қызметтік тексеру жүргізілді.
1.4. Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау
2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында бірлесіп жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде мамандарға сыйақылар беру алдында тәртіптік жазаны мерзімінен алып тастау фактілері орын алған.
Аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген тәртіптік жазаны мерзімімен бұрын алып тастау тәжірибесін тоқтату, тек ерекше көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайларда ғана және нақты кімді алмастырғаны, нақты қандай қосымша жұмыстар атқарғанын қызметтік жазбада көрсете отырып тәртіптік жазаны алу ұсынысы басшылыққа алынып, хаттамамен рәсімделді.
1.5. Қосымша ақы төлеу мәселелері
2018 -2020 жылдары қызметкерлердің қосымша жұмыстары үшін бірнеше көтермеленуі және әртүрлі пайызда белгіленуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.
Аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген ұсынысы негізінде Қызметкерлерге қосымша ақы төлеу бойынша Бұйрық бекітілді.
Аталған бағыттағы талдау нәтижесінде Басқармада мүдделер қақтығысы анықталмады.
Ескерту: тоқсан сайын басқарма қызметкерлеріне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысы бойынша енгізілген соңғы өзгерістер туралы құқықтық оқыту өткізіліп тұрады.
Басқармамен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
Басқарма Еңбек Кодексінің 17-бабына сәйкес жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторингті жүргізеді.
Жұмыс берушілердің өкілдері тікелей Басқармаға келу арқылы ұжымдық шарттарды алып келеді. Басқарманың жауапты қызметкерлері ұжымдық шарттарды қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарайды. Қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Алайда, ұжымдық шарттарды мониторингілеу қандай да бір нұсқаулықпен реттелмеген. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің өкілдерінің Басқармаға келу тікелей байланыс түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген ұсынысы негізінде ұжымдық шарттарды мониторингілеу тәртібі туралы (қарау мерзімдері, талаптар т.с.с.) нұсқаулық бекіту және ұжымдық шарттарды мониторингілеуді электронды түрде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру бойынша қазіргі уақытта жұмыстар атқарылуда.
Басқармамен әкімшілік істерді электронды түрде және құқық бұзушылық орын алған жерде толтыру үшін 5 планшет сатып алынған.
Алайда, күні бүгінге тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесіне қосылмағандықтан планшеттер қолданылмауда. Тек бір планшет қана Басқарманың әлеуметтік желідегі жұмысына қолданылады.
Қазіргі уақытта аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген ұсынысы негізінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасына планшеттерге ақпараттық жүйені енгізу бойынша хат жолданған болатын, жүйе қолданылысқа енгізілгеннен кейін планшеттердің мақсатты қолданылуына жауапты тұлға бекітілетін болады.
2020 жылдың 11 мамырында Басқармамен «Сауда-Интер» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындалған.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес өтінішке жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өкілінің қолы қойылады.
Алайда жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған шағымға өтініш берушінің қолы қойылмаған. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес иесi бүркемеленген өтiнiш - ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ өтiнiш.
Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабына сәйкес Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
Аталғандарды ескере келіп, арыздарды қарау кезінде қолданыстағы заң талаптары сақталмайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта сыртқы талдау қорытындысы негізінде арыздардың жан-жақты қаралуын қамтамасыз ете отырып, жоғарыда көрсетілген жағдайға ұқсас арыздарды қабылдау, қарау бойынша нұсқаулық қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Қызметкерлер тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол беру фактілері
Басқарма қызметкерлері тарапынан қызметтен тыс уақытта қолданыстағы заң және құқықтық актілер талаптарын сақтамайтындығы анықталды.
01.01.2018ж.-01.01.2021ж. аралығында Басқарманың қызметкерлерімен 7 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшімен – 1, азаматтық қызметшілермен – 6.
Жол ережелерін сақтамау бойынша – 6;
Көші-қон заңнамасын сақтамау – 1.
Қазіргі уақытта, сыртқы талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары әр тексеріске шығу және емтиханға бару алдында шектеулермен танысып отырады.
Басқармада мемлекеттік сатып алуды «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталымен жүзеге асырылады.
Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде заң бұзушылық фактілері орын алмаған.
