Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Инновациялар

ҚР-да инновацияларды дамыту бойынша жалпы мәліметтер

 Бүгінгі таңда Қазақстанда инновацияларды дамыту және инновациялық экожүйені құру, ғылымды қажетсінетін экономиканы құру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Инновацияларды тікелей немесе жанама түрде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау кең заңнамалық негізге ие және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әртүрлі нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарында көзделген. 2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 520 Жарлығымен №8 Жалпыұлттық басымдық «Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру» болып белгіленді.  Инновацияларды қолдау жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында, Цифрлық трансформация тұжырымдамасында,    2023-2029 жылдарға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамытуда да көзделген.

Инновациялық қызметті қолдау шаралары мен инфрақұрылымы бар заңнамалық негіздер:

  1. Кәсіпкерлік кодекс;
  2. Экологиялық кодекс;
  3. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заң;
  4. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заң;
  5. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң;
  6. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң;
  7. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заң;
  8. «Ақпараттандыру туралы» Заң;
  9. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заң.

Бұл ретте инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары Кәсіпкерлік кодексте көзделген. Оларға венчурлік қорларды қоса қаржыландыру және инновациялық гранттар беру, бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу және технологиялық болжауды жүзеге асыру жатады.

2021 жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде технологиялық саясатты қалыптастыруға бағытталған бірқатар заңнамалық нормалар қабылданды, оның ішінде:

- негізгі міндеті елдің инновациялық даму деңгейінің эмпирикалық деректері негізінде тәуелсіз мониторинг және болжау болып табылатын Инновациялық обсерваторияны (Think Tank талдау орталығы) құру;

- міндеті салалық технологиялық стратегияларды әзірлеу және технологиялық саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету болып табылатын салалық құзырет орталықтарының («ми орталықтары») желісін қалыптастыру;

- ғылым, бизнес және өндірістің өзара іс-қимыл алаңдары болып табылатын технологиялық платформаларды қалыптастыру;

- елдік инновациялық саясатты әзірлеу жөніндегі үйлестіруші жұмыс органы ретінде Технологиялық саясат жөніндегі кеңес құру.

2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 11%-ды құрап, өсім көрсетті. 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,5% болды.

2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы Қазақстанда инновациялық өнім көлемі 1,9 трлн. теңгені құрады.

Халықаралық рейтингтерде жағдай келесідей. «Жаһандық инновациялар индексі» рейтингінде Қазақстан әлемнің 132 елінен өз позициясын 81-ші орынға дейін жақсартты (2022 жылы - 83 орын). Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің деректері бойынша Қазақстан 2019 жылы «Инновациялық әлеует» факторы бойынша 95 орынға ие болды (2020 жылдан бастап бағалау жүргізілген жоқ).

Сонымен қатар, Үкімет бүгінде негізделетін ең жан-жақты және орынды рейтинг - Жаһандық инновациялар индексі (ЖИИ). ЖИИ ҒЗТКЖ, зияткерлік меншік, патенттік құқық, білім беру, сауда, жасыл технологиялар, өнеркәсіптен бастап полиграфиялық қызметке дейінгі барлық салаларға әсер ететін 81 субфактордан тұрады. Индикатор екі негізгі топқа біріктірілген – Input (инновациялық орта және инновацияға инвестициялар) және Output (инновацияның нәтижелілігі мен тиімділігі). 

Бұл ретте input бойынша Қазақстан 68-ші орынды, ал Output бойынша      87-ші орынды иеленді. Яғни, салыстырмалы түрде жақсы кіріс көрсеткіштерінде тиімділік бойынша жұмысты күшейту қажет.

Осыған байланысты, Премьер-Министр жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің 2022 жылғы 27 қазандағы бірінші отырысында ҒЗИ индикаторларына қол жеткізу бойынша жауапкершілік әрбір мемлекеттік органға бекітілді. Әрбір индикаторды жақсарту бойынша жол картасы әзірленді және бекітілді. Үкіметтің тәуелсіз талдау орталығы ретінде құрылған Инновациялық обсерватория іске асырылып жатқан іс-шараларға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Осы отырыс шеңберінде озық технологиялық елдер мен ұйымдардың шетелдік тәжірибесіне негізделген фокустық инновациялық саясатты жүргізудің жаңа тәсілі де қолдау тапты.

