Алғаш келген пациентті есепке қою кезінде мынадай зерттеулер тізбесі қажет:
- ИФА талдау (Hbsag. aHCV)
 
- ПТР сапалы тесті (оң HBsag кезінде – ВВГ ДНК сапалы тест, оң aHCV кезінде – СВГ РНК сапалы тест)
 
- Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, жалпы және тікелей билирубин, ГГТП, ЩФ)
 
- Тромбоциттермен қанның жалпы талдауы
 
- Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ (соңғы 6 айдағысы болған жағдайда)
 
- Учаскелік терапевт/инфекционисттен Гепатоорталықтың инфекционист/гастроэнтерологының консультациясына жолдама.
 
Диагноз және емдеу туралы, оның ішінде тамақтануды қалыпқа келтіру және өмір салтын өзгерту туралы толық түсінік аласыз.
Қажет болған жағдайда гепатолог қосымша зерттеулер тағайындай алады.