2018-2020 жылдары 11 мыңнан астам жұмыс беруші өкілдерін және жұмысшыларды қамтыған еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша 384 кездесулер, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 84 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарманың сайтында атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттар жариялануда.
ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы Басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқытулар, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Басқармада сенім телефоны (50-04-86) бар және арыз-шағымдар жәшігі орнатылған.
2021 жылдың 1 тоқсанында Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының «Азаматтардың өтініштері» базасына 201 азаматтардың өтініштері келіп түсті, оның ішінде 26 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен, 13 азаматтардың өкілдерін жеке қабылдау барысында ауызша түсінік берілді, қайта түскен - 3 өтініш.
Жеке тұлғалардан 178 өтініш түсті, оның ішінде ұжымдық – 26, заңды тұлғалардан 23 өтініш.
Өтініштермен – 173, шағыммен – 9 және өзгелері – 19 жүгінген.
69 өтініш мемлекеттік тілде түсті, ең көп өтініштер саны – 132 өтініш орыс тілінде. Өтініш берушілерге жауап қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтініш берілген тілде жауап берілді.
Жүгінген 201 заңды және жеке тұлғалардың ішінде: азаматтар – 137, ұжымдар – 26, мемлекеттік қызметші – 1, 1 сотталған және жұмыссыз 2 адам, 12 - адвокаттар және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдар – 23.
3 айында 135 өтініштер қаралған, оларды қарау нәтижелері бойынша 5 өтініш қанағаттандырылды, 122 – түсініктемелер берілді, 8 өтініш тоқтатылды. Тиісті мекемелерге 34 өтініштер жолданды. Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштердің талдауы олардың көп бөлігі мынадай мәселелерді қозғайтынын көрсетті: 96 өтініш еңбекақы төлеу мәселелеріне (саясат, жалақы төлеу, жалақы бойынша берешек) және әлеуметтік қамсыздандыруға жатады, 33 – еңбек заңнамасын бұзу, 10 өтініш жалпы еңбек және халықты жұмыспен қамту мәселелеріне жатады, 30 еңбек қатынастары (жұмысқа қабылдау, еңбектік демалыс, еңбек тәртібі, лауазымдық міндеттерді уақытша атқару), 10 – еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік жарақат алу, 18 – жалпы мәселелер кадрлық қамтамасыз етудің біліктілігін арттыру бойынша.
Басқармаға жалпы 52 өтініш келіп түскен, оның ішінде: Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратынан – 14 өтініш, облысының, Орал қаласы және басқа аудандар прокуратураларынан – 22, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті - 3, еңбек инспекциясы бойынша басқа облыстардан – 3 өтініш, мемлекеттік мекемелерден – 10 өтініш.
Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметімен өтініштерді қарау мерзімдеріне тұрақты негізде бақылау жүргізеді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы жоқ екендігін атап өтеміз. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, азаматтар мен заңды тұлғалар өз өтініштеріне «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде жауаптар алды.
Азаматтардың тұрақты түрде көтеретін мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Үкіметінен азаматтардың өтініштері бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі облыс әкімінің бекітілген кешенді жоспарда тиісті іс-шараларды орындау бойынша облысы әкімі аппаратына ақпарат жолдайды.
Өтініштер бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы мақсатында Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Басшысының блогы» бөлімі жұмыс істейді. Ағымдағы 1 тоқсанында еңбек қатынастары мәселелері бойынша Басшысының блогына 11 өтініш келіп түсті, олар бойынша тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, ЭҚАБЖ ілеспе хаттары арқылы ұйымдарға еңбек заңнамасының әр түрлі мәселелері бойынша 18 түсініктеме берілді.
Күн сайын мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмыс телефондарына азаматтардың өтініштері еңбек заңнамасын іске асырудың түрлі мәселелері бойынша ауызша өтініштер келіп түседі, олар бойынша басқарма қызметкерлері ауызша түсініктемелер береді.
БҚО жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен
бәсекелестік ортаға берілуге ұсынылған функциялар тізімі
Бәсекелес ортаға берілуге ұсынылатын функциялар
|
|
1 |
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білім сынағынан өткізу
|