Басқа елге көшу – қиын, машақатты, шығынды іс, сондықтан оған барлық жауапкершілік тұрғысынан қарау қажет.
Егер Сізге шетелге кету қажет болып және кетуге мүмкіндік туындаса, яғни оны құжат түрінде ресімдеудің екі тәсілі бар:
Осы материалда екі тәсіл бойынша құжаттарды ресімдеу үшін не істеу керектігі туралы айтамыз.
Азататтықтан шығу кезінде өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды алуға сіздің құқығыңыз бар. Ол үшін Зейнетақы тағайындау туралы шарт жасалған БЖЗҚ филиалына жүгініп, қажетті құжаттарды төменде көрсетілген 3 тәсілмен ұсыну қажет.
Зейнетақы жинақтарын алушының БЖЗҚ офисіне жеке жүгінуі кезінде:
Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы (құжаттар БЖЗҚ офисіне сенім білдірілген/заңды өкілінің жеке жүгінуі кезінде ғана қабылданады):
Почта байланысы арқылы:
* – егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет.
Шетелге шығуға тыйым салудың бар-жоғын тексеру aisoip.adilet.gov.kz сайтында қолжетміді.
Айыппұлдар мен басқа да берешектерді «Kaspi.kz» қосымшасында немесе Қазақстан Республикасының әуежайларында орналасқан «Қазпошта» АҚ терминалдарында төлеуге болады.
Егер Сіз Қазақстан азаматтығынан шықпай шетелге тұруға көшкіңіз келсе, онда Сізге тұрақты тұрғылықты жерге (ТТЖ) кетуге рұқсат алу қажет.
Оны алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) төмендегі құжаттармен жүгіну қажет болады:
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiштi он сегіз жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар он алты жастан бере алады. Балалардың және сот әрекетке қабiлетсіз деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi. Құжаттар қолма-қол берілуі тиіс.
Құжаттарды ресімдеу кезінде Қазақстаннан кетуге тыйым салудың болуына тексеруден өту қажет екенін атап өтеміз.
Нәтиже, яғни Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім өтініш берілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде дайын болады.
Азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарау мерзімі жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, шет елдердегі мекемелерде, Сыртқы істер министрлігінде, Ішкі істер министрлігінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы органдардың әрқайсысында бір айдан, яғни 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Өтінішхатты қарау нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу немесе азаматтықтан шығуға бас тарту туралы анықтама (қағаз жеткізгіште) беріледі.
Егер сіз Қазақстаннан шетелге уақытша істеріңіз бойынша кетіп және ол жерде ТТЖ-ға қалу ниетіңіз болған жағдайда, келесі құжаттармен Қазақстан консулдығына жүгінуіңіз қажет:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болмаған, жоғалған немесе қолдану мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші түсініктеме береді. Құжаттар пакетін алғаннан кейін шетелдегі мекеме оны өтініш берушінің соңғы тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер органына жібереді.
Одан әрі, Ішкі істер органы келіп түскен құжаттарды қарайды және Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге рұқсатты ресімдеу туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының шетелде тұрақты тұратын азаматтары (яғни тұру еліндегі қазақстандық консулдық мекемелерде есепте тұратын және тұрғылықты тұру орнына шетелге шығуға рұқсат алғандар, Қазақстан ішкі істер органдарында тіркеуден шыққандар), Қазақстан Республикасының Президентінің атына қазақстандық консулдық мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтініш береді.
Келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі:
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға және өтініш берушінің жұбайынан (зайыбынан) немесе оның асырауындағы Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан материалдық және басқа да талаптардың жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш-келісім не олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері, азаматты қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі.
18 жасқа толмаған, сондай-ақ әрекет етуге қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариалды куәландырған, ал басқа мемлекеттерде – шет елдердегі мекеме куәландырған өтініші бойынша баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар мен қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы шешімінің көшірмесін ұсынады) не әрекет етуге қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатымен бірге қаралады.
14-тен 18 жасқа дейінгі жастағы баланың азаматтығын өзгерту мәселелері бойынша өтініш берген кезде оның жазбаша нысанда көрсетілуге және нотариалды куәландырылуға, ал басқа мемлекеттерде – шетелдік мекеме куәландырылуға тиіс келісімі міндетті.
Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде не нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілген өзге тілде жасалуы тиіс.
Өтініш беруші отбасының әрбір мүшесіне жеке қорытынды жасалады.
Егер Сіз Қазақстан Республикасының азамттығынан түпкілікті шығып, шетелге кетуге шешім қабылдаған болсаңыз, онда ҚР ІІМ аумақтық бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет. Келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі:
Азаматтықтан шығу туралы қорытындыларда ішкі істер органы келесі мәліметтерді көрсетеді:
Егер жоғарыда көрсетілген тармақтардың бірі бойынша Сізде проблема болса, онда азаматтықтан шығу туралы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартылады.