Тізілімде болу өндірушілерге бірінші кезектегі қатысу құқығын береді:
- алдын ала біліктілік іріктеу тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда;
- квазимемлекеттік сектордың алдын ала біліктілік іріктеуді қолдана отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларында;
- "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ның және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде "Самұрық-Қазына" АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың бағдарламалық қамтамасыз етуді және электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндірушілерден тауарларды сатып алу басымдығын ұсына отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен сатып алуларында.
Сонымен қатар, тізілімде акт шешімдерінің болуы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық грантқа беру кезіндегі шарттардың бірі болып табылады.
Жоғарыда аталған құжатты алу үшін, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүгіну қажет,
Нұр-Сұлтан қ.: 8 (7172) 62-15-15, Мәңгілік ел даңғ.,57А,
email: kazpatent@kazpatent.kz
Тізілімге сертификаттаудан және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтан өткен бағдарламалық қамтылымдар мен электрондық өнеркәсіп өнімдері енгізіледі