Бұл тәсілдің мәні кросс-салалық сипаттағы MedTech, Аgritech, GreenTech жекелеген технологиялық бағыттарына басымдық беру болып табылады, ал оларды іске асыру экономиканың барлық ілеспе салаларын дамытудың «зәкірлік» әсерін алуға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл елдің негізгі күш-жігерін дамудың жекелеген нүктелеріне шоғырландыру халықаралық дәлелденген идеясына негізделген, бұл болашақта экономикаға оң мультипликативті әсер ететін болады. Тәсіл механизмі келесідей:

1) MedTech, Аgritech, GreenTech технологиялық бағыттарын дамыту үшін талап етілетін перспективалы және түйінді технологиялар мен инновацияларды айқындау үшін технологиялық болжау жүргізу;

2) технологиялық болжау негізінде барлық талап етілетін технологиялар мен инновациялық өнімдер, оларды алу жөніндегі іс-шаралар, қаржыландыру көздері мен іске асырушылар, сондай-ақ нақты мерзімдер көрсетілетін нысаналы технологиялық бағдарлама қалыптастырылатын болады;

3) әзірленген нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асыруға инновацияларды мемлекеттік қолдау шараларын бағдарлау;

4) нақты инновацияларды алу үшін нысаналы технологиялық бағдарламаның барлық іс-шаралары іске асырылатын болады;

5) әзірленген нысаналы технологиялық бағдарламаны іске асырудың тұрақты мониторингі.

MedTech

Министрлік «Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен бірлесіп MedTech бағыты бойынша технологиялық болжау жүргізу шеңберінде сараптамалық топ құрды. Талдау жүргізу үшін әртүрлі аналитикалық әдебиеттер мен анықтамалық материалдардың кең базасы құрылды. Проблемалық мәселелерді анықтау үшін медицина саласының өкілдері арасында онлайн сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 131 медициналық мекеме қатысты.

41 сұхбат жүргізілді, олардың арасында: ҮЕҰ, фармацевтикалық компаниялар, стартаптар, жергілікті өндірушілер, өнертапқыштар және т. б. Сұхбат қорытындысы бойынша MedTech саласын дамытуда бірқатар кедергілер анықталды.

Осы бағыт бойынша Денсаулық сақтау министрлігі, өндірушілер, стартаптар, қауымдастықтар және т.б. (80-нен астам адам) қатысуымен
2 дөңгелек үстел өткізілді.

Технологиялық болжаудың екінші кезеңі – технологиялық жетілу деңгейін анықтау үшін технологиялық аудит жүргізу басталды.

GreenTech

Технологиялық болжаудың бірінші кезеңін өткізу шеңберінде GreenTech бағыты бойынша сараптамалық топ құрылды. Болжау 7 бағыт бойынша жүргізіледі: 

1.Таза көлік;

2.Таза ауа және тұрақты жасыл кеңістіктер; 

  1. Қалдықтарды басқару;
  2. ЖЭК;
  3. Жасыл құрылыс және ТКШ;
  4. Энергия тиімділігі;
  5. Суды тұрақты басқару.

2023 жылдың тамыз айында жасыл технологиялар саласының 130-дан астам өкілінің қатысуымен GreenTech бағытында технологиялық болжау бойынша бірінші панельдік сессия өтті. Бірінші стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша экология мен жасыл технологиялардағы технологиялық үрдістер, сондай-ақ ҚР-да GreenTech дамуына әсер ететін негізгі кедергілер айқындалды.

«Жасыл» технологияларды дамыту басымдықтарын әзірлеу мақсатында 2023 жылдың қыркүйек айында  Астана және Алматы қалаларында бекітілген бағыттар бойынша 7 стратегиялық сессия өткізілді.

Іс-шарада сарапшыларды, ғалымдарды, бизнес өкілдерін, стартап жобалардың, үкіметтік емес және квазимемлекеттік сектордың басшылары бас қосты. 350-ге жуық адам қатысты.

Кездесулер барысында қатысушылар «Жасыл экономика» саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісті және технологиялық міндеттерді шешу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Көтерілген мәселелердің қатарында - жаңартылатын энергия көздерін қолданыстағы электр және жылумен жабдықтау желілерімен интеграциялау, сутекті қауіпсіз сақтау және тасымалдау технологияларын дамыту қажеттілігі, баламалы және сутегі энергетикасы, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату, су ресурстарын ұтымды пайдалану, таза автомобильдер өндірісінің өнімділігі мен тиімділігін арттыру, жаңартылатын көздерден биоотын жасау және т.б.

