Медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту (МӘС)

Инструкция

Мүгедектікті белгілеу үшін бастапқыда тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгіну керек. Онда бейінді дәрігерлер диагностика жүргізеді және диагноз мен функционалдық бұзылулар дәрежесін белгілейді.

Организм функцияларының тұрақты бұзылуы болған жағдайда, медициналық ұйымдар анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жібереді.

МӘС Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (МӘС бөлімшелері) жүргізеді. Олардың мамандарымен организм функциясының бұзылуы мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесiн қарау, бағалау, оның ішінде еңбекке қабілеттілігі және ұсынылған құжаттарды (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және басқа да деректер) қарау негізінде алқалық сараптамалық қорытынды енгізеді.

МӘС тұрақты тұратын жері бойынша, бірақ бірқатар жағдайларда дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы бойынша үйде, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, тергеу изоляторларында немесе сырттай жүргізіледі.

Дата обновления - 22.04.2022
Справочная информация
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары
751