Мүгедектік мерзімі

Инструкция

Мүгедектік төмендегі мерзімдерге белгіленеді:

  • 7 жасқа дейінгі адамдарға - 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және жеті жасқа толғанға дейін;
  • 7 жастан 18 жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және 18 жасқа толғанға дейін;
  • 18 жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз.

Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

  • Қайтымсыз анатомиялық ақаулар тізбесіне сәйкес;
  • организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде 5 жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде 6 жыл динамикалық қадағалаған кезде;
  • зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.
Дата обновления - 22.04.2022
Справочная информация
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары
1204