 

AgriTech

Ауыл шаруашылығы вице-министрімен кездесу өткізілді, оның қорытындысы бойынша технологиялық болжау шеңберінде бірлескен жұмыс жүргізу жөніндегі жол картасы әзірленді, ҚР АШМ келісу және бекіту сатысында тұр.

Сараптамалық топ құрылып, талдау жүргізу үшін әртүрлі аналитикалық әдебиеттер мен анықтамалық материалдардың кең базасы әзірленді. Ағымдағы жылдың тамыз айында AgriTech бағыты бойынша алғашқы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 80-нен астам стейкхолдер онлайн және офлайн форматта қатысты. 

Негізгі стейкхолдерлердің тізімдері құрылды, халықаралық тәжірибе зерттелуде. Технологиялық шолу үшін басым кіші бағыттар анықталды (ағымдағы жағдайға, халықаралық тәжірибе мен трендтерге талдау жүргізілуде). Бүгінгі таңда акселерациялық топтардың кездесулері өткізілуде. Акселерациялық топтың құрамына бизнес өкілдерінің 80% және мемлекеттік органдар өкілдерінің 20%-ы кіреді. Іс-шарада сарапшыларды, ғалымдарды, бизнес өкілдерін, стартап жобалардың, үкіметтік емес және квазимемлекеттік сектордың басшылары бас қосты.

 

2022 жылғы 14 желтоқсанда өткен Кеңестің екінші отырысы шеңберінде Кеңеске ел өңірлерінің инновациялық дамуына талдау көрсетілді, оларды одан әрі технологиялық дамыту бойынша ұсыныстар мақұлданды, сондай-ақ барлық өңірлер мен салаларға инновациялар бойынша индикаторларды бекіту жүргізілді.

Еgov қағидаты бойынша инновациялар бойынша «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесін құру туралы шешім қабылданды. Бұл ақпараттық жүйе микросервистік архитектура базасында жұмыс істей отырып, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын және қолдаудың барлық ілеспе элементтерін ұсыну бойынша ену нүктесін цифрландыруды және біріздендіруді қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, Технологиялық даму саласында алынған тәжірибені жүйелі түрде масштабтау үшін бүгінгі күні «QazInnovations»  
инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры сияқты инновацияларды мемлекеттік қолдауды дамыту институттары жұмыс істейді, Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы іске асырылуда.

«Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі»   АҚ Кәсіпкерлік кодекстің 241-9-бабының 1-тармағына сәйкес инновациялық гранттар береді, олар өз кезегінде үш бағытқа бөлінеді:

- технологияларды коммерцияландыруға арналған гранттар (https://qazinn.kz/ru/granty/kommercializaciya-tehnologij-1);

- жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған гранттар (https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie);

- салаларды технологиялық дамытуға арналған гранттар (https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie-otrasli).

Инновациялық грант деп инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты аталады.

2021 жылы 251,7 млн теңгеге 15 жоба қаржыландырылды, ал 2022 жылы 192,1 млн теңгеге 16 жоба қаржыландырылды. Бұл ретте, бизнестен қоса қаржыландыру сомасы 122 млн теңгені құрады.

Кәсіпкерлік кодекстің 241-3-бабының 2-тармағына сәйкес «Qazinnovations» ИДҰА» АҚ бизнес-инкубаторлардың жұмысын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады.

«Qazinnovations» ИДҰА» АҚ (бұдан әрі - QazInnovations) өңірлік бизнес-инкубаторларды қолдау және ынталандыру шеңберінде 2022 жылы ҚР 10 өңірінде (Семей, Павлодар, Ақтау, Қызылорда, Орал, Талдықорған, Тараз, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл) инновациялық қызмет субьектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейтуге қатысу бойынша жұмыс жүргізілді:

- жобаларды инкубациялауды жүргізу үшін бизнес-инкубациялауға қатысушыларға жұмыс кеңістігі (кемінде 300 ш.м. коворкинг) ұйымдастырылды.

