Қазақстанда тұрған кезде ТТЖ-ға кетуді ресімдеу

Инструкция

Егер Сіз Қазақстан азаматтығынан шықпай шетелге тұруға көшкіңіз келсе, онда Сізге тұрақты тұрғылықты жерге (ТТЖ) кетуге рұқсат алу қажет.

Оны алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ филиалына (ХҚКО) төмендегі құжаттармен жүгіну қажет болады:

  1. өтініш-сауалнама;
  2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты;
  3. Егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі;
  4. ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
  5. әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама;
  6. он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Ата-анасының бірінің келісімі болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;
  7. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек – 1 АЕК.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету туралы өтiнiштi он сегіз жасқа толған адамдар, ал некеде тұрған адамдар он алты жастан бере алады. Балалардың және сот әрекетке қабiлетсіз деп таныған азаматтардың құжаттарын олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) бередi. Құжаттар қолма-қол берілуі тиіс.

Құжаттарды ресімдеу кезінде Қазақстаннан кетуге тыйым салудың болуына тексеруден өту қажет екенін атап өтеміз.  

Нәтиже, яғни Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде дайын болады.

Дата обновления - 15.11.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларыКонтакты НАО ГК «Правительство для граждан» (ЦОН)
2018