Қазақстан Республикасының азамттығынан шығу

Инструкция

Егер Сіз Қазақстан Республикасының азамттығынан түпкілікті шығып, шетелге кетуге шешім қабылдаған болсаңыз, онда ҚР ІІМ аумақтық бөлімшесіне жүгінуіңіз қажет. Келесі құжаттар өтінішке қоса беріледі:

  1. Қазақстан Республикасының азамттығынан шығу туралы өтініш;
  2. сауалнама –өтініш;
  3. өмірбаян;
  4. өлшемі 3,5х4,5 см үш фотосурет;
  5. балалардың тууы және неке туралы куәліктердің көшірмелері;
  6. әскерге шақырылатын жастағы адамды мерзiмдi әскери қызмет өткеруден босату туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама;
  7. жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ аумақтық атқарушылық іс жүргізу органынан мемлекет алдында орындалмаған міндеттемелерінің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттерінің болуы немесе жоқ екені туралы анықтама;
  8. осы адамдардың материалдық және басқа да шағымдарының жоқтығы туралы нотариалды куәландырылған өтініші (қызмет алушының Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе оның асырауындағы адамдар бар болса);
  9. мемлекеттiк баждың төленгенi түбіртек - 1 АЕК;
  10. нотариалды куәландырылған некенің бұзылғаны, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы, асырап алу, қамқоршылық және қорғаншылық (тиісті жергілікті атқарушы органның шешімі), ата-ана құқығынан айыру, алимент төлеу туралы құжаттардың көшірмелері;
  11. егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса және олардың біреуі біруақытта азаматтықтан кәмелетке толмаған баласын шығару туралы өтініш бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығатын болса, онда баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына оның тиесілігі айқындалған нотариалды куәландырылған екінші ата-ананың өтініші ұсынылады.

Азаматтықтан шығу туралы қорытындыларда ішкі істер органы келесі мәліметтерді көрсетеді:

  1. мемлекет алдында атқарылмаған міндеттердің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелерінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  2. айыпталушы ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы ;
  3. сіздің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуыңыз мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмейтіні туралы.

Егер жоғарыда көрсетілген тармақтардың бірі бойынша Сізде проблема болса, онда азаматтықтан шығу туралы өтінішіңізді қабылдаудан бас тартылады.

Дата обновления - 15.11.2023
Справочная информация
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң«Халықтың көші-қоны туралы» Заң«Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» ереже
1653