С гепатитіне қарсы вакцина әлі жоқ. 
Келесі ережелерді әрқашан есте сақтау керек:
- С гепатиті вирусын жұқтырғандар ешқашан екінші тұлғаларға қанның ізі қалуы мүмкін жеке тұрмыстық заттарды (мысалы, ұстаралар, тіс щеткалары, маникюр қайшылары) пайдалануға бермеуі тиіс;
 
- татуировка немесе пирсинг жасайтын адамдар жұқтыру қаупі бар, өйткені басқа адамдардың қаны аспаптарда қалуы мүмкін;
 
- С гепатитімен ауыратын немесе ауырып жазылған адамдар қан, ағзалар мен тіндердің донорлары бола алмайды;
 
- тері зақымданған және қан бөлінетін адамға медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жойылуы қажет бір реттік медициналық қолғаптарды пайдалану қажет.