Инструкция
Егер ЖШС тіркеген болсаңыз, онда:
- Салық салудың жеңілдетілген режимін қолданғысы келетін субъектілер үшін тіркелгеннен кейін 20 жұмыс күні ішінде "қолданылатын салық салу режимі" туралы хабарлама салықтық өтінішін беру. Әйтпесе, олар автоматты түрде жалпы салық режимінде болады.
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға (ЭЦҚ);
- Лицензиялауға жататын қызмет түрін таңдаған жағдайда осы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға;
- Егер айналым мөлшері күнтізбелік жыл ішінде АЕК 10000 еселенген мөлшерінен асып кетсе, ҚҚС бойынша есепке тұруға;
- Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны сатып алу және есепке қоюға;
- Мөрге тапсырыс беруге;
- Ұлттық статистика бюросының сайтында есеп түрлерімен танысуға кеңес береміз.
Дата обновления - 30.01.2026