Азататтықтан шығу кезінде зейнетақы жинақтарын алу

Инструкция

Азататтықтан шығу кезінде өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды алуға сіздің құқығыңыз бар. Ол үшін Зейнетақы тағайындау туралы шарт жасалған БЖЗҚ филиалына жүгініп, қажетті құжаттарды төменде көрсетілген 3 тәсілмен ұсыну қажет. 

Зейнетақы жинақтарын алушының БЖЗҚ офисіне жеке жүгінуі кезінде:

  • шетелдік паспорттың көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • алушының банк шоты туралы анықтама.

 Сенім білдірілген/заңды өкілі арқылы (құжаттар БЖЗҚ офисіне сенім білдірілген/заңды өкілінің жеке жүгінуі кезінде ғана қабылданады):

  • шетелдік паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе;
  • сенім білдірілген/заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және оны салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • нотариалдық* куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалдық* куәландырылған көшірмесі немесе заңды өкілі жүгінген жағдайда – заңды өкілдің куәлігі/ заңды өкілді тағайындау туралы анықтама;
  • алушының банк шоты туралы мәліметі.

Почта байланысы арқылы:

  • БЖЗҚ ішкі құжатында бекітілген  нысанға сәйкес алушы өз бетімен толтыратын зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш   (өтініш бланкісінің өзекті нысаны БЖЗҚ сайтында орналастырылған), бұл ретте  зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштегі алушының қолы нотариалдық*  куәландырылады;
  • шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нотариалдық* куәландырылған көшірмесі *;
  • алушының банк шоты туралы мәліметі.

* –  егер құжаттар түпнұсқалары көшірмелерінің дұрыстығын, алушының өтінімдегі қойылған қолдарының түпнұсқалылығын куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігінде нотариаттық іс-әрекеттер шетел мемлекетінде жасалатын болса, оларды заңдастыру қажет. 

Дата обновления - 15.11.2023
Справочная информация
БЖЗҚ байланыстары
3864