ХҚКО арқылы ЖШС қалай тіркеуге болады

Инструкция

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын ЗТ тіркеу үшін:

  • толтырылған өтініш;
  • банктік шот ашу және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы өтініш (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынасына кірмей жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда) беріледі.

Сондай-ақ тіркеу үшін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат ұсынылады.

ЗТ мемлекеттік тіркеу туралы анықтама берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Анықтамада оның берілген күні, тіркеуші орган, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары мен құрылтайшылары туралы мәліметтер болады.

{"id":16865,"source_id":3006,"title":"Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама","service_code":"P30.01","service_link":"http://egov.kz/services/P30.01/"}
Дата обновления - 29.02.2024
Справочная информация
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР ЗаңыСалық КодексіХҚКО мекенжайыЗаңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
6368