Шетелдікпен неке қию

Инструкция

Егер сіз немесе сіздің болашақ жұбайыңыз шетелдік болса, онда тіркеуші органдағы (АХАТ) неке тіркеу жалпы ережелеріне сәйкес немесе  некеге тұруды қалайтын адамның қай елдің азаматы болса сол елдің Дипломатиялық өкілдігінде, мемлекеттің консулдық мекемесіндегі қағидалар бойынша жүзеге асады.

Қандай құжат дайындау керек

Некені тіркеу үшін ең алдымен неке қию туралы жазбаша берілген өтініш беру қажет.

Шетел азаматы мыналарды қосымша ұсынады:

1. Жеке тұлғаларын куәландыратын құжат

  • Тіркелген некенің жоқтығы туралы анықтама не өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынаннекеге тұруға рұқсат. 
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады.

2. Бекітілген некеге отыру жасты төмендету қажеттілігін растайтын құжат.

3. Қиылатын неке туралы мәлімет.

4. Бар балалар турады мәлімет.

5. Бір-бірінің денсаулығы және материалдық жағдай туралы хабардарлығы  және неке қиюға кедергінің жоқтығы туралы қолхат.

Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариус арқылы расталу қажет.

АХАЖ-да некеге отыру үшін өтініш тапсырған жағдайда шетелдік өз еліндегі құзыретті органнан некеге отыруға рұқсат ұсыну қажет, себебі ондай рұқсат болмаған жағдайда неке шетелдіктің мемлекетінде жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бірақ егер өтініш беруші осындай рұқсатсыз некенің тіркелуін бел буса олардың некелері оған қарамастан тіркеледі. 

Әдеттегідей, өтініш берілгеннен кейін он бес күнтізбелік күн өткен соң міндетті түрде некеге отырушылардың жеке қатысуымен некелері қиылады. Тіркеу процессі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу үшін бекітілген тәртіп бойынша жасалады.

Егер Қазақстан және шетел азаматтары арасында неке ҚР тыс неке қиылып жатқан мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып қиылса, онда бұл неке Қазақстан аумағында жарамды болып саналады.   

Дата обновления - 30.04.2025
Справочная информация
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі, 228-бабыҚазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің байланыстары«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңы
3567