Шетелде тұратын азаматтардың азаматтықтан шығуы

Инструкция

Қазақстан Республикасының шетелде тұрақты тұратын азаматтары (яғни тұру еліндегі қазақстандық консулдық мекемелерде есепте тұратын және тұрғылықты тұру орнына шетелге шығуға рұқсат алғандар, Қазақстан  ішкі істер органдарында тіркеуден шыққандар),  Қазақстан Республикасының Президентінің атына қазақстандық консулдық мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтініш береді.

Келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі:

  • сауалнама-өтініш;
  • өмірбаян (өз қолымен жасалған);
  • өлшемі 3,5 х 4,5 сантиметр фотосурет;
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген тұрақты тұруға шығуға рұқсат;
  • соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама; 
  • балалардың туу және неке қию туралы куәліктерінің көшірмелері (бар болса);
  • шетел азаматтығын алу мүмкіндігін растайтын құжат;
  • консулдық алымды төлеу туралы құжат;

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға және өтініш берушінің жұбайынан (зайыбынан) немесе оның асырауындағы Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан материалдық және басқа да талаптардың жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініш-келісім не олардың қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері, азаматты қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ әрекет етуге қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариалды куәландырған, ал басқа мемлекеттерде – шет елдердегі мекеме куәландырған өтініші бойынша баланың туу туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар мен қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы шешімінің көшірмесін ұсынады) не әрекет етуге қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатымен  бірге қаралады.

14-тен 18 жасқа дейінгі жастағы баланың азаматтығын өзгерту мәселелері бойынша өтініш берген кезде оның жазбаша нысанда көрсетілуге және нотариалды куәландырылуға, ал басқа мемлекеттерде – шетелдік мекеме куәландырылуға тиіс келісімі міндетті.

Құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде не нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілген өзге тілде жасалуы тиіс.

Өтініш беруші отбасының әрбір мүшесіне жеке қорытынды жасалады.

Дата обновления - 15.11.2023
Справочная информация
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң«Халықтың көші-қоны туралы» Заң«Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» ережеКонтакты дипломатических представительств и консульств Казахстана за рубежом
1558