
Ақпараттық қауіпсіздік

Қазақстанда киберқауіпсіздік саласын дамыту мәселелеріне жіті көңіл бөлінуде. Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ және бизнеспен бірлесіп жүргізілетін жұмыстың нәтижесінде біздің еліміз киберқауіпсіздіктің жаһандық индексіндегі өз позициясын қарқынды жақсарта түсті. Қазір Қазақстан 40-шы орында. Айта кету керек, өткен жылы біздің еліміз 82 орында болған еді.
Өткен жылдар ішінде еліміздің киберқауіпсіздік саласын дамытудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді. 2022 жылға дейін әрекет ететін "Қазақстанның киберқауіпсіздігі" тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді. Осымен бірге, бірқатар заңнамалық актілер мен көптеген салалық бұйрықтар қолданысқа енді. Бұдан басқа, зиянды кодты зерттеу бойынша АҚ саласында сынақ зертханалары құрылып, ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (компьютерлік инциденттерге жеке әрекет ету қызметі (CERT), 7 жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығы (SOC)) жұмысын бастады, аталған мамандық бойынша білім гранттарының саны көбейді және т. б.
Ақпараттық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау саласындағы ахуалды одан әрі жақсарту үшін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне азаматтардың жеке басына қатысты деректер өңделетін ақпараттық жүйелердің иелеріне аудит және тексеру жүргізу үшін жеке деректерді қорғау функциясын беру туралы мәселе көтерді.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 13 наурыз 2026Ережелер мен рәсімдерРекомендации по вопросам обеспечения кибербезопасности
- 18 ақпан 2026АқпаратАккредиттелген сынақ зертханасының тізімдері
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0127 қараша 2025CitizenSec.kz порталында кибергигиенаны оқыту бойынша бейнеролик
4414 ақпан 2023Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздік) қамтамасыз ету мәселелері бойынша бейнероликтер
0111 маусым 2020Министр Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі бойынша қорытынды баспасөз конференция
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаІске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруkib@mdai.gov.kz электрондық поштасына өтініш жазу арқылы немесе 8 (7172) 74-99-80 нөміріне қоңырау шалу арқылы Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіне аласыз. Сіздің жағдайыңыз зерттеліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.
- ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз. Поштаны сындыра алады және ЭЦҚ ұрланады.
- ЭЦҚ-ны бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз
- ЭЦҚ-ны компьютерде сақтамаңыз.
- Күрделі құпия сөзді орнатыңыз.
Мұндай қоңыраулар мен хабарламаларды алмау үшін ақпараттық «тазалық» ұстану қажет. Яғни, өз деректеріңізді және телефон нөмірін көрсететін, қол қоятын барлық шарттармен мұқият танысуыңыз керек.Мүмкін сіз бұрын ұйым сіздің жеке ақпаратыңыздың таралуына жауапты емес, немесе өз қалауыңыз бойынша сіздің деректеріңізді үшінші тұлғаларға бере алады деп көрсетілген құжатқа қол қойдыңыз. Сақ болыңыз!


