МӘС өту үшін қажетті құжаттар

Инструкция

Куәландыру төмендегі құжаттарды ұсына отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізуге өтініш бойынша жүргізіледі:

  1. медициналық-әлеуметтік сараптамаға жөнелтпе хаты;
  2. медициналық ұйым әзірлеген жағдайда мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесі;
  3. куәландырылушының жеке куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
  4. мекенжай анықтамасы не ауыл әкімінің анықтамасы не адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында болу фактісін растайтын анықтама (еркін нысанда);
  5. аурудың динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы. Болған жағдайда - ауру тарихынан үзінді көшірмелердің, мамандардың қорытындылары мен тексеру нәтижелерінің көшірмелері.

 Бұдан басқа, белгілі бір жағдайларда төмендегілер ұсынылады:

  1. бекітілген медициналық ұйымға бекіту анықтамасының (талонының) көшірмесі - тұрғылықты (тіркелген) жерінен тыс медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымына бекітілген жағдайда;
  2. еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) – сараптамалық қорытынды туралы деректерді енгізу үшін жұмыс істейтін адам ұсынады;
  3. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс берушімен толтырылады) – алғашқы куәландыру кезінде еңбек етуге қабілетті жастағы адам ұсынады (бар болса), өндірістік жарақаттар немесе кәсіптік аурулар болған жағдайларда ұсыну міндетті;
  4. ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей ұсынылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы – консультацияға жіберілген, үйде, стационарда немесе сырттай куәландыру қажет болған немесе ОЖБ қалыптастыруға немесе түзетуге жіберілген жағдайларда;
  5. міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісі расталған құжаты – әлеуметтік қаупі бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу (ЖЕА) дәрежесін бастапқы белгілеу жағдайында ұсынылады;
  6. еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесі және түпнұсқасы – өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;
  7. Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар ұлттық орталығының берілгеніне екі жылдан аспаған қорытындысының көшірмесі және түпнұсқасы (еркін нысанда) – кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;
  8. себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы – жараланумен, контузиямен, жарақаттанумен, мертігумен, аурумен байланысты мүгедектіктің себебін айқындау үшін бір рет ұсынылады;
  9. еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы соттың шешімінің көшірмесі және түпнұсқасы – жұмыс беруші-дара кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда өндірістік жарақат алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынады;
  10. мүгедектің тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі – ОЖБ-ның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға арналған әлеуметтік және кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін мүгедек немесе оның заңды өкілі ұсынады. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі жергілікті орындаушы органдардың мамандарымен жүргізіледі;
  11. заңды өкілімен өтінішті жіберу кезінде - қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеген жағдайда, оның жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі, қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеуді растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі ұсынылады;
  12. денсаулық жағдайы нашарлаған кезде мүгедектіктің себебін өзгерту мақсатында дәйексіз құжаттарды ұсыну, сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактілері анықталған кезде мерзімінен бұрын қайта куәландырған жағдайда - мүгедектігі туралы анықтама және жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама ұсынылады;
  13. атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі - куәландырылатын адам атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуден өткізген жағдайларда қайта куәладандыру кезінде ұсынылады.

Егер тізбеде көрсетілген  құжатардағы мәлімет мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған және электрондық форматта сұратылған жағдайда, оны ұсыну керек емес.

Дата обновления - 22.04.2022
Справочная информация
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларыҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу жөніндегі нысандарды бекіту туралы" бұйрығы»
600