Мүгедектікті белгілеу критерийлері

Инструкция

Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, ал 7  жасқа дейінгі адамға «мүгедек бала» санаты, ал 7 жастан 18 жасқа дейінгі адамға бірінші, екінші, үшінші топтағы «мүгедек бала» санаты белгіленеді.

Тіршілік-тынысының төмендегі санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын білінетін бұзылуы бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:

  1. үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  2. үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  3. үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  4. үшінші дәрежедегі оқуға;
  5. үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
  6. үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  7. үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Тіршілік-тынысының төмендегі санаттарының бірінің айқын білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты білінетін бұзылуы екінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:

  1. екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  2. екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  3. екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  4. екінші дәрежедегі оқуға;
  5. екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
  6. екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  7. екінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.

Тіршілік-тынысының төмендегі санаттары бірінің шамалы білінетін шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу үшін критерий болып табылады:

  1. бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
  2. бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
  3. бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
  4. бірінші дәрежедегі оқуға;
  5. бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білуге;
  6. бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
  7. бірінші дәрежелі өзінің мінез-құлқын бақылауға.
Дата обновления - 22.04.2022
Справочная информация
632