Құрылтай құжаттарын жасау

Инструкция

ЖШС тіркеу алдында құрылтайшылар Құрылтай шартын құрады, жарғыны бекітеді, қажет болған жағдайда жарғылық капиталға енгізу үшін мүлікті анықтайды.

Құрылтай шарты

Егер ЖШС жалғыз қатысушы болып құрылса, онда бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

ЖШС-ті құру кезінде бірнеше құрылтайшылармен құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады, әрбір құрылтайшымен немесе оның уәкілетті өкілімен қол қойылады  және нотариалды куәландырылады.

Жарғы

Одан кейін жарғы – заңды тұлға ретінде ЖШС-нің құқықтық мәртебесін анықтайтын құжат бекітіледі.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын ЖШС тіркеу кезінде тиісті өтінішті қоса бере отырып, өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыра алады.

Жарғы банк шотын ашу, мемлекеттік сатып алуға қатысу және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде талап етілуі мүмкін.

Жарғылық капитал

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталдың мөлшері заңды тұлға құрылған кезде нөлге тең болады.

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады.

Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарының сомасына тең және құжаттарды ұсынған күнде 100 АЕК баламалы сомадан кем болмауы тиіс.

Қатысушының ЖШС-ның жарғылық капиталына салымы ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін. Егер мұндай салымның құны 20 000 АЕК баламалы сомадан асып кетсе, баға бағалаушымен растауы тиіс.

Дата обновления - 29.02.2024
Справочная информация
Азаматтық кодексіҚазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуіріндегі «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы вах с ограниченной и дополнительной ответственностью» (п.5 ст.19)
15105