МИБ шығыстар сметасын қабылдау

Инструкция

МИБ құрылғаннан кейін үй тұрғындары жиналыс өткізіп, шығыстар сметасын қабылдауы тиіс.

Ақшаны шатырды, қасбетті және кондоминиум объектісі жалпы мүлкінің басқа да қымбат бөліктерін жөндеу мақсатында күрделі жөндеуге арналған шоттан жұмсауға болады. 

Ал «Тұрғын үйді күтіп ұстауға» шотынан ақша бөлінеді: 30 пайыздан аспайтыны - басқаруға, 70 пайыздан аспайтыны - жалпы мүлікті күтіп ұстауға.  

Пайдалануға қабылданған кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді тапсырыс беруші (құрылысшы), ал жұмыс атқаратын кондоминиум – Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ шерулері мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, жеке меншіктегі пәтерлердің жер учаскілері, тұрғын емес үйлерден, тұрақ орындарынан, қоймалардан басқа көппәтерлі үймен және (немесе) үй жанындағы жер учаскісімен және жалпы пайдаланымдағы басқа да мүлікпен қамтылады).

Кондоминиум объектісін басқаруға келесі шығындар кіреді:

  • қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;
  • кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша төлемдерді басып шығару және өңдеу үшін көрсетілетін қызеттерге ақы төлеу, сондай-ақ күрделі жөндеу, нысаналы жарна үшін жинақтау;
  • берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты шығыстар (нотариаттық қызметтер, почта қызметтері, мемлекеттік баж және т.б.).

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға келесі шығыстар кіреді:

  • ірі көлемді қоқыстарды шығару
Дата обновления - 21.06.2024
Справочная информация
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы
690