Қазақстанда В және С гепатитін қалай тегін емдейді?
ЖүктеуКіріспе
В және С вирустық гепатиттері — бауырды зақымдайтын инфекциялық аурулар. Созылмалы түрде өткен жағдайда олар бауыр фиброзының, циррозының және обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Қазақстанда В және С вирустық гепатиттері бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, клиникалық хаттамаларға және медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Белгіленген шарттар сақталған жағдайда зерттеп-қараудың белгілі бір түрлері мен дәрілік препараттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде тегін ұсынылады.
Бұл материалда гепатитке күдік туындаған жағдайда қайда жүгіну, медициналық зерттеп-қараудан қалай өту, маманға жолдаманы қалай алу және тегін емделу мүмкіндігі туралы қалай білу керектігі түсіндіріледі.
