Телекоммуникация және байланыс

Бүгінгі таңда Қазақстанда байланыс саласы үш бағытта ұсынылған: телекоммуникация, интернет және пошта байланысы.
Телекоммуникация
Қазіргі уақытта Қазақстанда бекітілген байланыстың 2,5 млн. абоненті тіркелген, яғни бұл стационарлық телефонды пайдаланатын адамдар. Бұл ретте, жыл сайын телекоммуникация нарығының жалпы көлеміндегі бекітілген байланыс үлесі ұялы байланысқа орнын бере отырып, төмендеуде. Ұялы байланысқа келетін болсақ, бекітілген абоненттер саны 25,8 млн. асты.
2011 жылы елімізде 3G стандартының байланысы енгізілген кезде сала ұялы байланыстың дамуына айтарлықтай серпін алды. 2014 жылы байланыс операторлары 4G/LTE стандартында байланыс қызметтерін ұсына бастады. 2019 жыл ішінде Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Тестілеудің алғашқы нәтижелері оң болды және сарапшылар Қазақстан аумағында 5G технологиясын енгізуге дайын екендіктерін хабарлады.
Қазіргі уақытта телекоммуникация нарығында қалааралық және халықаралық телефон байланысы, Интернет желісіне қол жеткізу, спутниктік жылжымалы байланыс қызметтерін ұсынатын 20-ға жуық байланыс операторлары, сондай-ақ 3 ұялы байланыс операторы жұмыс істейді.
Интернет
Халықты Интернет желісіне жаппай қол жеткізумен қамтамасыз ету – байланыс саласын, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын дамыту жөніндегі негізгі міндеттердің бірі. Қазақстандықтардың сапалы интернетте қажеттілігін қанағаттандыру үшін бүгінгі күні төмендегідей сымсыз және сымды технологиялар қолданылады: ADSL, FTTN, 3G, 4G/LTE, CDMA/EVDO және т. б. Бүгінгі күні компьютерлер арқылы жоғары жылдамдықты кең жолақты Интернетке қол жеткізе алатын абоненттер саны – 2,5 млн. адамды құрайды.
Бірақ Интернеттің негізгі тұтынуы ұялы байланыс желісі арқылы жүзеге асырылатынын атап өту керек. 2019 жылдың 1 желтоқсанына Интернетке мобильді кеңжолақты қатынау абоненттерінің саны 14,9 млн. құрады.
Ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты Интернетпен одан әрі қамтамасыз ету үшін бүгінде елімізде екі ірі жоба іске асырылуда. Оларды іске асыру нәтижесінде Интернетке кеңжолақты қатынауға халық саны 250 және одан да көп адам болатын барлық ауылдық елді мекендер ие болады. 250 адамнан аз тұратын ауылдарда спутниктік байланыс, радиорелелік байланыс, 3G/UMTS, радиомосттар сияқты баламалы технологияларды пайдалана отырып қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с кем емес Интернетке кеңжолақты қатынау мүмкіндігін 2022 жылдың соңына дейін қамтамасыз ету жоспарлануда.
Пошта байланысы
Пошта байланысы ауылдық аумақтар халқының ақпаратқа және қаржылық қызметтерге қол жеткізу үшін физикалық арналардың бірі болып табылады. Республика аумағында 3448 пошта бөлімшесі жұмыс істейді.
2018 жылы Министрлік ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын әмбебап байланыс қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізді.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 08 шілде 2021Пайдалы ақпаратСіздің байланыс қызметтерінің сапасы төмен болса, қайда хабарласуға болады?
- 01 ақпан 2021АқпаратАрнайы тарифтер туралы анықтама
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалереяОқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиға
өтіп кетті3-ші аймақаралық семинар-практикумы04 қыркүйек 2019Семинар
өтіп кеттіБайланыс саласындағы өңірлік достастық басшыларының отырысы16 қыркүйек 2019Отырыс
Іске асырылып жатқан жобалар
Бағыт бойынша барлық жобаҚызметтер
Бағыт бойынша барлық қызметтерҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруИнтернеттің сапасына қатысты электрондық үкімет порталы арқылы немесе Өңіраралық байланыс инспекциялары атына не Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қолма - қол ресми өтініш беру қажет, өтініште орын алған проблема, нақты мекенжай, байланыс операторы, өз байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
Инспекциялар:
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Ақмола облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
- «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы» РММ
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бәсекелестікті дамыту мақсатында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеудің күші жойылды. Бұдан басқа, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді
Ұялы байланыс сигналының сапасына және мобильді кең жолақты Интернетке қосылу проблемасына қатысты электрондық үкімет порталы арқылы немесе Өңіраралық байланыс инспекциялары атына не Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қолма-қол ресми өтініш беру қажет, өтініште орын алған проблема, нақты мекенжай, байланыс операторы, өз байланыс деректері көрсетілуі тиіс. Өтініш келіп түскеннен кейін мемлекеттік орган тексеріс жүргізеді және бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторына қатысты әкімшілік айыппұл жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізіледі.