Инфекцияны болдырмаудың сенімді әдісі - В гепатитіне қарсы вакцинация. Қауіпсіз және сенімді вакциналар бар. 6 ай ішінде вакцинаның үш инъекциясын жүргізу ұсынылады. Кез-келген жастағы адамдар үшін вакцинация жасатуға болады. Әсіресе жұғу қаупі жоғары адамдарға вакцинация өте маңызды.
Келесі ережелерді әрқашан есте сақтау керек:
- егер сізде терінің немесе шырышты қабықтың ең аз зақымдалуымен кез-келген хирургиялық араласу жоспарланған болса, міндетті түрде В(D) гепатитінің маркерлеріне ИФТ диагностикасынан өтіңіз;
 
- контрацепцияның тосқауыл әдістері туралы ұмытпаңыз, бұл С гепатитін жұқтыру қаупін едәуір азайтады;
 
- жүкті әйелдер В гепатитіне тексерілуі керек. Анада инфекция анықталған жағдайда, жаңа туған нәрестені туғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта вакцинациялау керек.
 
- В гепатиті вирусын жұқтырғандар ешқашан екінші тұлғаларға қанның ізі қалуы мүмкін жеке тұрмыстық заттарды (мысалы, ұстаралар, тіс щеткалары, маникюр қайшылары) пайдалануға бермеуі тиіс;
 
- татуировка немесе пирсинг жасайтын адамдар жұқтыру қаупі бар, өйткені басқа адамдардың қаны аспаптарда қалуы мүмкін;
 
- В гепатитімен ауыратын немесе ауырып жазылған адамдар қан, ағзалар мен тіндердің донорлары бола алмайды;
 
- тері зақымданған және қан бөлінетін адамға медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жойылуы қажет бір реттік медициналық қолғаптарды пайдалану қажет.