Неке қию шарты

Инструкция

Некеге тұру үшін, екеуіңіздің толық келісіміңіз және әрқайсыңыздың неке жасына жетуіңіз керек, яғни, 18 жасқа толуыңыз қажет.

Неке (ерлі-зайыптылық) жасқа толмаған адамдар немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасқа толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасқа толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) Неке (ерлі-зайыптылық)жасқа толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Мына адамдар арасында некеге тұруға рұқсат етілмейді:

  • бір жыныстағы адамдар;
  • біреуі басқа некеде тұрған адамдар;
  • жақын туыстар;
  • асырап алушылар және асырап алынған балалар және олардың балалары;
  • заңды күшіне енген сот шешімі бойынша, ең болмағанда біреуі психикалық ауруға немесе ақыл-ой кемістігіне байланысты іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар.
Дата обновления - 15.12.2023
Справочная информация
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі
5737