- жергілікті команда 2 өңірлік менеджерден тұрды (Qazinnovations-тен 1 менеджер, Astana Hub-тан 1 менеджер). QazInnovations өңірлік менеджерлерінің функционалына инновациялық жобаларды іздеу және тарту, мүдделі тұлғалармен кездесулерді ұйымдастыру және жобаларды таныстыру үшін іс-шараларды ұйымдастыру, инновациялық бағдарламалардың түрлері, оқыту семинарлары бойынша консультациялар өткізу, менторлық және трекерлік жүргізу кірді.

- Qazinnovations, Astana Hub, ЖАО, жергілікті телеарналар ақпараттық ресурстары, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі блогерлермен 120 интеграция арқылы PR қолдау жүргізілді.

Семинарларға 7000-нан астам адам қатысты, бағдарламаға 700-ден астам өтінім берілді, 500-ден астам команда инкубациядан өткені туралы сертификат алды, 200-ден астам жоба Demo day-ге қатысты және 10 аймақта 100 жеңімпаз жарияланды.

Сондай-ақ, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларында инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша өткізілетін іс-шаралар шеңберінде инкубациялық бағдарламалар іске асырылды. «Demo day» іс-шарасына 46 стартап идея дайындалды.

Инкубациялық бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тренингтер (біліктілікті арттыру) жүргізілді, 155 адам тиісті сертификаттар алды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылғы 26 мамырдағы                    № 187/НҚ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің көрсететін қызметтерін қоспағанда, бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ осындай көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қағидаларға өзгерістер енгізілгеннен кейін бизнес-инкубаторларды іріктеу бойынша конкурс өткізілді, 37 өтінім қабылданды. Конкурс қорытындысы бойынша 19 бизнес-инкубатормен шарттар жасалды:

Жоспарланған нәтижелер:

- кем дегенде 38 тегін бизнес-инкубация/акселерация бағдарламасы;

- 570-тен астам жоба, олардың көпшілігі болашақта мемлекеттік және жеке қолдау шараларын алуға арналған конкурстарға қатыса алады;

- кем дегенде 95 әлеуетті инвесторды тарта отырып, 38-ден астам Demo day (қаржыландыру алу мүмкіндігімен жобаның соңғы презентациясы) - инновациялық қызметті танымал ету мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілерде 950-ден астам жарияланымдар;

- 200-ден астам жоғары білікті спикерлер, менторлар мен трекерлер тартылды.

Сондай-ақ, Министрлік 2015 жылғы 09 маусымдағы №8463-KZ Қарыз туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық даму және қайта құру банкі арасында «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыруда (http://fpip.kz/index.php/ru/).

Жобаның мақсаты - жоғары сапалы, ел үшін өзекті зерттеулерді жүргізу мен технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру.

Жоба аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

-   2015-2023 жылдар аралығында гранттық бағдарламалар бойынша 14 конкурс өткізілді;

-   12,1 млрд. теңге сомасына 77 инновациялық стартап қаржыландырылды;

-   2,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 21%-ды құрайды;

-   өнімдерді сату бойынша сома шамамен 15,4 млрд. теңгені құрады; 

-   400-ден астам жұмыс орны құрылды;

-   зияткерлік меншік авторлары мен ғылыми әзірлемелерді пайдаланатын кәсіпорындар арасында 8 лицензиялық келісім жасалды; 

-   лицензиялық келісімдер бойынша роялтиден ғалымдардың жалпы табысы (ғалымдарға авторлық сыйақы) 20 млн.теңгені құрады.

- барлық қаржыландырылған кіші жобалар бойынша 16,5 млрд. теңге сомасына сату түрінде коммерцияландыруға қол жеткізілді;

- көрсетілген кезеңде мемлекеттік бюджетке салық түріндегі түсімдер 2 млрд. теңгеден асты. 

Сонымен қатар, seed кезеңдерінде жеке венчурлік капиталды ынталандыру үшін Дүниежүзілік банкпен жалпы сомасы шамамен
20 млн. АҚШ долларын құрайтын отандық венчурлік ерте қаржыландыру қорын құру туралы келісімдер ұзартылды.

