Қазақстанда ҚР Конституциясымен кепілдік берілген 29-баптың шеңберінде В немесе С гепатиті вирусын жұқтырған азаматтардың барлық санаттары үшін (ерекшелік болмастан) көрсетілімдері болған және қарсы көрсетілімдері болмаған кезде республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын вирусқа қарсы терапия, яғни тегін жүргізіледі.
Жалғыз шарт - пациенттің тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда диспансерлік есепте ( бұдан әрі - ДЕ) тұруы. ДЕ - диспансерлік есептің қысқартылған атауы. Картада мұндай белгі созылмалы ауруы, мысалы, қант диабеті, гипертония, асқазан жарасы немесе С гепатитімен ауыратын адамдарға қойылады. Бұл науқасты үнемі тексеру қажеттілігін білдіреді.
Сондай-ақ, азаматтарға жеке тәртіпте емделуге мүмкіндік беріледі.