Цифрландыру

Жарияланған күні: 21.04.2025
Жаңарту күні: 20.02.2026

Суретте адам ғарыш кеңістігі аясында цифрлық деректері бар мөлдір сенсорлық экранды басқарып жатыр.Қазақстандағы цифрлық трансформация мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді неғұрлым ыңғайлы, қолжетімді және тиімді етуге бағытталған. Цифрландыру балабақшаларға, мектептерге, жоғары оқу орындары мен жатақханаларға түсуді жеңілдетті, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және тіркеу көрсетілетін қызметтеріндегі процестерді оңтайландырды. Цифрлық трансформацияның нормативтік және әдіснамалық негіздері әзірленді, сараптамалық база қалыптастырылды және түрлі салаларда ауқымды реформалар іске қосылды.

Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша ТМД елдері арасында 1-ші орында, ол мемлекеттер мен азаматтар арасындағы қолжетімділікке, мазмұнға және өзара іс-қимыл деңгейіне баса назар аудара отырып, үкіметтер ұсынатын онлайн-қызметтердің сапасын бағалайды.

2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы онлайн-қызметтерді, телекоммуникациялық инфрақұрылымды және адами капиталды ескере отырып, электрондық үкіметтің дамуы мен тиімділігін бағалайтын БҰҰ электрондық үкіметінің даму индексі (EGDI) бойынша 193 елдің ішінде 24-ші орында ие болды.

Цифрландыру саласындағы министрлікке бағынысты ұйымдар

Цифрландыру жобалары

Цифрландыру жетістіктері