Енді Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) толықтай онлайн режимде тіркеуге болады.
Ол үшін сізге eGov Mobile қосымшасында қолданатын ЭЦҚ және eGov Business қосымшасы қажет.
Қадамдық нұсқаулық
- Орнату және авторизация. App Store немесе Google Play арқылы eGov Business қосымшасын жүктеп алыңыз. ЭЦҚ көмегімен жүйеге кіріңіз.
- Жеке кабинетке кіру. «Менің бизнесім» бөліміне өтіңіз. Егер сізде әлі ЖШС болмаса, қосымша автоматты түрде тіркеу рәсімінен өтуді ұсынады.
- ЖШС тіркеу. Өтінішті толтырғанда бірізді түрде мына мәліметтерді көрсетіңіз:
- Кәсіпкерлік түрі — шағын немесе орта бизнес;
- ЖШС атауы — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- Басшы туралы мәліметтер — ЖСН, тағайындау туралы құжаттың күні мен нөмірі;
- Жарғылық капитал — мөлшері және енгізу нысаны;
- Құрылтайшылар туралы деректер — ЖШС құруға қатысатын барлық жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер;
- Заңды тұлғаның орналасқан жері — заңды мекенжай;
- Негізгі қызмет түрі — ОКЭД классификаторы бойынша таңдалады.
- Қол қою және жіберу. Барлық енгізілген деректерді тексеріңіз және өтінішті өз ЭЦҚ-ңызбен қол қойыңыз.. Өтініш тіркеу үшін уәкілетті органдарға жіберіледі.