Тұрғын үй көмегін онлайн қалай алуға болады?

Инструкция

Табысы аз, оның қомақты бөлігін коммуналдық төлемдерге жұмсайтын отбасылар, Қазақстан азаматтары мемлекеттен тұрғын үй көмегін алуға құқылы. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға тағайындалуы мүмкін.

сервис арқылы тұрғын үй көмегіне жүгіне аласыз. Электрондық өтінішке мыналар қоса берілуі керек:

  • отбасының табысын растайтын құжаттар;
  • жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
  • балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент төлеу туралы мәліметтер;
  • банк шоты;
  • тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар сомасы бойынша шоттар;
  • коммуналдық төлемдер;
  • телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот-фактура немесе телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
  • жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот-фактура.

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама «жеке кабинетке» 8 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Тұрғын үй көмегін алушылардың екінші деңгейлі банктерде ашқан шоттарына төленеді.

Дата обновления - 03.08.2023
Справочная информация
- Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы
880