Технологиялық кәсіпорындарды қаржыландыру жүйесін мемлекеттік қолдау мақсатында, атап айтқанда, венчурлік ерте қаржыландыру қорын құру мақсатында 2021 жылғы 15 желтоқсанда АХҚО юрисдикциясымен Tumar Ventures Fund Венчурлік ерте қаржыландыру қоры құрылды (лицензия алынды), мұнда ЦДИАӨМ және жеке инвестор шектеулі серіктестер болып табылады, ал бас серіктес Қордың операциялық қызметін жүргізетін White Hill Capital басқарушы компаниясы болып табылады. Басқарушы компаниямен Серіктестік туралы келісімге 2021 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылды. Қор елдің венчурлік экожүйесін дамытуға және инновациялық жобаларға жеке инвестицияларды тартуға бағытталған.

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қор инвестициялық портфельді қалыптастыру мақсатында стартап-компанияларды іріктеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда Бас серіктес алты стартаппен (Zypl.ai; CodiPlay; iTulek; ZanBar Pro; JobCannon; Daryn.Ineline) жалпы сомасы 5,6 млн. АҚШ доллары инвестициялық келісімдерге (SAFE, SPA, CLA) қол қойды.

Қарыз туралы келісімде негізгі мақсаты негізгі мүдделі тараптар,                 сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар арасында экономиканың мемлекеттік және жеке секторларында инновацияларды енгізу процесін қадағалау бойынша платформаны әзірлеу және іске қосу арқылы үйлестіруді жақсартуға жәрдемдесуге бағытталған Инновациялық обсерваторияны (бұдан әрі - ИО) құру көзделген.

Атқарылған жұмыс:

Инновациялық обсерваторияның жылдық есебі әзірленді: ҚР ҰИЖ бойынша ағымдағы ахуалды талдау, әлемдік трендтерді, мемлекеттік қолдау шараларын талдау, сондай-ақ ұлттық инновациялық жүйені жақсарту жөніндегі, оның ішінде Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициясын жақсарту жөніндегі ұсынымдар негізінде инновациялық даму бойынша индексті есептеу әдістемесі қалыптастырылды.

Инновациялық обсерваторияның ақпараттық-талдау жүйесінің тұжырымдамасына сәйкес «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесіне техникалық тапсырма әзірленді.

Сондай-ақ, ЦДИАӨМ қолдауымен Қазақстанда Индустрия 4.0 экожүйесін дамыту мақсатында Tech Garden (бұдан әрі – АКҚ) брендімен жұмыс істейтін «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізетінін атап өткен жөн:

  1. Жер қойнауын пайдаланушылардың «ИТП» инновациялық кластерінің ЖЖТ/ӨШ кемінде 1% мөлшерінде жобаларды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінен нысаналы қорды қалыптастыру («ИТП» ИК туралы» ҚР 10.06.2014 ж. № 207-V Заңына сәйкес);
  2. Басым бағыттар бойынша «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері (бұдан әрі – «ИТП» ИК) қатысушыларының жобаларын қаржыландыру;
  3. Эко-жүйені дамыту бағдарламаларын іске асыру;
  4. АКҚ портфельдік жобаларын дамыту. 

Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерінен нысаналы қорды қалыптастыру шеңберінде 2015-2023 ж. қыркүйек аралығында ҚР жер қойнауын пайдаланушылар АКҚ-мен жалпы сомасы 36,2 млрд. теңгеге 295 шарт, 2023 жылы 2,1 млрд. теңгеге 16 шарт жасасты. 

АКҚ «ИТП» ИК қатысушыларының 19,8 млрд теңге сомасына 209 жобасын қаржыландырды, оның ішінде Индустрия 4.0 бағыты бойынша 8,2 млрд теңге сомасына 67 жоба (жалпы санынан 32%) қаржыландырылды.

 

Документы
Заң
04 июля 2018
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам венчурного финансирования
Кодекс
29 октября 2015
Корпоративтік басқару департаменті
Инновацияларды дамыту департаменті
Предпринимательский кодекс Республики Казахстан
Заң
10 июня 2014
ҚР ЦДИАӨМ Заң департаменті
Инновацияларды дамыту департаменті
Об инновационном кластере "Парк инновационных технологий"
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Министр Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі бойынша қорытынды баспасөз конференция
1
Министр Асқар Жұмағалиевтің халық алдында есеп беру кездесуі
События
31 января
«Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» Халықаралық форумы
24 октября
«Digital Bridge» Next Tech Entrepreneur Forum’19
Реализуемые проекты
«Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі» жобасы
Перейти
"Smart Data Ukimet " Жобасы
Перейти
Услуги
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру
Организации
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"QazInnovations" Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік " АҚ
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары