Меню

Страницы

Статья

внутрениий анализ

«Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

 

Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасында  (әрі қарай - Басқарма) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында 12.04.2021 жылы № 51-НҚ бұйрығымен жұмыс тобы құрамы құрылды.

Аталған бұйрықтың негізінде Басқарманың бөлімдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау:

  • нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • персоналды басқару;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету;
  • рұқсат беру функцияларын орындау;
  • бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді зерделеуді қамтиды.

Жүргізу мерзімі: 12-16 сәуір 2021 жыл.

Жүргізілетін кезең: 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін.

Басқарма 21.12.2017 жылғы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы қаулысы негізінде қызмет атқарады.

Басқарма 4 бөлімнен, яғни еңбек қатынастарын бақылау, еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау, ақпараттық-талдамалық, Қаржы, кадр және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінен тұрады.

Басқарма Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

         Басқармада бағынысты ведомстволары жоқ.

 

І. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

1.1.Еңбек кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі арасындағы қарама-қайшылық

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарттарына сәйкес барлық өндіріс орындары аттестациялаудан өтуі қажет.

Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына сәйкес, жұмыс берушінің ҚР еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы – ескерту жасауға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жазаның біреуін таңдауда сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігін арттырады.

Осыған сәйкес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 94-бабына өзгеріс енгізу туралы 2020 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментіне және облыс әкімі аппаратына  ұсыныстар жолданған болатын.

Қазіргі уақытта, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен бірлескен 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде Министрліктің тиісті комитетіне заңнама талаптарын бірінші рет бұзған жағдайда ескерту беріледі деген өзгерістерді                   94-бапқа енгізу туралы ұсыныс хат жолдау туралы жұмыстар атқарылуда.

 

1.2.Басқарманың орналасқан мекен-жайының Ережемен сәйкес келмеуі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментімен бірлескен 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау нәтижесінде Басқарманың Ережесіндегі мекен-жайы Достық-Дружба даңғылы, 188-үй деп көрсетілуі Басқарманың орналасқан жерін іздеуде қиыншылықтар туғызатындығы анықталып, Ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныс берілген болатын.

Қазіргі уақытта, Әділет департаментіне Басқарманың орналасқан жері бойынша көше атауының ауысуы бойынша Ережеге өзгерістер енгізу процесін түсіндіру бойынша хат жолданып, жұмыстар атқарылуда.

 

1.3.Еңбек кодексі мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидасы арасындағы қарама-қайшылықтар

ҚР Еңбек Кодексіне 04.05.2020 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес, Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның құзыретінен «жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу» алынып тасталған.

Басқарма ережесіне БҚО әкімдігінің 27.07.2020ж. №175 Қаулысымен енгізілген өзгерістер енгізіліп, аталған функция Басқарманың құзыретінен алынып тасталған болатын.

Алайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен бекітілген Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидасына сәйкес Басқарма қызметкерлері Емтихан комиссиясының құрамына кіреді және сонымен қатар, Еңбек Кодексінің 193-бабына сәйкес Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға құқығы көрсетілген.

Қазіргі уақытта, бірлескен 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде Министрлікке Қағидаға өзгерістер енгізу, аталған қайшылықтарды түсіндіру туралы жоғары тұрған органға хат жолдау жұмыстары жүргізілуде.

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 193-бабының 12-тармағына сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға құқығы бар деп көрсетілген, яғни бұл жерде мемлекеттік еңбек инспекторларының сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін арттырады.

Қызметкерлердің білімін тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білім сынағынан өткен басқарушы және жауапты қызметкерлерге сертификат беріледі.

Ережеге сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеру мен оқыту күндізгі және «онлайн» режимінде өткізіледі.

Алайда, ережеде сертификаттарды беру және тіркеу тәртібі нақты көрсетілмген, тіпті арнайы тексеру нәтижесінде оқу орындарымен сертификаттар оқытуды өткізбей, күні бұрын беріліп, сот негізінде шешуге әкеп соққан фактілер анықталды.

Осыдан бұрын  мемлекеттік еңбек инспекторларына қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және оқытудың сапасын арттыру мақсатында аталған функцияны меншік түріне қарамастан, облыстағы оқу орындарына беру, цифрландыру, оқытуды «онлайн» режимінде жүргізудің тәртібін белгілеу, сертификаттарды берудің бірыңғай тізілімін енгізіп, жұмыс берушілерге 2-3 ж.к. ішінде сертификаттарды еңбек инспекциясында тіркеуін, еңбек инспекциясының сертификаттарды беруге мониторинг жасауды міндеттеу бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, облыс әкімі аппаратына ұсыныстар жолданған болатын.

               Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-31 наурызы аралығында өткізілген сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде қазіргі уақытта бейнетіркегіштерді қолдану, ондағы бейнежазбалардың сақталуы бойынша Ереже дайындалып, жазбаларды сақтау бойынша жауапты тұлға Бұйрықпен бекітілді.

               Сонымен қатар:

  1. Емтихандарды өткізуді Ұлттық тестілеу орталығына немесе «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ мамандандырылған ХҚКО беру туралы жоғары тұрған органға ұсыныс хат жолдау;
  2. Емтихандарды қабылдауды жоғарыда аталған ұйымдарға бергенге дейін, инспекторлардың емтиханға қатысуын регламенттейтін Ереже қабылдау;
  3. Емтихандарды қабылдауды жоғарыда аталған ұйымдарға бергенге дейін, инспекторлардың емтиханға қатысуын міндетті түрде бейнетіркегіштерге жазу;

4.Сертификаттар нөмірін беруге жауапты тұлғаны Бұйрықпен бекіту бойынша жұмыстар атқарылуда.

 

ІІ.ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛЕРІН АНЫҚТАУ

 

  1. ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІ

Басқарманың штаттық саны -17 адам, нақты саны – 15 адам, бос орын -2.

1.1. Қызметкердің негізсіз басқа елді-мекенде болуы.

Сыртқы талдау жүргізу кезінде Басқарманың бас маманы Е.С.Сиражевтің Бөрлі ауданы Ақсай қаласында қызмет жасап жүргені анықталды. Е.С.Сиражевтің Бөрлі ауданына жауапты етіп бекіту немесе іссапарға жіберу туралы 2018-2021 жылдар аралығына бұйрық тіркелмеген.

Сонымен қатар, Басқарманың Ережесінде Бөрлі ауданы Ақсай қаласында өкілдігі, филиалы, бөлімшесі бар туралы ақпарат жоқ. Сәйкесінше, Е.С.Сиражевтің Бөрлі ауданында ұзақ уақыт бойы қызмет етіп жүруі қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта, сыртқы талдау қорытындысының ұсынысы негізінде қызметтік тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесі бойынша лауазымдық нұсқаулығына тиісті өзгертулер енгізілетін болады.

 

1.2. Қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау

2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында бірлесіп жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде Басқарма басшысы еңбекке жарамсыздық уақытында Басшының орынбасарына Басқарма басшысының міндетін атқару облыс әкімі аппаратымының келісімінсіз жүктелгені анықталды.

Ұсыныстың негізінде БҚО әкімі аппаратына Басқарма басшысы еңбекке уақытша жарамсыздығы уақытында, соның ішінде міндетін атқару туралы бұйрыққа қол қоюы мүмкін болмаған жағдайда, оның міндетін атқаруды Басшының орынбасарына жүктеу бойынша лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізу туралы хат жіберілді.

 

1.3. Бұйрық шығару кезінде талаптардың сақталмауы.

Басқармамен шығарылған бұйрықтарды қарау кезінде қызметкерлердің еңбек демалысына шығу, жалақысы сақталмайтын демалыс алу бойынша өтініштері жоқ екендігін анықталды.

2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында бірлесіп жүргізілген сыртқы талдау ұсынысын орындау мақсатында, болашақта бұндай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында, қазіргі уақытта 2021 жылдың 1-тоқсаны бойынша еңбек демалыстарын беру кезінде қолданыстағы заң талаптарының сақталуын зерделеу мақсатында қызметтік тексеру жүргізілді.

 

1.4. Тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алып тастау

2021 жылдың 1-31 наурыз аралығында бірлесіп жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде мамандарға сыйақылар беру алдында тәртіптік жазаны мерзімінен алып тастау фактілері орын алған.

Аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген тәртіптік жазаны мерзімімен бұрын алып тастау тәжірибесін тоқтату, тек ерекше көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайларда ғана және нақты кімді алмастырғаны, нақты қандай қосымша жұмыстар атқарғанын қызметтік жазбада көрсете отырып тәртіптік жазаны алу ұсынысы басшылыққа алынып, хаттамамен рәсімделді.

1.5. Қосымша ақы төлеу мәселелері

2018 -2020 жылдары қызметкерлердің қосымша жұмыстары үшін бірнеше көтермеленуі және әртүрлі пайызда белгіленуі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.

Аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген ұсынысы негізінде Қызметкерлерге қосымша ақы төлеу бойынша Бұйрық бекітілді.

 

  1. МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ

Аталған бағыттағы талдау нәтижесінде Басқармада мүдделер қақтығысы анықталмады.

Ескерту: тоқсан сайын басқарма қызметкерлеріне  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысы бойынша енгізілген соңғы  өзгерістер туралы құқықтық оқыту өткізіліп тұрады.

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.

Басқармамен мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

 

Басқарма Еңбек Кодексінің 17-бабына сәйкес жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторингті жүргізеді.

Жұмыс берушілердің өкілдері тікелей Басқармаға келу арқылы ұжымдық шарттарды алып келеді. Басқарманың жауапты қызметкерлері ұжымдық шарттарды қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарайды. Қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

Алайда, ұжымдық шарттарды мониторингілеу қандай да бір нұсқаулықпен реттелмеген. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің өкілдерінің Басқармаға келу тікелей байланыс түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

               Аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген ұсынысы негізінде ұжымдық шарттарды мониторингілеу тәртібі туралы (қарау мерзімдері, талаптар т.с.с.) нұсқаулық бекіту және ұжымдық шарттарды мониторингілеуді электронды түрде жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру бойынша қазіргі уақытта жұмыстар атқарылуда.

 

  1. БАҚЫЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ

Басқармамен әкімшілік істерді электронды түрде және құқық бұзушылық орын алған жерде толтыру үшін 5 планшет сатып алынған.

Алайда, күні бүгінге тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесіне қосылмағандықтан планшеттер қолданылмауда. Тек бір планшет қана Басқарманың әлеуметтік желідегі жұмысына қолданылады.

Қазіргі уақытта аталған сыртқы талдау анықтамасында көрсетілген ұсынысы негізінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасына планшеттерге ақпараттық жүйені енгізу бойынша хат жолданған болатын, жүйе қолданылысқа енгізілгеннен кейін планшеттердің мақсатты қолданылуына жауапты тұлға бекітілетін болады.

 

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

 

2020 жылдың 11 мамырында Басқармамен «Сауда-Интер» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындалған.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес өтінішке жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның өкілінің қолы қойылады.

Алайда жоспардан тыс тексеру тағайындауға негіз болған шағымға өтініш берушінің қолы қойылмаған. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес иесi бүркемеленген өтiнiш - ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ өтiнiш.

Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабына сәйкес Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.

Аталғандарды ескере келіп, арыздарды қарау кезінде қолданыстағы заң талаптары сақталмайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта сыртқы талдау қорытындысы негізінде арыздардың жан-жақты қаралуын қамтамасыз ете отырып, жоғарыда көрсетілген жағдайға ұқсас арыздарды қабылдау, қарау бойынша нұсқаулық қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

Қызметкерлер тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтарға жол беру фактілері

Басқарма қызметкерлері тарапынан қызметтен тыс уақытта қолданыстағы заң және құқықтық актілер талаптарын сақтамайтындығы анықталды.

01.01.2018ж.-01.01.2021ж. аралығында Басқарманың қызметкерлерімен 7 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшімен – 1, азаматтық қызметшілермен  –  6.

Жол ережелерін сақтамау бойынша – 6;

Көші-қон заңнамасын сақтамау – 1.

Қазіргі уақытта, сыртқы талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары әр тексеріске шығу және емтиханға бару алдында шектеулермен танысып отырады.

 

Басқармада мемлекеттік сатып алуды «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталымен жүзеге асырылады.

Тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде заң бұзушылық фактілері орын алмаған.

2018-2020 жылдары 11 мыңнан астам жұмыс беруші өкілдерін және жұмысшыларды қамтыған еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша 384 кездесулер, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 84 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басқарманың сайтында атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттар жариялануда.

ҚР заңнамаларына енгізілген өзгерістер туралы Басқарма қызметкерлері арасында құқықтық оқытулар, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Басқармада сенім телефоны (50-04-86) бар және арыз-шағымдар жәшігі орнатылған. 

               

Дата публикации
13 мая 2021
Дата обновления
13 мая 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Информация
08 июля 2021
Обеспечение безопасных условий труда (по итогам I полугодие 2021 года
27 мая 2021
Карта трудовых рисков и задолженность по заработной плате (по итогам 2020 года)

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации